Мақсат

Мақсат. Қыран құс ұшар шыңының ең биігіне жеткенде қанатын айқара жаяды. Қасқыр отарға шапқанда, бүкіл қойдың біразын бауыздап, айналаны қызыл қан қылып, қырып салып, ішінен біреуін таңдап жейді. Ал, адам ше? Адам мақсатқа жеткенде қалай рақаттанады? Мақсатқа жеткендегі жеңіс дәмі қаншалықты тәтті? Неліктен қиналып қол жеткізген табыс жаныңа жақынырақ, басқа жетістіктерден маңыздырақ болады? Мысалы, мен биыл тоғызыншы оқу жылын бастадым. Биылғы оқу жылын байқаумен бастау менің қысқа мерзімді мақсатым немесе қысқа дистанциядағы марафоным. Өмір адамды жарыста ғана өсіре ме? Әлде табысқа жету деген - күштілігіңді, ептілігіңді, қабілет - дарыныңды, тіпті мүмкіндігіңді көрсететін меже ме? Дәл солай сияқты көремін.

Ендеше, әр мақсаттың өз шыңы, оған жетудің өз жолы болатыны анық. Еңбекпен жеткен жеңіс – Хан Тәңірі де, көмекпен, демеумен, итермелеумен қолға жүсірген табыс – жай ғана қоңыр төбе. Менің осы жылдарда тындырған істерім – өзім үшін, еңбек етіп жүрген ортам үшін қандай да бір табысқа қол жеткізгендігімнің нәтижесі. Мен бұдан қандай ләззат алдым? Өстім, бұл – анық. Бірақ адам қалпымды қаншалықты сақтай аламын? Енді «бәрін білдім, үйрендім, толдым»,- демеймін бе? Жеңістің тәтті дәміне масайрап кеткен адамдар жайында естіп, кинодан көріп, ғаламтордан танып жүрмін. Бұл байқау мұғалімге не үшін керек дерсіз? Өзім үшін! Не істеп жүргенімді өзім білмейтін, құр статистика құрбаны болып жүрген уақыттарда болды. Уақыттан да ұялу қажет. Менің қазіргі мақсатым – өзімді-өзім жетілдіріп, алдымда отырған Қазақстанның болашақ жастарын адами қасиеттерге ие азамат(ша) қылып тәрбиелеп шығару. .....
Эсселер
Толық