Сапарға шыққан адамға қандай жеңілдіктер бар?

Ислам дінінде адамның шамасы жетпейтін, орындалуы мүмкін емес нәрсе жоқ. Себебі – Алла Ұлы, Құдіретті, Күшті және мұндай ұлылықты жаратылысынан талап етпейді. Құранда бұл туралы: «...Ол сендерді таңдады әрі Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады» («Хаж» сүресі, 78-аят) делінеді.

Тақырыбымызға арқау болып отырған «сапар» ұғымына артық анықтама қажет емес секілді. Өйткені, сапарға шықпайтын адам кемде-кем. Сол себепті бұл әркім үшін маңызды тақырып болып отыр. Хадисте: «Сапар—азаптың бір бөлігі, ол біріңді ішіп-жеуден және ұйқыдан тосады, егер (кісі) шаруасын тындырса, отбасына асықсын» (Муслим) делінуі адам үшін сапардың қолайсыз рәсім екендігіне нұсқау бар. Осындайда шариғатымыз мұсылманның өмірін барынша жеңілдетуге тырысады.
Кеңестер
Толық