Жан Ана

Жан Ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны.....
Шығармалар
Толық

АНА - қасиетті де киелі ЕСІМ!!!

Ана... Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған АНА деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң \"БАУЫР ЕТІМ БАЛАМ\",- деп ақ сүтін беріп, аяалап, МЕНІҢ БАЛАМ КЕРЕМЕТ деп мақтан тұтады. Иә, бірақ біз осы ана махаббатын қадір тұтып, бізде сол керемет адамды аяалап жүрміз бе? Ана көңіліне қаяу түсірместен мақтан тұтатындай сүйкімді жағымыздан көрінеміз бе? Жоқ ондай адамдар саны кемде-кем! Екінің бірі ондай жақсы қылық істемейді! Ана махабатына біз мүлде басқаша жауап береміз... Ұлымыз…
Шығармалар
Толық

Анама хат

Ана туралы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана- кімнің де болса өміріндегі ең жақын адам. Мен бақыттымын, себебі анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды » деген сөздің мәнін терең ұғынып келе жатқандаймын. Анаң бар кезде , қай жаста болсаң да анаң үшін сәби болып қала береді екенсің…
Шығармалар
Толық

Рахат-Би Абдысагин

Абдысагин Рахат-Би Төлегенұлы – жас композитор, пианист, халықаралық конкурстардың лауреаты
Сирек кездесетін әдемі есімі бар жас жігіт Рахат-Би қарапайым отбасында дүниеге келді. Отбасында музыканттар жоқ. Оның әкесі –ғалым, танымал теориялық физик, анасы – педагог және заңгер. Ол жас кезінен бастап музыка, математика, физика, кітап оқу, кескіндеме жасауға қызықты, жүзумен айналысты, тілдердің өзара байланысына қызығушылық танытқан.

Музыка мектебіндегі оқу сапасын ол тек негізгі жалпы білім беретін мектептегі жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқытудың жоғарғы нәтижелерімен ғана байытқан жоқ, сонымен қатар Консерваториядағы (Алматы) музыкалық профессорлардың шеберлік сыныптарына тұрақты қатысу арқылы байытты.
Шығармашылық жолды бастағаннан бастап....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Зульфия Габидуллина Раухатовна

Зульфия Раухатовна Габидуллина – қазақстандық спортшы, жүзу бойынша халқаралық класстағы Қазақстан Республикасының спорт шебері

1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1971 жылы жол апатына ұшырап, омыртқабас, қол және аяқ жарақатын алған.
2013-2015 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және 3 мәрте қола жүлдегері, Бүкіләлемдік ойындардың бернеше мәрте жеңімпазы, әлемнің 12-мәрте рекордсмені.

Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиялық жазғы ойындарда 100 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден Қазақстанға алғашқы алтын медалді әкелді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нурхат Жакиев

Нұрхат Жәкиев – физик ғалым

Нұрхат Қуандықұлы Жәкиев – физика бойынша PhD докторы, 2015 жылдан бері Назарбаев университетінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Бүтін санды сызықтық программалауды пайдаланып энергожүйенің компьютерлік модельдерін жасаған, онысы инвестициялық және операциялық сценарийлік талдау жасауға мүмкіндік береді. Зерттеулер ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ұлыбритания корольдік инженерлер қоғамының, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ғылыми зерттеулерге бөлген гранттары аясында жасалған. Жұмыстардың нәтижесі халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қойылды. Нәтижелер жоғары рейтингілі “Energy Procedia”, "Energy Conversion and Management" (Impact Factor: 5.589) және “The Energy” (Impact Factor: 4.520) журналдарында жарияланған. 15-тен аса ғылыми жарияланымдары, ЭЕМ-ге арналған программаларға 5 авторлық куәлігі және бір патенті бар.
Нұрхат Қуандықұлы Халықаралық Энергетика Қауымдастығы ұйымдастырған энергомоделистер форумында (Брюссель, 2018), Еуропалық Комиссия ұйымдастырған энергомодельдеу сарапшыларының сессиясында (Афины, 2016) баяндама жасаған. Ньютон-Әл Фараби серіктестік бағдарламасының семинарын ұйымдастырған (Астана, 2016). БҰҰ Шектемелі Конвенциясына климаттың өзгеруі туралы VII ҚР Ұлттық хабарламасы мен Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының өнеркәсіптік процестер бойынша ұлттық сарапшы ретінде парниктік газдар шығарылуын болжаудың екі жылдық баяндамасын дайындауға қатысқан. Халықаралық статистикалық сауаттылық қоғамының еліміздегі үйлестірушісі. Польша, Великобритания, Германия елдерінде ғылыми тағылымдамадан өткен.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы жайлы Ұлттық банк төрағасы жақ ашпады

Зейнетақы қорындағы халықтың қасықтап жинаған ақшасының тағдыры жайлы бүкіл ел шулап жатса да, бір аптадан бері жақ ашпаған Ұлттық банк төрағасы кеше журналистерден әрең құтылғандай болды. Үкімет отырысынан шыққан Данияр Ақышев тілшілерді Алматыда өтетін баспасөз мәслихатына шақырумен ғана шектелді деп хабарлайды NUR.KZ, 31 арнаға сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық