Қаншама жас боздақтар

Бiздiң жүрегiмiз темір емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп күйдiрiп жібере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол–Отанға дегенсүйiспеншiлiк.
Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан соғысының тарихы көптеген жеке адамдардың өмірінен кұралады.Олар жанын құрбан етті,бірақ артқа шегінген жоқ,туған жерінің алдында борышы өлім туралы ойлардан,қорқыныш сезімдерінен алда тұрды.Біздің еркіндігіміз және бостандығымыз қандай бағамен бізге келгенің біз жақсы білеміз.Бұл батыл және қайсар адамдарының алдында біз әрқашан да парыздармыз . Осы жылы біз Ұлы Жеңістің 71-жылдығын тойлаймыз.Қазіргіұрпақтарымызға кеңес адамдардың иығына түскен барлық қиындықтарды елестету қиынға түседі.Жеңіске жетуінің қайнар қөзіхалқымыздың асқақ рухы мен туған жеріне деген ыстық махаббаты болып табылады. Жеңіске адамдардың терең патриоттық сезімдер арқасында жеттік деп есептеймін.Туған жерін жау қолына бермеу әрбір кеңес адамы түсінгені мәлім. Әр жылмен біз соғыс кезінен алыстап бара жатырмыз.Бірақ,адамдар соғыс кездегі жамандықты уақыт ешқашан өшіре алмайды.71 жыл арамызда қалды.Соғыс зардабын көрген адамдардың қатарлары азайып бара жатыр.Халықтың жадында сол кездегі қиындыққа төзеп алған бүкіл елдің ерлігі мәңгі сақталады.Адамдар Отан үшін,өз өмірлерін ойламай қиып берген. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.....
Шығармалар
Толық

9 Мамыр-баршамыз үшін қасиетті де қастерлі күн

Жерге теріңді төксең,
Жеміске кенелесің.
Халқың үшін қаныңды төксең,
Абыройға кенелесің
Бауыржан Момышұлы
9 мамыр-баршамыз үшін қасиетті де қастерлі күн. Өйткені, 9 мамыр - фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні – Ұлы Жеңіс күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғандарды еске алу күні. Бұл күні аналар мен жесірлердің жүрегі осыдан 71 жыл бұрынғыдай сыздайды. Ол күні жеңімпаздардың, олардың балаларының, немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады. Әлемді бақытқа бөлеген бұл қуанышты күн милиондаған бабаларымыз бен аналарымыздың қасиетті қанымен келді. Біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен жақындатқан аталарымыздың ерен еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жері бүгінгі күн дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы – біз үшін үлкен мақтаныш, мол жетістік. Қазір Республикамыз дүние жүзіндегі алдыңғы қатадың мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы – тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды саясатының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. ......
Шығармалар
Толық

Балабақша тәрбие сағаты: Өмірді сақтайтын бағдаршам

Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жолда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық машиналар, кітаптар, буклеттер, жол жүру ережесінің белгілері, видео - көрсетілім.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе? (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың тақырыбы: Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе?
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.4.1 -эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
(«келісу, келіспеу» эссесі).
6.4.1.1 -тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Көтерілген мәселені жан-жақты талқылайды;
• Тақырыптан ауытқымай, келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп эссе жазады;
• жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ғылым әлемін ашамыз (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ғылым әлемін ашамыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Ж5. Орфография және пунктуация
7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Назарын шоғырландырып тыңдату арқылы ақпаратқа талдау жасату;
Дұрыс жазу сауаттылығын дамыту.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жем шашамыз №10 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Жем шашамыз №10
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Тақырып бойынша диалогқа қатысу
3. Әріптерді каллиграфиялық нормаға сай жазу
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мазмұнын айтады, тақырып бойынша диалогқа қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің мазмұнын трек сөздердің көмегімен әңгімелейді, диалог барысында нақтылау сұрақтарын қояды, әріптердің байланысын сақтап жазады
Оқушылардың кейбірі: диалог барысында тақырыпқа қатысты пікірін білдіреді....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық