Отан

Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені ,сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік-атамекен болып саналады.
Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан-сенің туған жерің, ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған жер . Өзіңнің туған-туысқандарыңмен , дос-жарандарыңмен тұратын қасиетті, киелі мекен. Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандаған. Атамекен үшін, туған жер үшін, тәуелсіз ел болу үшін қаншама ата-бабаларымыз тер төкті, жанын қиды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет сияқты батырларымыз, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мағжан,Міржақып сияқты ақындарымыз, жазушыларымыз, Қайрат, Сәбира сияқты апа-ағаларымыз......
Шығармалар
Толық