Биотехнология | Жасыл балдырлардың биохимиялық құрамын анықтау

Қазіргі таңда, қоршаған ортаның антропогенді ластануына байланысты экологиялық жағдайлар күрт өзгеріске ұшырағаны баршамызға мәлім. Осының салдарынан экологиялық таза өнімдер алу үлкен қиыншылықтар тудыруда. Сол себептен табиғи жағдайда өскен өсімдіктерді - түсімділігі мен өнімділігі жоғары гендік модифицирленген трансгенді түрлерге ауыстыру кең таралып жатыр. Дегенмен де, ондай өнімдердің адам мен қоршаған ортаға қауіпсіздігі толығымен анықталмаған.
Ауыл шаруашылық өсімдіктер мен жануарлардың төзімділігі мен өнімділігін арттыру мәселесінің шешімдерінің бірі - тағам ретінде, азықтық, жемдік қоспа, тыңайтқыш ретінде микробалдырларды кең көлемде тұтыну болып табылады. Микробалдырларды өсіру экологиялық таза, экономикалық тиімді болып табылады және арнайы жағдайларды талап етпейді. Аз уақыт ішінде олар көп биомасса жинақтайды, ал сол биомассасының биохимиялық құрамы өте бай және оларға түрлі биологиялық белсенді қоспалар кіреді. Сонымен қатар, өндірістік жағдайда микробалдырларды өсіру мерзімге тәуелді болмайды.
Дегенмен, микробалдырлардың өсу қарқындылығын арттыру және олардың биосинтез процестерін арнайы өнімдерге бағыттау, атап айтқанда ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | ТАН сериясы сусындарының микрофлорасына морфо биохимиялық сипаттама беру

Қазіргі таңда экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты туындайтын індеттер саны артып барады. Ондай індеттердің алдын алу үшін пробиотикалық қасиеті жоғары препараттар мен емдік әртүрлі сүт қышқыл сусындарын ойлап табуда. Солардың ішінде жоғары сұранысқа ие, аралас ашу процесінің өнімі – «ТАН» сүт қышқыл сусындары болып табылады. Олардың құрамына сүт қышқылын активті түзетін және антагонистік қасиеті жоғары сүт қышқыл таяқшалары кіреді. Сондықтан бұндай өнімдер адам микроэкологиясын жақсартып, иммунитетін көтеріп, денін сауықтырады. Сондай-ақ, өкпе және асқазан ауруларының алдын алу үшін өте тиімді. Практикалық маңызды (активті қышқыл түзушілер, антагонистік қасиеті жоғарылар, антибиотик түзушілер т.б.) штамдарды бөліп алып, солардың негізінде жаңа емдік – диетикалық сусындарды алу арқылы жоғарыда аталған аурулардың алдын алуға және орташа өмір сүру уақытының көрсеткішін арттыруға болады.

Жұмыстың мақсаты: «ТАН» сериясы сусындарының микрофлорасына морфо-биохимиялық сипаттама беру.

Жұмыстың міндеттері:
- «ТАН» сериясы сусындарының микрофлорасын зерттеу.
- Бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының морфолого-культуралдық және физиолого-биохимиялық қасиеттерін анықтау.
- Бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының практикалық маңызды қасиеттерін анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Химиялық күйіктер

134. Химиялық күйік алу кезінде ұлпалардың зақымдану тереңдігі көп жағдайда химиялық заттың әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Химиялық заттардың концентрациясын және оның әсер ету уақытын мүмкіндігінше тез арада азайтады. Бұл үшін зақымданған жерді дереу краннан, резеңке құбыр шек арқылы ағатын ағынды немесе шелектегі суық көп мөлшердегі сумен 15-20 минут көлемінде жуады.



135. Егер қышқыл немесе сілті киім арқылы теріге түссе, оны алдымен сумен киімнің сыртынан жуып, содан кейін абайлап оны кесу және зардап шеккеннен ылғал киімді шешіп, бұдан соң теріні жуады.



136. Адамның денесіне күкірт қышқылы немесе қатты зат күйінде сілті тисе, оны құрғақ мақтамен немесе матаның бөлігімен алып тастау керек. Содан кейін зақымдалған жерді жақсылап сумен жуады.



137. Химиялық күйік алу кезінде химиялық заттарды толығымен сумен жууға болмайды. Сондықтан жуғаннан кейін зақымданған жер оған басатын таңғыш ретінде пайдаланатын тиісті залалсыздандыратын ерітіндімен тазаланады.



138. Химиялық күйік алу кезінде одан әрі көрсетілетін көмек термиялық күйік кезіндегідей.



139. Тері қышқылмен күйген кезде ішетін (бір стакан суға бір шай қасық ұнтақ) ұнтақ қосылған ерітіндіге салынған баса (таңғыш) қойылады.



140. Қышқыл сұйық, бу немесе газ түрінде көзге немесе ауыз қуысына түскен кезде көп мөлшердегі сумен, содан кейін ішетін (бір стакан суға бір шай қасықтың жартысынан) ұнтақ ерітіндісімен шаю керек.



141. Сілтінің әсерінен күйік алу кезінде бор қышқылының (бір стакан суға бір шай қасық қышқыл) ерітіндісі немесе сірке қышқылының (бір стакан суға бір шай қасық ас сірке суы) сұйық ерітіндісі қосылған таңғыш жасалынады.



142. Сілтінің тамшылары немесе булары көзге және ауыз қуысына түскен кезде зақымданған жерді көп мөлшердегі сумен, бұдан кейін бор қышқылының (бір стакан суға бір жарым шай қасық қышқыл) ерітіндісімен жуылады.

.....
Рефераттар
Толық

Химия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық

Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мазмұны

1-тоқсан
Бөлім/Тақырып 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
Бөлім/Тақырып 7.1В Зат күйінің өзгеруі

2-тоқсан
Бөлім/Тақырып 7.2A Атомдар. Молекулалар. Заттар
Бөлім/Тақырып 7.2В Ауа. Жану реакциясы

3-тоқсан
Бөлім/Тақырып 7.3А Химиялық реакциялар
Бөлім/Тақырып 7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі
Бөлім/Тақырып 7 .3С Салыстырмалы атомдық масса. Қарапайым формулалар

4-тоқсан
Бөлім/Тақырып 7.4A Адам ағзасындағы химиялық элементтер және қосылыстар
Бөлім/Тақырып 7.4B Геологиялық химиялық қосылыстар
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық