Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың шығармашылық ғұмыры XIX ғасырдың 90 –шы жылдарының орта тұсынан басталып, шамамен ол репрессияға ұшыраған 1937 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Әрине, 20-30 жылдар Бөкейхановқа творчестволық еңбекпен айналысу үшін қолайлы кезең болды деп айту қиын, дегенмен бұл жылдары да ол өмірінің мазмұнына айналған үйреншікті ғылыми және әдеби тақырыптардан қол үзген емес. Ә.Бөкейханов 1913 жылдың ақпанынан бастап Орынбордан шыға бастаған «Қазақтың» негізін қалап, бағыт-бағдарын анықтаушылардың бірі болып қана қойған жоқ, сондай-ақ газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған ең белсенді және өндірімді авторлардың қатарында болды. Ал, «Қазақ» болса 1913-1918 жылдар аралығында ең алдымен белгілі үштік, яғни А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов және М.Дулатовтардың табан ет, маңдай тер еңбегінің арқасында жалпыұлттық басылым деңгейіне көтерілуімен бірге, ұлт-азаттық қозғалыстың баспа үніне де айналған еді. Тура осы мезгілде ол қазақ қоғамында отарлық және феодалдық езгіге қарсы күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті......
Ақ сағымы бұлдыраған шетсіз-шексіз сайын дала, бүгінде ерекше құлпырып тұр. Жасыл желекке оранып, самал желі зырлай соғып жаныңа жайлылық бередей құшағын айқара ашуда. Құдды жап-жасыл кілем төсеп қойғандай болып, көк майса шөптері, әр жерге абайсызда төгіліп кеткен бояу сынды қызылды-жасылды гүлдері, сол гүлдерден балшырын іздеп шарқ ұрып жүрген баларалары, таудан бастау алып сылдырай аққан мөлдір бұлағы маң далаға айрықша сән беріп, көңілмен ұғар жарасымдылық тапқандай. Сол даланың маңғаз салтанатындай болып ақ шағалаға ұқсап кіршіксіз әрі тұла бойы ою-өрнекке тұнған еңселі киіз үй тұр. Ежелгі хан ордасы осы мекен деп қалғандайсың. Киіз үй ішінде төр жақта реттеліп қойылған жүкаяқ үстінде қат-қат көрпелер, сәл беріректе төр көрпе, текемет, алаша сияқты көздің жауын алар әсем дүниелер қаббаттаса жайылыпты. Мұнан бөлек үй іші түлкі, қасқыр, қоян сынды ірілі-ұсақты аң терілеріне малынып тұр. Бұның өзі киіз үйге өзгеше сән беріп тұрғандай. Оң босаға жақта бірден көзге ұрып, менмұндалап тұратын басқалардан ерек бір нәрсе бар. Ол нәрсе алтындалған тұғыр үстінде қайратты қанаттарын қомдап,жан-жағына отты көзін жарқылдата тігіп отырған қыран бүркіт еді. Пышақтай өткір тегеурінімен тұғырды сығымдай ұстап, әрі-бері қозғалақтап қояды. Жіліншігіне тағылған қызыл жібек бау да қыранның ерен айбатын білдіргендей. Анда-санда жем тілегендей ‘‘шаңқ’’ етіп қояды. Бірақ неге екені белгісіз, даусы әлсіз, талмаусырай шығады, енді бірде аспан мұхитын еркін шарлағысы келгендей түндіктен алып күнге өткір данарын қадай қарайды. Сөйтді де тас мүсіндей қатады да қалады. Бәлкім, өз тағдырын, өткенін сан мәрте қайталай ойлайтын шығар. Кім білсін?
... «Малайсары Тархан» қоғамдық қоры құрылып, облыстық әділет департаментінде заңды тұлға ретінде тіркелді. 2015жылдың 21қаңтарында оған бас құрылтайшысы болуға кең байтақ қазақ еліне есімі кеңінен мәлім ел тәуелсіздігін табандылықпен қорғап, ыстығына күйіп, суығына тоңып, өркенді істерімен танылған Тито Уақапұлы Сыздықов мырза келісім берді.
Ол бұрында ел тарихы оның еңіреп өткен ерлеріне ұлы тұлғаларына әманда жүрегінің төрінен орын беріп, оларға байланысты атқарылатын әр істің көшбасшыларының қатарынан табылатын. Сонымен қатар қор мүшелерінің арасында талай игілікті істің басы- қасында болған, басқарған Қуат Есімханов ағаның, т.б. азаматтардың болуы ел сенімін арттыра түскен еді.
