Үй шаруашылығына керекті кеңестер

✅ Мақталы киімге тиген дақтан арылуға пияз көмектеседі. Пияз шырынын даққа жағып, 24 сағатқа қою керек. Кейін киіміңізді əдеттегідей етіп жуып ала бересіз.

✅ Тоңазытқыштағы жемісіңіз ұзақ сақталсын десеңіз, жеміс жатқан жəшік түбіне газеттен басқа кез келген қағазды қоюға болады. Оны əрдайым ауыстырып тұруды ұмытпаңыз.

✅ Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуып жатқан кезде суыңызға салып қойсаңыз, ыдысыңыз жылтырап, жаңа бір өңге ие болады.

✅ Егер пердеңізге антистатик сеуіп қояр болсаңыз, пердеңізге айтарлықтай шаң тұрмағанын байқайсыз.

✅ Егер аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдайтын болса, оған кастор майын жағып, бір түнге қалдырыңыз. Ертеңіне сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек. ......
Кеңестер
Толық

Жеті шелпек шарапаты

Баяғыда бір жолаушы келе жатып, жолдан сандық тауып алады. Ашып қараса алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде, ол үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді.
– Ей, бейшара не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын» деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім енді құтқаратын болса, соны жұтып өлтіремін», – деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, – дейді. Жолаушы шыр-пыр болып, «сені құтқардым, жібере гөр» деп қанша жалынса да жылан көнбейді. Кенет жолаушы алыста келе жатқан отыз адамды көзі шалып қалады.
Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып:
– Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес, – деп қолды бір сілтеп кетіп қалады.
Жылан жолаушыға жақындай түседі. Бейбақ:
– Өлген жерім осы болды ғой, – дей бергенде тағы да бес кісінің сұлбасы көреді.
Жолаушы құтқар деп оларға жалынады.
– Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесің? – деп олар да кетіп қалады.
Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір кішкентай бала келе қалады. ......
Кеңестер
Толық

Ауылшаруашылық | ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒЫДАЙЫНА ТАЛДАУ

КІРІСПЕ
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әлемге белгілі "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегінде "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп, атап көрсеткен болатын.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын, оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті нарық жағдайында әрбір жекелеген аймақтардың өзгешеліктерін еске ала отырып ауыл шаруашылығының қызмет көрсету салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан биік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік.
2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық саясатында елеулі жеңілдіктер туғызу қарастырылуда. Соның ішінде жеке табыс салығының ең жоғарғы пайызын 30-дан 20 дейін кеміту көзделуде.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық-техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Құс шаруашылығын дамыту

Кіріспе
Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Құс шаруашылығы

Кіріспе
Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кездегі шағын және орта бизнестің жағдайы мен экономикалық маңызы қарастырылады.Кез келген салада алдын ала бағдарлама жасау арқылы белгіленген мерзімге дейін сол көзделген шараларды орындау керек. Жұмыстың бірінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қарастырылады.Кез келген бағдарламаны жүзеге асыру үшін оның қазіргі жағдайын біле отырып дамуына талдау жасалады. Қазіргі кезде кез келген бизнесті дамыту үшін оған қосымша қаржы көздері керек, ал ол қаражаттарды тек несиелеу арқылы ала алады. Сондықтан жұмыстың екінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын жүзеге асырылуы және оның шетел тәжірибесінің әдістерін қолдану шаралары қарастырылады. Соңғы бөлімінде шағын және орта бизнестің дамуындағы проблемалар мен оның перспективалары заңнамаға сәйкес қарастырылады. Кез келген экономикаға қатысты іс әрекет ҚР Заңнамасында тіркеліп, тек заң жүзінде ғана жұмыс істеу керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Үй шаруашылығына керек кеңестер

Үй шаруашылығында абайсызда болған жағдайдың оңай тәсілін табуға болады. Жай ғана шкафтағы жағымсыз иістен арылу үшін табиғи ұнтақ кофенің пайдасы мол.

✅ 1. Жаңа алған сыбыртқыны ұзақ қолданғыңыз келсе, тұздалған ыстық суға 2-3 сағатқа салып қойыңыз.

✅ 2. Шкафтағы жағымсыз иістен арылу үшін ол жерге табиғи ұнтақ кофені қойыңыз.

✅ 3. Ас бөлмедегі үстел сүртетін шүберектің майын тез кетіру үшін оны жумастан бұрын аздаған сірке суы қосылыған жылы суға салып қойыңыз.

✅ 4. Егер қолыңызға абайсызда «Момент» желімін төгіп алсаңыз, оны маргаринмен оңай кетіруге болады. Желім төгілген жерге жағып, бірнеше минут күтсеңіз болғаны. ......
Кеңестер
Толық

Шариғат бойынша кімдермен некелесуге болмайды

1. Өмір бойы бір-бірімен үйленуге болмайтындар:
Жақын туған-туыстары. Олар: аналары мен әжелері; бірге туған әпке-қарындастары және олардың қыздары мен немерелері; Сонымен қатар, әкесі не шешесі бөлек әпке-қарындастары және олардың қыздары мен немерелері де үйленуге болмайтын кісілер қатарында; бірге туған немесе әкесі бір, шешесі бөлек, не шешесі бір әкесі бөлек аға-інілерінің де қыздарымен және немерелерімен некелесе алмайды[1]. Сондай-ақ, әке жағынан ағайын әпке-қарындастарымен және нағашы әпке-қарындастарымен[2] де үйленуге болмайды.

