Менің мұғалімім, менің мақтанышым

«Адам – табиғаттың бір бөлшегі» деп бекер айтылмаған екен. Қарап тұрсаң, адамның құрылысында, жан дүниесінде табиғатқа өте көп ұқсастық байқалады. Суы мол, бұлқынбай ағатын терең өзенді көргенде, мінезі ауыр, әр ісін тиянақты атқаратын, сабырлы, аз сөйлеп, көп жұмыс тындыратын кісілер елестейді. Ондай адамдар көп ішінде жұлқынып сөйлемейді, «мені елемеді-ау» деп, өз қызметін бұлдамайды да. Өзіне тән сабырлылықпен, әр күнін өзіндік табысымен шығарып салады. Ондай адамды тек тікелей білетін, араласып жүрген кісілер болмаса, басқалары байқамайды да.

Менің ауылымда дәл осы айтылғандарға лайықты азамат тұрады. Мамандығы – физика пәнінің ұстазы. Жақсы маман, асыл азамат.

Ия, ұстаз болу оңай емес. Әр үйдің бір-бір еркесін оқыту. Ал, өзі ерке бұзық баланы жөнге келтіру оңай шаруа емес. Бұл жолда білім де керек. Ең бастысы баланың жүрегіне жол таба білетін психолог бола білу ауадай қажет. Осындай талаптарға ұстаздың ұстамы, төзімді болып, орынды шешім қабылдай білуіне байланысты.

Менің ұстазым бір мектепте 36 жыл қызмет жасап, осы мектептен зейнеткерлікке шыққан. Жастайынан ескерімді алғыр ағай өзінің талпынысын, ізденісін ұдайы жалғастырған. Қолына не алса да, мүлтіксіз орындап, тиянақты тындыра білуді дағдыға айналдырған......
Эсселер
Толық