Экономика | Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне, он төрт жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек».
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің шетелдік тәжірибесі.

КІРІСПЕ
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы-алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инвестициялық бай қорлары отандық және шетел тәжірибесі

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде.
Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын. Оған бірнеше фактор әсер еткен. Заңның жаңа басылымы барлық кемшіліктерді ескере отырып, инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту және қор нарығына ішкі инвесторларды тарту мақсатында қайта қарастырылған болатын.
Бүгінгі таңда кәсіби басқарушылары бар инвестициялық қорларды құру ішкі жинақ қаражаттарының жиі өсуі мен оларды экономиканың нақты секторына тиімді тарту қажеттілігі жағдайында аса маңызды болып отыр. Сонымен қатар, доллардың ұлттық валютаға қатысты бағамының бірде көтеріліп, бірде төмендеуі жағдайында, доллардың евроға қатысты бағамының тұрақсыздығы, банктегі салымдар бойынша проценттік ставкалардың төмендеуі жағдайында альтернативті қаржы құралы ретінде қор нарығында инвестициялық қорлардың пайда болуы өте уақтылы болды және ол бағалы қағаздар нарығының жалпы дамуын қосымша ынталандырушы фактор бола алады.
Инвестициялық қорлар туралы заң инвестициялық қорлардың 2 негізгі түрін бөліп көрсетеді: акционерлік және пайлық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай қорлары заңның жаңа басылымымен алғаш енгізіліп отыр. Яғни бұған дейін пай қорлары болған жоқ.
Инвестициялық пай қоры дегеніміз пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болатын ақша жиынтығы. Инвестициялық пай қорлары акционерлік инвестициялық қорларға қарағанда, өз бетінше активтер портфелін басқара алмайды. Инвестициялық пай қорларының ақшаларын инвестициялауды тек басқарушы компания жүзеге асыра алады және сол басқарушы компания инвестициялық пай қорын құруды немесе олардың қызметін тоқтатуды жүзеге асырады. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды және оны өз кезегінде «мүліктік кешен» деп атауға да болады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту жолдары мен проблемалары

«Қазақстан 2030» атты ұзақ мерзімді стратегияда еліміздің басты басымдықтарының бірі болып шетел инвестициясы және ішкі жинақтар көмегімен экономикалық өсудің тұрақты және әрдайым дамып отыруына қол жеткізу болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық өсуді инвестициялардың жоғарғы активтілігі мәтінімен алмастыруға болады.
Инвестициялық активтілік және экономикалық өсу көптеген мемлекеттерде шетел капиталымен қамтамасыз етіліп, әрдайым нығайтыла түседі. Экономикасы ашық нарықтық негізде құрылған мемлекеттерде халықаралық капитал қозғалысы шаруашылық өмірдің интеграциясының нығаюына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне ықпал етеді. Шетел капиталын құю, онымен қоса шетелдік технологияны, басқару тәсілін, жаңа нарықтарға есік ашу өтпелі кезеңдегі кез-келген мемлекетке экономикасын қайта құру үшін өмірлік қажеттілік болып есептелінеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан экономикасына тән сипат өндірістегі негізгі қорлардың тез тозуы. Негізінен өндіріс потенциалының біртіндеп құлдырауы өмірлік мәні бар салаларға күрделі қаржының бірден тыйылуы себеп болған. Қалған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесінде олардың құнын жасанды түрде азайту жекешелендіру процесіндегі олқылықтарға әкеп соқты. Жекешелендіру процесінде спекулятивті қатынастардың және коррупцияның орын алуы құрылымдық қайта құруға еркін келетін нарықтық капитал ағымын шектеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Қытай Халық Ресубликасы мен шетелдік қытай диаспорасының қарым қатынасы

