Конституция күніне орай жасалған онлайн тәрбие сағаты - Конституция - біздің болашағымыз. Мұғалім: Сарина Бағилаш Жаумитовна Мектеп: Ақтау қаласы, "№12 ЖББОМ КММ" орта мектебі.
Сабақтың тақырыбы: «Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?» Сабақтың мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.5 Құқықтар мен міндеттер Сынып: 3 Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Тақырып: Конституция - біздің болашағымыз Оқыту мақсаты 3.1.5.1 Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру. Сабақ мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар: • Конституция еліміздің негізгі заңы екенін біледі; • құқықтар мен міндеттердің не екенін біледі.
Менің балалық шағым Әр адамның қызыққа толы балғын шағы болады.Ол әрине біздің балалық шағымыз.Балалық шақтағы біздің іс әрекетіміз,ойынымыз естен кетпес қызыққа толы күндер болып артта қалуда.Әр адамның жүрегінде бұл естеліктер мәңгі сақталары анық.Біздің балалық шағымыз біздің дастанымыз,шытырманға толы хикаямыз. Жылдар зымырап адамдар ер жеткен соң балалық кезің аңсайтын болады.Ол кездегі достары,көңілді ойындары мен бастан кешкен талай балғын шақтары арқылы, жүрегімізде маңызды бір ерекше орын алады.Ол кездегі балалықпен істеген тентектігін мен бұзақылықтын өзі керемет қой ,шіркін.
Мен өзім бір отбасының жалғыз ерке қызы болып өстім.Балалық шағым қызық бір дастан дерсін.Балалық кездегі жасаған істерім,балалармен ойнап,көңіл көтергенім әлі есімде.Кейде сол естеліктерді еске алсам,қайтадан сол балалық шаққа оралсам ғой шіркін деп армандайтын кездерде болады.Біз балалық шағымызда асыр салып ойнап,көп көңіл көтеретінбіз......
Тәуелсіз 25 жыл! Туыңды биік ұстадың. Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын. Көшіңді бастап бақытты болашағыңа, Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным! Иә, осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялап, өз тарихымызбен алғаш рет, жалпақ дүниеге танылдық. Демократиялық, құқықтық мемлекет атанып, нарықтық эканомика жолына түстік. Осы жылдарда халқымыз қазақ екендігін түсінді. Қазақ қазақты таныды. Ең әуелі өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі есімізді, еншімізді, несібемізді білдік. Тәуелсіздік қазақ ұлтының өзін, ата-дәстүрін, салтын табуына жол ашты. Қазақстан тәуелсіздігі дегенде, тарихтың бәрі ойға оралады. Сол кезде көз алдымызға ғасырлар бойы бодандықтың бұғауынан құтыла алмай жанталасқан еліміз, «Абылай», «Алаш» деп жауға қарсы шапқан батырлары келеді. Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз. Күдіреден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екенбіз! деп Ақтамберді жырау «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды аңсаған екен. Бірақ сол бостандыққа қазақ елінің ұзақ уақыт қолы жетпеді. Өйткені, азаттық үшін күрес ғасырлардан жалғасып, тіпті, кешегі кеңестік билік заманның сұрқия саясаты кезінде де жүріп жатты. Қазақтың бас көтерер азаматтарын баудай түсірген сол бір қысылтаяң шақта «ұлтым» деген азаматтар қара басын қорғамай, халқы үшін күресе білді. Ұзаққа созылған отаршылдық құрсауын бұзып, орталық алаңына шыққан қазақ жастары бұдан әрі ұлт намысын аяққа таптатпайтынын әлемге айғақтап, ұлтымыздың мақтанышына айналды. 1986 жылы 16 желтоқсанда тоталитарлық режимге үнсіз шыдап келген халқымыздың қарсылығы лықсып келіп, жастар қозғалысына ұласты. Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы саналы күресі болып танылды. Сонау бір өткен күндерде еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып, жолбарыстай жортқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз егенмендік үшін күресті. Аз ғұмырын ой мен арманға толтырып, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен жас Шоқан мен осынау байтақ өлкеде оқу-білімді шырақтай маздап жандырған Ыбырай халықтың келешегі емес пе еді! Атадан ұл туса-игі Ата жолын қуса игі, - деген Төле би бабамыз. ХV ғасырда алғашқы хандарымыз Жәнібек пен Керей халқымыздың ұлан-ғайыр өлкесіне сұқтана қарағандардан атабабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, ұлтарақтай жерді ұрпағына қалдыру үшін бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізген жоқ па? Халқын соңынан ерткен ер Қасымның тұсында да ел тағдыры әрленді емес пе? Қазақты қалың малсыз қалыңдыққа, бағусыз байлыққа бағындырған, ірілік елдің басын қосып, жауын жеңген тұлға Абылай еді......
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеге жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне , Бірі күтіп әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Біз Ұлы Отан соғысында қайсар ерлікпен жеңіске жеттік. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Отанын қорғады. Қаншама халық бір туың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы......
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.....