Ел ертеңі - адал ұрпақ!

Адалдық... Осынау қасиетті де ауқымды ұғымның адам баласы үшін алар орны, атқарар қызметі орасан зор. Тек орнымен қолдан, қасиетті сөздің қадіріне жете біл! Сонда ғана бұл сөз өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай, мәні мен мағынасы арта түсері сөзсіз.

Атам қазақ «ардың ісі - адалдық» деп бесенеден жоғары бағалағаны айтпаса да белгілі. Ендеше осынау қасиетті ұғым қазірде өз дәрежесінде, өз биігінде самғай алып жүр ме?

Қайдам... Бұған бір-ақ мысал аш қасқырдай жалақтаған жемқорлық деген пәлені қайда қоямыз? Бұл біздің күнделікті өмірімізге баса көктеп кіріп, жаппай қоғамның дертіне айналып бара жатыр ма деп қаламыз. Себебі кез келген жаңалыққа құлақ түрсеңіз еріксіз «пара алыпты», «пара беріпті» деген сөздермен қаласаңызда, қаламасаңызда ұшырасасыз. Ойлап қарасақ, бұл күнделікті әдетке айналып бара жатқан сияқты.

Ай мен күннің аманында, ел ішіндегі тыныштық заманда адам баласының бұлай бұзылуына не жетіспейді екен деп бір сәт ойға шомасыз. Ойлана-ойлана пенденің пендешілдігі шығар деген шешімге еріксіз келесіз. Басқа ақтар себепте жоқ сияқты. Болған үстіне бола түссе деген ашкөздік, байлығымды еселей түссем деген көрсе қызарлық. Бұл - пенденің пендешілдігі емей немене......
Эсселер
Толық