file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Кенен Әзірбаев (Кененнің Бөдене және Шәйнек деген жеңгелерімен әзіл қағысы)

К е н е н:
Жеңгелер, жүрмісіңдер күйлі-жайлы,
Ішкелі аңсап келдім күрең шайды.
Ауылға көшіргелі келіп тұрмын,
Жатақ қып жатасың ба осы Ақсайды.
Көп боп еді, жеңгелер, көрмегенге,
Сала келдім бір қолқа жеңгелерге.
Ақсайда ағаш бағып отырғанша,
Көшсеңші Қордайдағы туған елге.
Бөдене — Шәйнек:
Орныңыз құтты болсын, болыс қайным,
Кигенің шенел, шәпкі, орыс қайным.
Кедейден өкімет боп шыққаныңда,
Жақсы екен нашарларға болысқаның.
Қош десең тоқсан түйе жиғызып кел,
Құрмет пен парасатты білгізіп кел,
Жүз жорға, ертоқымы ылғи күміс,
Жүз қамшы ер басына ілгізіп кел!......
Өлеңдер
Толық