Қазақстандықтардың ерлігі

Менің тамырымда қазақтың қаны, жүрегімде қазақтың сезімі, санамда қазақтың ойы сайрап жатыр.
Менің ата –бабам сахара даланың төсінде өсіп, саф ауасымен тыныстанған, қыран құстай еркін , тұлпардай жүйріктігімен танымал, ерлігі дастандарда жырланып, батырлары еліне қамқор болған . Осындай батырлық пен ержүректілікті Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған ата – бабаларымыз-дан да көреміз.
Соңғы деректерге қарасақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңестік республикалардан 27 миллионнан астам адам фашизмнің құрбаны болыпты. Бұл дегеніміз 27 миллион адамның арманы талқандалып, үмітін үсік шалды деген сөз емес пе? Осы миллиондаған халықтың ішінде 410 мыңдай қазақтың шығыны туралы ғана мәлімет берілген . Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар туралы анықтама берілмеген. Қуғын –сүргіннен аман қалған қазақ зиялыларының майданға аттанып мерт болғандары туралы да нақты деректер жоқ. Бұлардың арасында Отанына адал қызмет етіп, елін, туған жерін көркейтуге үлес қосатын нағыз ғалым, ақын-жазушы, өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері, жаңашыл жастардың мезгілсіз мерт болғанын білгенде өзегіңді өрт өртейді. Тыныш жатқан бейбіт елдің мазасын алып , шырқын бұзған, өздерін басқалардан жоғары санаған, менменшіл, қанжүрек фашизмге лағнет айтқың келеді.......
Шығармалар
Толық