— Сен мені танымай қалдың ба, неге үндемейсің Мақсұт?
Ол тіл қатпады. Босағада тұрды да қойды.
— Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды, Мақсұт. Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой.
Ол үндемеді.
— Қартайдым, Мақсұт. Ал сен дәл осыдан отыз жыл бұрынғы қалпыңда қалыпсың.
Ол үндемеді.
— Танымадың ба, Мақсұт? Мен Хадишамын ғой! Сені әне келеді, міне келеді деп отыр едім. Жұрт көрсе, сені менің балам дер. Сен, сірә, сол сөзден қорқып тұрсың ғой.
Ол үндемеді.
— Босағада тұрғаның қалай, Мақсұт! Төрге шық, өз үйің ғой.
Хадиша Мақсұтты қолынан ұстап төрге алып шықпақ болып,ілгері аттайын деп еді — орнынан қозғала алмады. Арада екі адым жер, бірақ алынбас асу сияқты. Жілік-жілігіне қорғасын құйып, жерге қағып қойғандай тырп етуге дәрмен жоқ.
Самолет таңғы бесте ұшады. Аэропортқа самолет ұшардан бір сағат бұрын жету керек. Ереже солай. Бұл үшін түнгі үште ұйқыдан тұрып, жолға шықпаса болмайды. Түнгі үште аэропортқа экспрестен басқа көлік жүрмейді. Экспрестен қалып қоймау керек.
Ақиқат түнде төсекке жатар алдында осыны қайта-қайта ойлап еді. Сондықтан шығар, оның ұйқысы мазасыз болды. Түрлі-түрлі түстер көрді. Ол Күншуақ қаласы мен Боранды станциясының арасында жүретін жолаушылар пойызының ревизорынан жас күнінде жаман қорқушы еді. Каникулға шығып, жүрегі алып-ұшып, көптен сағынған үйіне асығып бара жатқанда, билетсіз Ақиқатты тікірейген жез мұртты, дөп-дөңгелек сары көзді, қалың қабақ ревизор бұра бастырмай, тамбурда тұрған жерінен ұстап алып, қатты қысушы еді-ау.
Міне, мына түнде сол жез мұртты, дөңгелек сары көзді ревизор түсіне кірді. Бір мезгіл ревизор үп-үлкен мысыққа айналып, Ақиқатты бір аяғымен басып ұстап тұрып, папкасынан айып қағазын суырып жатты.
Ақиқат осы түстен оянып кетіп, жол жүретіні есіне сап ете қалып, сағатқа қарады. Ала көлеңке үйдің ішінде кішкентай қоңыраулы сағаттың фосфорлы жасыл тілі жарқырап түнгі бірді көрсетті. Кішкентай сағаттың жарқыраған жасыл тілі томпаңдап жүгіріп бара жатты.
— Ақантай, неге ұйықтамай жатырсың? Әлі ерте ғой, — деді Ақлимаш ұйқылы-ояу еріне қарай аунап түсіп. Терезеден түскен ай сәулесінен ақ маңдайы көрінді. — Сені мен ешқайда да жібермеймін, — деді жас келіншек буынсыз ақ білегімен жігіттің мойнынан қапсыра қатты құшақтап алып.
Жұбайының жүрегінің астынан бірдеңе бүлк-бүлк етіп бұлқынып-бұлқынып қалғанын Ақиқат анық сезді. .....
Шілденің орта шені болатын. Елге демалысқа барып едім. Күн бойы кітап оқып, жалыққан соң, кеш бата, мал келер шақта, есік алдына шығатын әдетім бойынша бүгін де далаға шықтым. Күннің аптабы кайтып, әдемі бір қоңыр самал ескен жайлы кеш екен.
Біздің үйдің алдында бір шағын ғана төбешік бар-ды. Ауылдың үлкен кісілері кешкілік осы төбешікке жиналып отырып, әңгіме-дүкен құратын.
Бүгін сол дөң басында ағам мен Дәуітқали аға ғана отыр екен. Өз ағаларым болған соң, мен де қастарына бардым. Үлкен адамдардың арасына жас әйелдер бара бермейді ғой. Сондықтан ба екен, әлде байқамағанмын ба, әлде байқасам да мән бермедім бе екен, әйтеуір төбешік үстінен ауылдың айналасы көкжиекке дейін алақандағыдай болып көрінеді екен.
Айналасын беткейі қалың қараған, тобылғыға толы адырлы қоңыр таулар қоршаған бұл қалын ауыл ертеректегі иесінің есімімен Стамбек ауылы деп аталады. Бұрынырақта салынған қазақы, тоқал тамдардың арасынан төбесін етіп, шатырлап жауып, сылап тастаған, сыртын әктеген еңселі ақшаңқан жаңа үйлер де көрінеді. Ондай үйлердің алдында шөп үйетін, мал қамайтын қоралар бөлек орналасыпты. Ауылдың алды кең далаға ұласады. Даланы қақ жара толқыны жоқ, суы мол, жіңішке ғана Бөке өзені ағады. Өзеннің екі жағасы да жалпақ көгал. Көгалда өзенге түсіп, асыр салып жүрген ауыл балалары.
Ауылдың дәл қарсысында Қара кезең аталатын жалпақ кезең.
Кезенді асып ауылға қарай тіке құлаған қасқа жол өзендегі өткелге келіп жалғасады. Ауылдың төрт түлігі осы өткелге келіп құлады......
Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдың аяқ кезі болса да, астана ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшеңдер көп кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай басатын болыпты.
Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар айқын аңғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.
Комсомол көшесінің қиылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін, үйлердің номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа қарай бер деп түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ақ сырмен 117 деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.
Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды әлде бір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жатқан ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл осындай болып, көңіл қобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін, дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.
Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.
Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.
Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды.
Интернаттың балалары демалысқа ауылдарына кеткенде, Нарбота күн ұзаққа ауладағы ас үйдің күншуағында кітаптан бас алмай отырады да, кешке өз төсегінен қашып менің қасыма келеді. .....
Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.
Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.
Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды. .....
Күні бойы көзі жұмулы тұрған намазшам гүлдің қауашағы ашылып, бақшаның айналасы жұлдызды аспандай жайнап сала берген кезде, думанды жерге Әбдібек те жеткен еді. Әбекең тойға дәу қара ешкіні мүйізінен сүйреп әкелді. Бір қолында той-анаға деген тартуы, бір қолында көне балдақ. Маңдайындағы жыра-жыра әжімнен шып-шып тер шығып тұр. Басындағы киіз қалпағы бір шекелеп қисайып кеткен. Тырысқақ кебенектің азабы аз болмағанға ұқсайды.
Әбдібек бұл тойға қара ешкіні емес, тайдай қызыл қойды әкелмекші еді, Гүлайым көнбеді.
— Байғұс-ау, ертең оқу бітіріп балаң келеді, сонда соймаймыз ба, — деп жолатпады.
Жегжаты қара ешкіге көңілі тоя қоймасын Әбдібек білетін. Бірақ, мұны елеп, шақыру қағазын жіберген соң, қыз ұзату тойына құр алақан баруды ұят көрді де, осы, бір сиырдың сүтін бір өзі беретін дәу қара ешкіге көзі түсті.
Ұзатылған қыздың әкесі сыр бермеген болды.
— О, Әбеке, хош келдіңіз! Әп-бәрекелде-е! — десе де, шәушиген көсе беті тыржиыңқырап, шегір көзі өтірік күлімдеп, Әбдібектің құттықтауын жүре тыңдап, алдына екпіндей келіп тоқтаған «Жигули» жаққа елпеңдей басып кете барды.
Әбдібек қара ешкіні мал қора түбіндегі қазыққа өзі апарып байлады.
Мейман көп келді. Дені «Москвич», «Жигули» мініп, осы заманның тұлпарларынан түсіп жатты. Олардың ішінде ешкі жетектеп келген бөтен ешкім болған жоқ. Әкелген сыйлары: телевизор, тоңазытқыш, кілем, ең жоқ дегені электр самаурын. Тіпті қыздың біp жездесі мың сомдық импорт гарнитур сыйлапты деп те сөз тарап кетті.
Намазшам байып бара жатқан мамыр айының аяқ шені. Hay теректер басында құс атаулы той боларын сезгендей у да шу. Гүлдеген жиде тоғай жатқан самал желмен жұпар иісі аңқиды. Қаладан «Волга» мініп келген қалыңдық қыздың жездесі костюмінің омырауын ашып тастап, самалға төсін тосып:
Бар екен де жок екен, аш екен де тоқ екен. Ілгері заманда бір патша болыпты. Оның он екі жасар баласы мектепте оқып жүріпті. Осылай болып жүргенде, бір күндері болғанда патшаның бір биесі бес-алты күн жоғалып кетіп, оны жылқышы іздеп жүргенде ол бие бір көлдің жағасынан табылыпты. Ол биеге жылқышы жақынырақ барса, қасында бір жылқы тұрған екен, жылқышыны көріп, ол жылқы суға түсіп кетіпті. Жылқышы биесін жылқысына қосып қойып, балаға келіп болған нәрселерді осылай да, осылай деп айтыпты. Осылай болып жүріп, бір жыл болғаннан кейін жаңағы бие туыпты. Бие туған заман бала құлынын үйіне алып келдіріп, өз қолында тәрбиелей бастайды.......
Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ол ханның жалғыз баласы болыпты. Баласының басқа шаруаға кемдігі жоқ, құлағы есітеді, көзі көреді, бірақ сөйлемейді, тілі жоқ. Хан жалғыз баласының тілі жоқтығына ішінен қайғырып, бір күні халқын жинап алып:
— Кімде-кім менің баламды сөйлетсе, мен сол кісіге өгіз тұлыппен алтын беремін. Жан-жаққа жар салып хабар шашты. Бір күні сол хабарды есітіп, бір қарт адам ханға келіпті. «Тақсыр хан, сенің шақырған хабарыңа келдім. Сен айтқан уағдаңда тұрсаң, мен балаңды сөйлетемін», – дейді. «Хан айтпайды, айтса айтқаннан қайтпайды деген қайда. Ханның сөзінде екілік болмайды. Баламды сөйлетсең, тағы да астыңа ат мінгізіп, үстіңе шапан кигіземін», – дейді. «Жақсы, олай болса, ел-жұртыңды жина. Мен айтатынымды сонда айтамын», – дейді. Хан: «Жақсы, болады», – деп, уәзірлерін, атарман, шабармандарын шақырып алып, жан-жаққа ат шаптыртып, халқын жияды. Хан халқын жинап алып......
Баяғыда Әуезхан деген хан болыпты. Ханның қырық баласы бар екен. «Осы балаларыма бір жерден қалың берсем екен», – деп ойлайды екен. Бірнеше жылдар өткеннен кейін хан бір байдың қырық қызы бар деп естиді. Соған қалыңмалына сөйлесіп, құда түсіп келуге кісі жіберіпті. Ол байға барып: — Бізді хан жіберді. Балаларына сіздің қыздарыңызды айттырғысы келеді, – дейді. Бай: — Қыздарыма қалыңмалға мал алмаймын, менің үйімнен өздерінің үйіне дейін тұп-тура жол болсын, жолдың екі жағында бау-бақша, оның түбінен су шығып, бұлбұлдар сайрап тұратын болсын және осы......