Жасасын, қазақ, Азаттығың!

Қасиетіңнен айналайын қазақ жері, сенің әрбір тауың мен тасыңда, суың мен нуыңда бабамыздың шоқ басып, шөңге қадалған табанының ізі қалған. Қызыл қаны мен маңдай терінің кермек иісі сақталған. Өз жерінде өгей болып өскен халқымның шемен боп қатқан қасіреті бара-бара қара тасқа айналып, шерлі жүректің шежіресінен сыр шерткендей. Азат өмірді аңсап өскен ата-бабаларымыз өз жерінде отырса да, басына үйі, бауырына қазаны бұйырмай, қаншама жылдар қайғы жұтып, қасірет тартпады дейсің. Алайда бұл жылдар ерен ерлікке, қайыспас қаһармандыққа толы болғанын біз бүгін сүйсіне еске аламыз да, аталар аруағына басымызды иіп тағзым етеміз. Тағзым жасай отырып, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Сырым, Амангелділер мінген тұлпарлардың тұяғының ізі қалмады ма екен деп, шақпақ тас пен шағыл құмға еріксіз үңілеміз.......
Шығармалар
Толық