Химия | Кокс химиялық өндіріс
Өнеркәсіпте аромат көмірсутектерді алудың маңызды көздері мұнай өңдеумен қатар тас көмірді кокстеу болып табылады. Кокстеу процесін зертханада жүргізуге болады. Егер тас көмірді темір түтік ішіне салып, ауа жібермей қатты қыздырса быраз уақыттан кейін одан газбен будың бөлінгенін байқауға болады. Мұндағы U тәрізді түтікте жағымсыз иісі бар ным канденсацияланады, оның үстінгі жағында аммиак суы болады. Ал әрі қарай өтетін газдар ыдыстағы судың үстіне жиналады. Тәжірибе аяқталған соң темір түтікте кокс қалады.
Тас көмірді ауа жібермей қыздырған кезде негізгі төрт зат түзіледі:
кокс, тас көмір нымы, аммиакты су, кокс газы.
Кокс химия өндірісінің негізі көп жағынан көмірді зертханада кокстеу тәжірибесіне ұқсас болады.
Өнеркәсіптік кокс пеші ұзын да тар камерадан тұрады, жоғары тесігінен оған тас көмір салынады, екінші бөлігі от жағылатын қабырға саңылауы, онда газ күйіндегі отын / кокс немесе домна газы / жағылады. Бірнеше ондаған осындай камералар кокс пешінің батареясын құрастырады. Жану температурасы жоғары болу үшін мартен пештнріндегі болат өндіру әдісі сияқты, газ бен ауа акмералар астындағы регенераторларда алдын ала қыздырылады.
1000ºС шамасына дейін ауа жібермей қыздырған кезде тас көмірдің құрамына кіретін күрделі органикалық заттар химиялық өзгеріске ұшырайды, нәтижесінде 96-98% көміртегінен тұратын кокс және ұшқыш өнімдер түзіледі.
Кокстеу процесі 14 сағаттай созылады. Ол аяқталғннан кейін түзілген кокс - * кокс пирогы * камерадан вагонмен шығарылады да сумен немесе инертті газбен сөндіріледі; камераға кокстің жаңа бөлігі салынады, сөйтіп кокстеу қайта басталады. Ұшқыш өнімдер камераның үстіндегі тесіктерден сыртқа шығарылады да газ жинағышқа келеді, мұнда олардан тәжірибеде көрсетілгендей, ныммен аммиакты су конденсациаланады.
Канденсациаланбаған газдан аммиак және жеңіл аромат көмірсутектер
/ әсіресе бензол / алынады. Амиакты бөлгенде газдыкүкірт қышқылының ерітіндісі арқылы өткізіледі; түзілген аммони сульфаты азот тыңайтқышы ретінде пайдаланылады.
Мұнай қара майының коксі сұйық мұнай қалдығын қара майды арнайы пештерде кокстеу, сол сияқты крекинг және мұнайды айдау өнімдерінің пиролизі кезінде түзіледі, ал көмір қара майының коксі жоғары температурада балқитын қара майы кокстеу арқылы алынады
Кокс салқындаған соң сорттап, домна пештерінде жағу үшін металлургия зауыттарына жіберіледі. Қоспадан тазартылған соң кокс газы өнеркәсіптік пештерде және тұрмыста отын ретінде пайдаланылады, өйткені оның құрамында көптеген жанғыш заттар бар. Ол химиялық шикізат ретінде пайдаланылады.
Кокс – химия зауытында көмірді камераларда кокстеу дүркін-дүркін жүргізіледі. Үзіліспен жүргізілетін басқа да процестер сияқты, бұл процестің де кемістігі бар. Қазір ғалымдармен технологтар тас көмірді үздіксіз кокстеу әдісін іздестіруде....

Рефераттар