-Қоғамдық қор мүшелерінің ұсыныс-тілектері, ортақ ұйғарым шешімдері бойынша жұмыс жоспары жасалып, бекітілді,- деп еске алады. .....
Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.
Назарбаева Сара Алпысқызы
Ұлттық сана, ұлттық тәрбие... бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде аса маңызды болып табылатын рухани-адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірден-бір пән өзін-өзі тану пәні болып табылады. Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Айналаға, қоршаған ортаға, қоғамға, қыбырлаған кез-келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі болып табылады. Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін-өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор. .....
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін......
"Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік"-деп Абылай хан айтқандай елбасымыздың болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ісімізден санамыз озып жүру керектігі тайға таңба басқандай анық айтылған. Біздің ендігі мақсатымыз тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына ену. Елбасымыз бұл тұрғыда болашаққа қадам басатынымызды және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы рухани жаңғыру мақаласында өз қөзқарасымен, алға қойылатын мақсатты айқындады. Ал осы айқын мақсаттардың орындалуы үшін жасалатын қадамдар асқан көрегенділікпен жасалалуы тиіс. Елбасымыз айтқандай " жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу ". . Себебі өткеніңді білмей болашақты болжау мүмкін емес. Ендеше болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін тарихымызды жаңаша жандардыруымыз қажет. Елбасымыз бәсекелестіктің рухани жаңғыру үшін маңызы зор екенін атап өтті. Шыныменде бәсекелестіксіз ешнәрсе болуы мүмкін емес. Елбасымыз айтқан тұжырымды ойлар ешқандай ешқандай дәлеледеуді қажет етпейтін тәжірбиеден өткен қатаң қағидалар. Тәтіпке бағынған құл болмас дегендей біз елбасымыздың қадап айтқан қатаң қағидаларын қолдана отырып, дамыған елдердің көшін бастауымыз керек. Рухани жаңғырудың маңызы қандай?
Рухани жаңғырудың маңызы мен мақсаты санасы сау, тарихын танитын,революциялық емес эволюциялық дамуды қолдайтын, прагматизмді сақтайтын заманауи талаптарды жатсынбайтын, әмбебап бола алатын жаңалыққа құштар, білімдар қоғам қалыптастыру. " Рухани жаңғыруымыз жаңғырық болып қалмас үшін " тұжырымды ойлардан, тағылымды тәрбие алып, ісімізден нәтиже шығаруымыз керек!!!.....
Адам өмірді қалай қабылдаса,солай өмір сүреді. Адамның өмір сүру деңгейіне қарап, ойлау деңгейін білуге болады. Мына әлемде қанша адам өмір сүрсе, сонша көзқарас, сонша пікір бар. Және әркім өз ойымен өмір сүреді. "Қате пікір болмайды. Тек біздің пікірлерімізбен сәйкес келмейтін пікірлер бар" дегендей біз ешкімнің пікірін қате деп жоққа шығара алмаймыз. Және барлық пікірді де дұрыс деп айтуға болмайды. Қате пікірлер жоқ бірақ орынсыз пікірлер бар. Себебі дүниеде миллиардтаған адам болса соның бәрі бірдей данышпан емес қой. Бірақ бәрініңде санасы бар. Иә мінсіз адам болмайды. Кемшіліксіз болмасақ та,сол бойымыздағы кем нәрсені толықтырып, дүниеге адам болып келгенен соң адам болып кетуге тырысу керекпіз! Осы деңгейде болатындай ойлау дәрежеміз болу керек. Алла бізге өзге тіршілік иелерінен артықшылық етіп сана мен сезімді берді. Бірақ соңғы кездері санамыздың сапасы төмендеп бара жатқандай. Тым таяз ойланамыз! Қоғамдағы қатыгездік пен қателіктер міне осы сапасыз сананың көрінісі. Рухани сананың рухының төмендігі! Негізгі айтар ойым: Алла берген сананы биігіне шығара алмасақ хайуаннан айырмашылығымыздың жоқ болғаны. Ешкім өзін хайуанмен теңестіргенін қаламайды ғой. Ендеше рухани санамыздың сапасы адам деген атқа лайық болғаны жөн. .....