Қызықты қысқы демалыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Абай

Иә, шіркін, Абай атам қалайша қыс мезгілін ерекше паш еткен! Менің сүйікті мезгілім қыс келді. Бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады? Қыс- ең тамаша жыл мезгілі.Қыс мезгілі өзіндік аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен,үскірік аязымен ерекше. Бұл мезгілде жер бетін ақ қар басады. Қарша қыз үлпілдеген сәнді көйлегін киіп, айналаға сән бергендей.Қыс мезгілін әсіресе балалар асыға күтеді. Шаналарын арқалап,сырғанақ жасайды. Жүздерінде толған күлкі, қуаныш сәттері.Бұл мезгілді тағы да асыға күтуімнің бір себебі-қысқы демалыс.

Әне-міне дегенше екінші тоқсан да аяқталды. Барлық оқушылар қысқы демалысқа шықты.Мен де көптен күткен қызығы мен қуанышы мол қыстың ғажайып ұмытылмас күндеріне жеттім. Нұрын төккен шуақты күндер маған көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қыс аппақ қарымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Бұл кезде бәріміз Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.Адамдар жылы киімдерін киіп, далада серуендейді. Балалар далаға шанамен сырғанауға, аққала жасауға шығады. Мен сыртқа шығып, достарыммен қар атысып ойнадым. Содан кейін қардан аққала, қорғандар жасадық.Қысқы ойындар, әдемі жерлердегі серуендер өте керемет болды......
Шығармалар
Толық