Зерттеліп жатқан тақырыптың өзектілігі. 20-ншы ғасырдың соңғы ширегі Қытайда болып жатқан процестерге ерекше назардың көбеюімен сипатталады. Бұл 1960-70-інші жылдардағы әлеуметтік, экономикалық тәжірибелер әлсіреткен Қытай Халық Республикасын күшті аймақтық көшбасшыға айналдырған, елді әлемдік алдыңғы қатарғы мемлекетке айналдырған қытайлық реформалардың сәттілігімен байланысты. Реформалардың бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды ролды әлемде он мыңдағын адамды құрайтын шетелдік қытай диаспорасы атқарды. Нақ солар салған инвестициялар Қытай Халық Республикасының экономикалық әл-ауқатының өсуіне себеп болды. Сондықтан саяси және әлеуметтік ғылымдар шеңберінде жүргізіліп жатқан хуачяо мәселесіне арналған зерттеулердің көптігі таң қалдырмайтын жайт. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, шетелдік этникалық қытайлар диаспорасы өзінің көптігімен ғана емес, ерекше экономикалық артықшылық, бірлік, мәдени және психологиялық ортақшылық пен оларға тұрғылықты жеріне қатыссыз бір организм ретінде әрекет етуге мүмкіндік беретін, қиылысатын байланыстар жүйесінің болуымен де таң қалдырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Филология | Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған себебім, шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай түрлендіріп, өткізу және оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру. Қазіргі кездің өзінде мұғалімдердің көпшілігі шетел тілі сабағында бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолдануда, сол әдіс-тәсілдердің негізінде шетел тілі сабағын осы заманның талап-тілектеріне сай өткізу керек.
Сабақ- бұл практикалық бөлімнің іске асуындағы, білім берудегі, тәрбиелік және дамытушылық тапсырмалардағы, қорытынды бөлім кезіндегі мақсатқа жетудегі оқу үрдісін ұйымдастыратын негізгі бөлім. Сол себепті мектептегі білім беруді реформалау және шығармашылық дағдыларының дамуына әкелетін маңызды алғышарт болып табылады. Оқушылардың өзіндік жан-жақты, мәдени және шығармашылық дағдыларын дамытуда шетел тілін оқу пәні ретінде көптеген мүмікндіктерге ие. Е.Полаттың ойынша шетел тілі сабағын жаңа, қазіргі талаптарға сай жүргізудің артықшылықтары көп. Бұл дегеніміз шетел тілін оқыту кезінде, білім берудің тиімді жақтарын қалыптастыруға, коммуникативтік және тәрбиелік мақсаттың іске асуын, оқылып отырған пәннің дамытушылық және білімдік мақсаттардың іске асуына мүмкіндік береді.
Шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай ұйымдастыру оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып табылады. Сонымен қатар шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай өткізу оқушыларды жаңа ойларды тудыра білуге, жан-жақты, бір ғана салада емес, әр саладан білім, ақпарат ала білуге, мәселелердің түйінін бір ғана жолмен шешіп қана қоймай, бірнеше жолмен таба білуге, сол қабылданған шешімнің салдарын алдын-ала болжай білуге көп ықпалын тигізеді. Тағы да сабақты ұйымдастыру үшін мақсаттарын алдын-ала белгілеп алмай тұрып, дұрыс ұйымдастырылған сабақты өткізу мүмкін емес. Оқытушы мақсаттарды белгілей отырып, сол сабақта немесе бірнеше сабақ барысында оқушылардың шетел тіліндегі білімі, іскерліктері мен дағдыларын дамытуды көздейді. Шетел тілі сабағын ұйымдастыруды және оны жүргізу үшін сабақ жоспарларындағы мақсаттарды жүзеге асыруға, сабақты негізінен оқушылардың жан-жақты дамытушылығына бағыттай отырып оқыту міндеттерін шешеді.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Орта мектептегі шетел тілі сабағы .
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Орта мектептегі шетел тілі сабағын ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасай отырып, шетел тілі сабағын ұйымдастырудың мәселелерін анықтау;
- шетел тілі сабағына қойылатын әдістемелік нұсқауларды көрсету;
- шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Мемлекеттік менеджмент шетелдік тәжірибе және Қазақстан

