Жеңіс туы

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды.Олардың жетекшісі Адольф Гитлер Германияда қатаң тәртіп орнатады. Гитлер КСРО-ны басып алу мақсатында «Барборосса» атты жоспар құрады. Ең алдымен КСРО-ның батысына шабуыл жасап, Украина, Белоруссия, Ресейдің еуропалық бөлігі Мәскеуге дейінгі аумақ түгел жаудың қолында қалады. Ал КСРО-ның әскері кері шегінеді.Себебі: соғыс басталғанда репресиялық уақыт болған.Сол кезде ең жақсы деген офицерлер ату жазасына кесілген болатын. Соның әсерінен армияны басқаратын талантты командирлер қалмады. Кейін шегінген әскер Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді.Мәскеу тұрғындары түгелдей сапқа тұрып қорғауға шықты. Осы шайқаста Қазақстанда құрылған 316-атқыштар дивизиясы қатысады. Бұл дивизияны генерал-майор И.В.Панфилов басқарады.И.В.Панфилов Мәскеуді қорғау кезінде үлкен ерлік жасап қаза табады. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия жауынгерлері өздерін панфиловшылар деп атаған. 28 батыр жаудың 20, содан кейін 30 танкісін 4сағат бойы қалаға жібермей ұстап тұрып қаза табады. 28панфиловшылардың барлығына Кеңес Одағының батыры деген атақ беріледі. Осы Мәскеу үшін шайқастарда белгілі қазақ батыры аға- лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері үлкен ерлік көрсетеді. Мәскеу үшін шайқастарда Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров т.б. жауынгерлер мемлекеттік наградаларға ие болған.
Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала – Ленинградты қорғаудағы және азат етудегі кеңес халқының ерен де ерлікке толы батырлығы ерекше........
Шығармалар
Толық