Сүлеймен Баязитов | Шамаң келсе


Атынан айрылып жаяу атанса да жаны жасымаған Жаяу Мұсаның «Ақсисасын» білмейтін қазақ жоқ. Солардың көбі біліп қана қоймай, ойын - тойларында сол әнді шырқаумен келеді. Шырқай да бермек.

Сол әндегі: -Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса, - деген жалғыз тармақтың өзі неге тұрады. Осы күні халық композиторларының әндерінің өміршеңдігін сөз етушілер, себебін іздеушілер аз емес. Оның себебі неде? Оған әртүрлі жауап беруге болады. Соны ықшамдап айтар болсақ, олардың әндері ойдан шығарылған байбалам емес.

Күштіден көрген қорлығын күйіне, күйзеле сөз ете отырып өзін де, өзгелерді де зорлыққа көнбей, әзілдік үшін айбаттанып, қайраттанып күресуге үндеді. Ал рухы жасымаған еңселі ел мұндай сананы сілкетін асқақ әндерді әманда аялай бермек.

Бұл – өмір сынына суарылған сұрапыл шындық. Өткен тарихтың шаң баспас, жоғалып жойылмас өмірмен бірге жасай берер мәңгілік ізі.

Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық

Бұл қазақты ешбір дұшпан ықтырмас..

Жетер енді тамырлас.. Сөзіме құлақ түріп, байыппен ғана ойымның парқына барар сәтің келген сықылды. Ләзім істің еншісі деп қабылдағайсың.. Саясаттың сардары екенсің, бірер түйткілді ескерерсің мүмкін. Путиннен бастап - әлем тұрмысын шарладың кеп, айналып келгенде өз Нұрекеңді балағаттайтындай не көрінді? Қарның ашса - Назарбаев, киімің тарылса - Назарбаев, өзгеден тепкі көрсең - Назарбаев, тіпті сүйіктің екі көзіңді бақырайтып тастап кетсе де - Назарбаевты.....
kz
Толық