Махаббат

Махаббат - өмір көркі.

Абай Құнанбаев


Махаббат – күшті мен керемет сезім. Отанға, өз үйіне, ата-аналарына, айналадағы дүниеге махаббат болады. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Дәл ол бұл әлемді мейірімдірек пен жарыктау жасайды. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары.Алайда махаббат сияқты сондай сезім жиі басқа сезімдер асып түседі. Мысалы: ашуы, қызғаныш, өшпенділік, сараңдық, ашкөздік. Алтынға махаббат бар, бірақ ата-аналарға жоқ; ақшаға махаббат бар, адамдарға – жоқ. Сәндік заттар махаббатқа адам мұқтаждығын қанағаттандыру алмайды. Адам неліктен өз тәні үшін ақшаны аямайды: әсем....
Шығармалар
Толық

Қамшы

Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бірнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрілген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қамшының өрiмi сабынан бір жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар қару ретінде қолданылған. Өрiмшi қамшының таспасын жiңiшке не жуандатып, кейде өрiмге талшық сымтемiр салып өрген. Ондай қамшылар ыңғайына және қамшы иесiнiң қалауына қарай өрiлiп отырған. Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден тұрады. Саптың қолға ұстар жерi былғарыдан қапталады. Кейде қайыстан өрнектелiп өрiледi. Қамшы өрудiң....
Шығармалар
Толық

Адамның арман-мұраттары – жаңа заманның ерекше белгісі

Адамға тән қасиет – болашақты болжау, армандау. Адамның мақсаты болмаса ештемені де тындыра алмайды. Болашақты армандай білу де ұлы даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді алға ғарыштатады, өрге тартады. Арман адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Олай болса, алға ұмтылу — өмірдің мақсаты.
Мұндай сапа адамға жаратылысынан тән. Құл – бас бостандығын, шаруа не болса да ерікті болсам, жұмсышы — өндіріс құралының иесі, байлардай болсам, экономикалық әлеуметтік теңдік орнаса деп армандады. Қоғамның алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері өздерінің шама шарқынша адам баласының арманының армандалу жолдарын іздеді, теориялық болжамдар жасады. К. Маркс, Ф. Энгельс капитализмді әділетсіз қоғам деп есептеп болашақтың......
Шығармалар
Толық

Арман мен қиял

Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. Ал, нені, қалай армандайсың — ол әр адамның өз өресіне, өзіне деген сеніміне байланысты. Асыл арман дейміз, ас-қақ арман дейміз, күпіршілік жасап, арасында орындалмас арман деп те қоямыз. «Арманың орындалсын», — деп тілек айтамыз.

Жақсы ғой, бірақ та сол асыл арман құрғырлар, өз санатыңнан құлшыныс білдірмесең, сол алдамшы арман күйінде қала бермей ме? Және де сенің арманыңа сенім білдірген етене жақының болса, тіпті құба-құп. Ал өрімтал шағыңда асыл арманыңды заңғар таудай көретін......
Шығармалар
Толық

Мақал - мәтелдер

Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел....
Шығармалар
Толық

Білім қажеттілігі

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын.....
Шығармалар
Толық

Тілдер күні (Тіл - ел байлығы)

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша....
Шығармалар
Толық