Мен – Қазақстанның патриотымын

Әр адамда өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Тағдырына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасиетті болса да...
«Патриот» деген сөз туған жер , туған тіл, туған дәстүр, туған тарихтың ажырамас бөлігі іспетті. Мен үшін жоғарыда айтылған құдіретті төрт ана адамның бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын ең негізгі бөліктер. Патриот – өз Отанын, оның халқын сүйе біліп, сол халқының тілін, дінін, салт-дәстүрін қастерлей білетін, еліміздің болашағы, мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын нағыз ұлтжанды адам.......
Шығармалар
Толық

Менің Отаным - менің мақтанышым

Уа, туған жер, неткен байтақ, ұлы едің,
Дүние есігін өзіңмен ашып, өзіңде өсіп келемін...
Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұлдың үні мен аққудың қикулаған даусы құлағыма келеді......
Отан... Бұл сөз әр адамның жанына жақын , жүрегіне жылы тиер сөз. Кімге де болсын қымбат ұғым. Қазақ жері жүрегі қазақ деп соққан әр азамат үшін қастерлі. Ұлы мекенімізді бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғады . Ғасырлар бойы ұрпағына мұра болған жер.......
Шығармалар
Толық

Менің Отаным – Қазақстан

Біздің ел – Қазақстан Республикасы – бұл жүзден астам адамдар тұратын ел: орыстар, қазақтар, немістер, украинецтер және т.б. Біздің Отанымыздың үлкен және кіші халықтарын есептеуге өте қиын. Қазақстан – бұл барлығымыз үшін Отан. Біздің көбіміз мұнда туды, өмір сүреді, білім алады, біздің Отанды дамыту үшін жұмыс істейді. Қазақстанда он бес миллион адам тұрады . Мында тұрғандардың бәрі тілді, тарихты және қазақ халқының дәстүрін білуге талпынады.Қазақ халқы өте қонақжайлы және Менің Қазақстаным – бұл ең қымбатты, мәнді,......
Шығармалар
Толық

Білім ошақтары – қоғам жетістіктерінің нәтижесі

«Саналы да сапалы,білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің еңі, бақыты сендердің қолдарында деп мен айта аламын.»
Н.Ә.Назарбаев
Қоғам – үздіксіз дамитын жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Осындай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік – мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Әрбір жаңа кезеңді жоғары технологиялардың дамуынан көреміз. Адамдардың алдында қоғам деген не? Ол қалай пайда болды, ол қалай дамыды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде? ......
Шығармалар
Толық

Егемен Қазақстан: өткенге көз тастау және бүгінгі күн.

Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.......
Шығармалар
Толық

«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген»

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,
Мен қазақпын дегенің қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын!
Жетер сан жыл шеккені малдай азап!
Ж. Молдағалиев
Мен кіммін?.. Қандаймын?.. Қайдан келдім?..
Мен - қазақпын! Мен – сонау замандағы дүниежүзін дүр сілкіндірген, Ұлы Рим империясын аяғынан тітіреткен, «Аспан асты елін» үрейлендіріп, қорған салдырған ғұндардың ұрпағымын. Мен – дүниенің төрт бұрышына даңқы кеткен, талай царь, князьдерді тәжім еткізген Ұлы түріктің көк бөрісінен қалған бөлтірігімін.......
Шығармалар
Толық

Туған жерің – түп қазығың

Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін...
Ал, екінші бақытым- тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші- Отан деген,
Құдай деген кім десе- Отан дер ем!
М.Мақатаев
Қазіргі кезде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм бүкіл Қазақстан үшін үлкен мәселе болып келеді. Қазақстан Республикасы Президенті еліміздің халқына жіберген жолдауында «Оқыту үрдесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастылары осы патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, жанның да,......
Шығармалар
Толық

Есірткі - ел қауіпсіздігіне, әлем қауіпсіздігіне төнген қатер.

Есірткі деген сөздің өзі қандай жағымсыз десеңші.
Есірткі бұл – ағзаны шірітіп жоятын химиялық зат. Есірткінің түрлері: олар героин, апиын, экстази таблеткалары, молфин, кокаин жатады. Есірткіні пайдалану, сату, шығару заңға қайшы әрекет. Есірткі грек тілінде – ұйқы деген мағына береді. Есірткі адамдарда есеңгірететін әсері бар, ал ол адамның барлық ағзасынан қатты әсер етеді, денесін жансыздандырады. Есірткі – ол улы зат. Адамдардан өлімге әкеліп соғады.......

Шығармалар
Толық

Мен өз отанымның патриотымын

Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой ...Мүмкүн ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқар Алатаудай болар ма еді !?
Иә әр адамға өз отаны мен туған елінен қымбат ештеңе жоқ шығар. Мен де адал сәби жүрегіммен Қазақ жерін мақтан етемін! «Қазақстан» дегенде менің көзіме небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек , қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы елестейді !......
Шығармалар
Толық

Есірткі - ғасыр дерті

Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кетеді.......
Шығармалар
Толық