Сүт бауырлары: Әйелдің туған баласы туысқандарынан кімге үйлене алмаса, сол секілді сүт емген бала да олармен некелесе алмайды[3]. Айта кететін маңызды нәрсе, «сүт бауырлыққа» байланысты үкімдер тек сол емшек емген балаға ғана қатысты. Оның (әлгі сүт анадан ембеген) аға-інілеріне және әпке-қарындастарына қатысы жоқ[4].......
Кеңестер
Толық

Экология | Өндіріс саласында экологиялық шараларды ұйымдастыру мен жоспарлау

Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық реформаларды тереңдету, ұлттық және аймақтық деңгейде экономикалық және әлеуметтік даму мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ өтпелі кезеңде табиғи ресурстарды сарқылмастай тиімді пайдалану аса маңызды болып табылады,биологиялық әр алуандылықты сақтау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау және халықтың экологиялық жағынан денсаулығын қамтамасыз ету. Іс жүзіндегі экономикалық құралдардың бағалануы негізінде олардың тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру бойынша шаралар қолданып, сондай-ақ арнаулы экономикалық құралдарды әзірлеу керек. Сараптық бағалаулардың және экономикалық құралдарды өткізудің әлемдік тәжірибесінің негізінде олар табиғатты қорғау саясатын жүргізуде маңызды құрал болып табылады.
Қоршаған ортаның ластануы көп жағдайда шығынның артуына, жоғалып кететін немесе ортаның ластану нәтижесінде өндірілуі мүмкін болмайтын өнімді қайта өндіру (қалпына келтіру) үшін қажеттіліктердің өсуіне әкеледі. Басқаша айтсақ, су қоймаларын сауықтыру, балықтарды қайтадан өсіріп-өндіру, пайдалы жерлер, ауыл шаруашылық мәдениетінің өндірісі және т.б. бойынша шараларды өткізу үшін қажеттіліктерге шығындар көбейеді.
Қолданылып отыран шараларға қарамастан республикадағы экологиялық жағдай күрделі күйіне қалып отыр. Қоршаған ораның ахуалы жалпылама шаруашылық жұмыстардың нәтижесінде экологиялық апат шегінде тұрған аймақтарды анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Олардың ішінде Арал мен Каспий жағалаулары, Балқаш көлінің бассейні және Шығыс Қазақстан т.б.
Қазіргі кезде экономикалық және экологиялық жағдайдың ушығып тұрған сәтінде экологиялық апаттан өтудің жалғыз ғана жолы бар. Ол экономикалық даму процесін экологияның мүддесіне сай үйлестіре есепке алып жүргізу, яғни экономиканы экологияландыру деген сөз.
Үйлестіру жұмыстарын іске асыру жаңадан экологиялық экономика саясатын жасауды талап ететіні белгілі жайт. Оның мақсаты – табиғатты пайдаланудың және оны меңгерудің экономикалық мүлдем жаңа жүйесін құру, әрине, ол жүйе табиғи ресурстарды пайдалану барысында экологияға зиян келтірмейді, қоршаған ортаны бүлдіру ахуалынан, осы заманға сай әдісіне біттіндеп кезеңмен ауысуы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың мазмұны мен міндеттерін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың міндеттерін жүзеге асыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстанда өндіріс экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлау жұмыстары .
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Өндіріс саласында экологиялық іс-шаралар туралы түсінік;
- Қазақстанда өндіріс саласында эколгиялық іс-шараларды ұйымдастыру;
- Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың мазмұны; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Өндірістік цехтарда ұйымдастырудың көлік шаруашылығында атқаратын ролі

Көлік - экономиканың калыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі» деп те атай-ды. Сондықтан, жоғары дамыған, тұракты жұмыс істейтін келік жүйесін қалыптастыру - елдін өсіп-өркендеуінін негізгі жағдайларынын бірі.
Келік 4 қурамдас бөліктен тұрады. Ол - көлік кұралдары (автомобильдер, кемелер, ұшақтар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, кұбырлар, өуе, теңіз), ұйымдар (авиациалдың, теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-түсіру пункттері (теңіз жөне «әуе» порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол тек экономика саласы ғана емес, күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз - адамдардын әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, өуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты оның жеке салаларға, немесе көлік турлеріне бөлінеді.
Дүниежүзілік көлік жүйесі ішіндегі ең арзаны болып, теңіз көлігі саналады. Дүниежүзілік жүк тасымалының 62%-ы осы су көлігіне тиеді және ол бүкіл халықаралық елдер арасындағы тасымалдың 80%-ын қамтиды.

Дүние жүзі бойынша астық тасымалдауда теңіз көлігінің маңызы зор (жылына 250 млн т-ға жуық). Тасымалданған астық көлемінің жартысына жуығы дамушы елдерге жөнелтіледі. Дүниежүзілік ірі порттар (жүк айналымы бойынша): Сингапур, Роттердам (Нидерланд), Шанхай (Кытай), Нагоя, Йокогама, Тиба, Кобе (Жапония), т.б.
Батыс Еуропаның ірі порттары халықаралық маңызы бар "теңіз какпасы" болып саналады. Мысалы, дүние жүзіндегі ең ірі порттардың бірі Роттердам дүниежүзілік жүк айналымының 2/3-ін құраса, одан әрі ішкі өзендер (негізінен, Рейн өзенімен), каналдар аркылы кұрлыстың басқа да елдеріне тасымалданады.....
Курстық жұмыстар
Толық