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздемесі. Диплом жұмысында мемлекеттік менеджмент мәселесіне ғылыми көзқарас белгілі шетелдік және отындық ғалымдардың еңбектерін, зерттеу, сараптау, өзгеріс енгізу негізінде құрылды. Зерделеу және сараптау авторлардың зерттеу бағыттарын біріктіретін бірнеше жолдарды анықтауға көмектесті. Бірінші бағытқа мемлекеттік басқарудың теориясы мен методологиясын қалыптастырудағы зерттеу жұмыстарын жатқызамыз. Екінші бағытқа мемлекеттік сектор мен тиімді мемлекеттік басқарудың тәртіптерінің жиынтығын барабар көрсететуге құрылған авторлардың зерттеулерін біріктіреді. Үшінші бағытқа қолданбалы сипаттағы жұмыстарды, төртіншіге – аймақтық маңызы, бесіншіге – ғаламдық мәнін, ал алтыншыға – индустиалды-инновациялық дамуды ғылыммен қамтамасыз етудегі еңбектерді қарастырамыз.
Бұл көпсалалы мәселеге қатысты бірнеше сауалдар туындап, өз жауабын толыққанды тапқан жоқ десе болады. Сол себепті теориялық, методологиялық зерттеулерді шығармышылық тұрғыдан түйсіну маңызды болып отыр. Мемлекеттік сектордың қазіргі заман талаптарына сәйкес басқару тәсілі және формасын, негіздерінің сәйкестік деңгейін анықтау. Басқару шешімдерін жасау мақсатында мемлекеттік секторды жүйелеу және теориялық, методологиялық қырларын терең анықтап алу қажеттігі байқала бастады. Қойылған мәселені шешуде ғылыми тәсіл қолдану жаңа заманға лайық қызмет ететін мемлекеттік басқару органдарының мемлекет саясатын жүргізуде ғылыми негіздемесі болмайтын тиімсіз араласу шараларын азайтады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Отандық және шетелдік БАҚ тағы денсаулық мәселелерінің көтерілуі

Атақты ғалым, физиолог И.П.Павлов адам табиғаттың асқақ туындысы екенін, сонымен бірге оның күрделі де нәзік жүйе екенін, соған қарамастан табиғат қазынасынан игілік көру үшін адам дені сау, әлеуетті және ақылды болуы тиіс деп атап көрсеткен болатын. «Денсаулық-зор байлық» дейді халық. Денсаулық біздің қоғамда әр адамның жеке қазынасы, өз меншігі ғана емес. Сонымен бірге ол мемлекеттің қол жеткен табысы, ел байлығы болып есептеледі. «Ердің саулығы – елдің байлығы» деп халқымыз тауып айтқан. Біздің кемелденген отанымызда халық денсаулығы мемлекет қамқорлығына алынған. Бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің білікті медициналық тегін көмегі арқылы; азаматтарды емдеуге және олардың денсаулығын нығайтуға арналған мекемелер жүйесін ұлғайту арқылы; қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияны дамытып, жетілдіру арқылы; кең көлемді профилактикалық шаралар жүргізу арқылы; айналадағыны ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар арқылы; жеткіншек ұрпақтың денсаулығына айрықша қамқорлық жасау, оның ішінде оқуға және еңбек тәжірибесіне байланысты емес балалар еңбегіне тыйым салу арқылы; аурудан алдын-ала сақтандыруға және ауру-сырқауды азайтуға, азаматтардың ұзақ жасап, белсенді өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді өрістету арқылы қамтамасыз етіледі. Әділ заңның аялауы арқасында біздің елімізде халыққа медициналық көмек көрсету мен аурулардың алдын алу ісінде елеулі табыстарға қол жетіп отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе


Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. «Әділ сөздің» негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды, сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны сияқты тақырыптарды көтердім.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999 жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. Өйткені мемлекеттік пен жекеменшік баспасөз журналистерінің заң саласынан сауаты жеткіліксіз болғандықтан, олар сан алуан қиыншылықтар мен өмірдегі түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Аталған қордың негізгі артықшылығы – бұқаралық ақпарат құралдарының мүддесін қорғап, журналистерге заң тұрғысынан кеңес беру, ал керек кезде сот ісіне араласып, БАҚ мүддесін қорғау болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Шетелдердің балалар журналистикасы

Журналист - әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын. Журналист ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал, телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде жүктелер жауапкершілік мол.
Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік, нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес.
Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз - шетелдердегі балалар журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып, біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін сараптаудан өткізуді ұйғардық.
«Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек, балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау, сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық