Физика | Ғарыш әлеміне саяхат

Зерттеудің мақсаты:
 Ғарыштың таңғажайып сырларымен танысу, ғарышқа алғашқы қадам, ғылымның адам өміріне қосқан үлесін зерттеу, білу;
 Қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
 Ғарыш дәуірінің басталуы, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің бөлімдері:
 Кіріспе
 Ғарыш ұғымы оның пайда болуы, ғарыштық техника.
Негізгі
 Ғарыштық корабльдің ішкі құрылысына жалпы сипаттама
 Ғарышты зерттеуге өз үлесін қосқан ғарышкерлер
 Ғарышқа алғашында нелерді ұшырады
 Ай жердің табиғи серігі
 Жалпы космос, негізгі жетістіктер
 Адам - ғарыштық тіршілік иесі.
 Ғарышты игерудің ғылыми практикалық маңызы.....
Ғылыми жобалар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН-2030 стратегиясы-әлеуметтік-экономикалық дамудың және халықтың әл-аухатын жақсарту бағдарламасы

Кіріспе
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
1. Ұлттық қауіпсіздік;
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
3. экономикалық өсу;
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
5. Энергетика ресурстары;
6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
7. Кәсіпқой мемлекет құру.
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Әлеуметтік жағдайы төмен (жетім) балалардың психофизиологиялық күйі және салауатты өмір салтын насихаттау

КІРІСПЕ
Психофизиология ұғымын XIX ғасырдың, басында француз филолсофы Н. Массиас ұсынған. Писхофизиология физиологияның нақты объективті әдістеріне (сенсорлық жүйелердің табалдырық күшін анықтауға, жауап реакциясының уақытын және т.б. бағалау) сүйене отырып, психиканың көптеген қасиеттін зерттеуден басталған, жаратылыстану саласын да, әлеуметтік гуманитарлық цикіліне де кіретін ғылым. Пән ретінде білім беру бағдарламалардың жоғары, орта және арнайы оқу орындарындағы писхология, биология, педагогикалық мамандар даярлайтын бөлімдеріне, болашақта барлық мамандықтарға да қажетті, әрі бүгінгі ғылым білім саласында өз орнына да ие болатынына толық сенуге тұратын кешенді теориялық-экспериментальдық ғылым.
Психофизиологияның және физиологиялық психологияның да зерттейтін объектісі де, қолданатын әдістері де физиологияның негізінде болғандықтан, В.Вундтың XIX ғасырдың аяғында ұсынған физиологиялық психологиясы да немесе Н.Массиастың психологиялық физиологиясы да біртұтас мақсатағы үндес ғылымдар. Бұған дәлелді мағлұматтар: Дж. Хассет (1981), А.Р. Лурия (1973), Л.С. Выготский (1982), П.К. Анохин (1968), Н.А. Бернштейн (1963), Е.Н. Соколов (1995), Ю.И. Александров (1997), Н.Н. Данилова (1998) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ашылып берілген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Журналистика | Электронды БАҚындағы мәдениет мәселелерінің насихатталуы

Журналистика мен мәдениет туралы жазбас бұрын, алдымен жалпы журналистикаға және мәдениет түсінігіне жеке-жеке тоқталып кетсек. Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді меңзейді. Сол уақыттан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп, өзінің тарихи ролін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамассыз етіп көрген емес. Ол барлық уақытта қоғам өміріне араласып отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, мәдениет, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап, жүзеге асыруға ықпалы болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Сүлеймен Баязитов | Мәшһүр Жүсіп Туысқан бауырларыма бір насихат


«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді.

Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. .....
Әңгімелер
Толық

Бауыржан Момышұлы | Хат

Батыста көп шабуылдың бірі.

Аспанды қапылыста қара бұлт қаптап, солтүстіктің сайтаны ұстап, ызғарлы жел долдана соққанда, өңімнен өтіп барады.

Жел кейде айдаһардай ысқырып, ұйтқыта итеріп өте шығады. Кейде аңдай ұлып ышқынып, ішін тартып, үрейлендіре перідей соғып, астымыздағы жануарды тәлтіректетіп, иығынан екпіндей жұлып, бізді ер үстінен ауытқыта жаздайды. Кейде саябырсып, баяулап, сыбырлай жаяу аяңдап, жер бауырлап, орман жапырақтарын сылдырлата желіп, бізді мазақтағандай сылқ-сылқ күліп майда желіске салып, мәймөңкелей жөнеледі.

— Уа, табиғат. Сен де бүгін сағат сайын құбыла құтырып қажыттың - ау, — деді қасымдағы жолдасым қатарласа беріп, — жолдас гвардия полковнигі, алдағы сарайды паналап, біраз тыныс алып, темекі тартсақ қайтеді, — деді.

— Жарайды, — болды менің жауабым. .....
Әңгімелер
Толық

Эдгар По | Ұрланған хат

Даналыққа қулықтан асқан құбыжық жоқ.

СЕНЕКА

18... жылдың желкемді бір күзгі кешінде Парижде ымырт үйірілген шақта пенкадан жасалған трубканы қолға алып, досым С. Опост Дюпеннің аядай кітапханасында, яғни Сен-Жермен елді мекенінің Дюно көшесіндегі № 33 үйдің төртінші қабатындағы бөлмесінде айырықша рахатқа батып отырған болатынмын. Бір-бірімізге тіс жарып, тіл қатпай бір сағаттан артық отырдық, сырт қараған адамға мен де, досым да бұрқырап, бөлмені кернеген темекі түтінінен көз алмай, мелшиіп қалған тәрізді болып көрінуіміз де ғажап емес. Алайда мен кешқұрымғы әңгімеміздің арқауы болған оқиғаны ойша сараптап отырғанмын.— Мен бұл арада Морг көшесінде болған оқиға мен Мари Роженнің өліміне байланысты құпия жөнінде айтып отырмын. Міне сондықтан Париж полициясының бастығы, біздің байырғы танысымыз мосье Г... есікті ашып, кітапханаға кіріп келгенде, мұның өзі маған күтпеген әдемі үйлесім болып көрінді.

Біз онымен шұрқыраса амандастық, өйткені оның жағымсыз мінезі мен жақсы қасиеттері тең түсіп жағатын да, әрі біздің көріспегенімізге талай жылдар болып кеткен-ді. Ол келер алдында ақшамда жарықсыз отырғанбыз, енді Дюпен шам жағуға ұмтыла беріп еді, бірақ Г. бізбен — турасын айтқанда, менің досыммен өзін әбден әбігерге түсірген бір мемлекеттік маңызы бар іс жөнінде ақылдасуға келгенін айтқанда ол өз креслосына қайта сылқ ете кетті. .....
Әңгімелер
Толық

Ыбырай Алтынсарин | Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары


А

Қамқор, дуагөй атам мен әже, сіздерге ықласты сәлемдерімді жолдап қаламын. Өзім сіздердің оң баталарыңыздың арқасында сау-саламат бармын. Өткен почтадан жіберген сәлем хатыңызды, азын-аулақ ақшасымен, жолығып алдым. Алла разы болсын, мендей нашар балаңызды естен шығармай тұрғаныңызға. Ықыласыммен Құдай-тағаладан тілеймін: сіздердің еңбек қамқоршылығыңызды бізге де қызметімізбен өтеуге жазғай еді деп. Оқыған оқуымыз турасында бұл күнде ұстаздарымыз сонша разы. Жаңада ең жақсы оқыған балалардың есебіне қосып, кенегесіне жазып қойды. Ата, сіз әрқашан ақыл айтушы едіңіз: «балам алаң болмай ұстаздарыңның айтқанын орнына келтіріп, берген сабақтарын толық үйреніп, білуге тырыс» деп, мен ол сөздеріңізді ұмытқаным жоқ...

Сіз жазасыз, ата, Қасенге қорасан4 шықты деп. Аман жазылып кеткеніне қатты қуандым. Бізге ұстаздарымыз айтады: қорасанды егіп шығарған балаға қайта қорасан шықпайды, шыға қалса, қатерсіз, жеңіл шығады, — деп. Осы сөзді жөні келсе ескеріп, жақын жердегі лекарьлерге5 кішкентай інілерімді апарып, шешек ектірген қалай болады екен?

Қош, дауаларыңыздан үміткер балаңыз Н......
Әңгімелер
Толық

Баубек Бұлқышев | Сапердің дзотты тапсыру кезінде жаяу әскерге жолдаған хаты


Мен бұл хатты дзоттан жазып отырмын. Біз осы тамаша бекіністі тек жаңа ғана сен үшін арнайы салып бітірдік. Біз — саперлер бұған өзіміздің бар шеберлігімізді жұмсап, дзоттың мүмкіндігінше жақсы да мықты болуына күшімізді салдық.

Оны салу барысында біз бір-бірімізге:

Жаяу әскер бұл бекіністен фашистерге — біздің ата жауымызға қарсы оқ боратады. Мүмкін ол немістерді бекініске жақын жіберіп, оларды ондап жояр. Мүмкін жау дзотты қоршап та алар, бірақ біздің жаяу әскер досымыз фашистер түгелдей қырылғанша шайқасады,— деген едік.

Онда қарт сапер Семен, айналаны шолып өтіп:

Бұл арада қып-қызыл шайқас болады! — деді.

Мұны естіген комсомолец Ғазиз:

Көзіммен керсем бе, сол ұрысты?!—деп саңқ еткені әлі құлағымда. .....
Әңгімелер
Толық