Қазақ әдебиеті | Шоқан Уәлихановтың өмірімен ағартушылық қызметі

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Қазақ топырағында ағартушылвіқ идеяның туын алған көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақты быімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхаттшы, талмас географ, білгір әдебиетші шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш, нәзік психолог, тәлімгер-үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосуы осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеудің маңсаты:
Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайва айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", "ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылуы, соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатуы, ал атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Шетелдегі экономиканы реттеудің қаржы-инвестициялық механизмі (Оңтүстік Корея республикасы мысалында)

1 Шетелдегі экономиканы реттеудің қаржы-инвестициялық механизмі (Оңтүстік Корея республикасы мысалында)
Бүгiнде әлемдiк экономикада барлық елдердiң негiзгi мақсаты мен бағыт-бағдары тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартып, әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк орнын мығымдауға ынталы болады.
Бiрақ әрбiр елдiң экономикалық өсуге қол жеткiзуi әр деңгеде және әр түрлi формада көрiнiс табады. Бiзге белгiлi қазiр әлемдегi елдер даму жағынан үш түрге бөлiнедi. Олар:
1. Жоғары дамыған елдер;
2. Дамушы елдер;
3. Даму жағынан артта қалған елдер.
Қазақстан Республикасы әлемдiк экономикаға өзiнiң егемендiгiн алғаннан кейiн дамушы ел ретiнде өз орнын тапты. Себебi Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шаханов поэзиясының әлемі

М. Шаханов поэзиясының әлемі
Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал. Ақынды жаңашыл ақын деймiз, қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп, шиеленiстердi шешуге белсене бел буған ақынның ар намысы мен солмас рухы оның жалынды жырларында көрiнiс тапқан.
“Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит қазақтар өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде сөйлеуге үндейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шоқан Уәлихановтың этнографиялық зерттеулері

Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі.
Шоқан Уалиханов (дұрыс есімі – Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан – анасының еркелеп қойған аты) 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған, әкесі Шыңғыс Уалиханов атақты аға сұлтан (бүгінде алғашқы этногрофшы ретінде де танылуда), арғы атасы орта жүздің ханы Абылай болған. Шоқанның балалық шағы әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата мекені – Сырымбетте өтеді. Бала Шоқанның сана сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле беруіне әжесі айғаным үлкен әсер еткен. Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының негіздерін меңгереді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Сонымен қатар араб тілін кейіннен ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Шоқан осы уақытта халық поэзиясына да құмартады. Ол «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Еркөкше» халық дастандарын жазып алады және шығыстың халық поэзиясына қызығушылық танытқан. 1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет ұзақ сапар шегіп, әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді, Мұнда Шыңғыс өз баласын Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Осында Шоқан Уалиханов білім нәрімен сусындалып ғана қоймай орыстың мәдениеті мен демократиялық көзқарастарымен танысады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі

Кіріспе
Ш.Ш.Уәлихановтың өмірбаяны туралы. Ш.Уәлиханов (дұрыс есімі Мұхамед-Қанапия, ал Шоқан – анасының еркелетіп қойған аты) Құсмұрын бекінісінде 1835 жылы қараша айында туған. Шоқанның әкесі, ата-бабалары ескі сұлтандар әулетінен шыққан. Оның арғы атасы, орта жүздің ханы – Абылай Россиямен сауда және саяси байланыс жасап отырған.
Оның үлкен ұлы орта жүздің ханы – Уәли. Бұл байланысты одан әрі Уәлидың есімін алып, өзін «Уәлиханов» деп аталған.
Щыңығыс Уәлиев – Шоқнанның әкесі 1811 жылы Қызыл ағашта туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жасар еді. Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла мұрагер болуы керек еді, бірақ ол жер аударылып кетеді де, өзінің бұл правосына ие бола алмайды. Сөйтіп семьяға Уәлидің жесірі Шоқанның әжесі Айғаным (1783-1853) өзі бас ие болады.
Айғаным Сырымбетте 1853 жылы 19 қараша күні қайтыс болады. парасатты, терең ойлы Айғаным әрі көреген орыс тілін жете меңгерген, қазақ халқы мен орыс халқы арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын көздеген кісі.
Шоұанның жан-жақты дамып, орыс тіліне жақын болуының бірден-бір себепкері болды.
Білім маңызын терең түсініп, орысша оқыған Шыңғысты Айғаным 1827 жылы Сібірдің линиялық казактардың әскери училищесіне оқуға түсіреді.
Онда ол 7 жыл оқып, көркем өнер, тарих пен географиядан, ғылым әдебиеттен, өз елінің статистикасымен терең мағлұмат алады. Оқуды бітірген соң Аманқарағайға барып сонда ол майор шені, бертін келе полковник шені беріледі. Осында жастайынан атастырып қойған қалыңдығы Зейнеп Шарман қызына үйленеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті ғапым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен жылы ғана 170 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға, сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып, оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ. Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов – Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің “Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды” [ 19 ,160 б] дегеніндей, Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық құқығы | Халықаралық салық салудағы оффшорлық механизмдер

Кіріспе
Біздің мемлекет ұзақ уақыт бойы сыртқы әлемнен бөлініп тұрды және ол жағдай еліміздің экономикалық дамуына үлкен әсерін тигізді. Көптеген экономикалық түсүніктер біз үшін бейтаныс болды. Шекаралар ашылып, кәсіпкерлікке рұқсат берілгеннен кейін кәсіпкерлер бизнеспен , оның ішінде халықаралық бизнеспен айналыса бастады.
Қазіргі таңда қазақстандық экономика сынық алдында бірнеше мақсаттарды шешу міндеті жүктеліп отыр: тауарлы – ақшалай қатынастармен, нарықты экономика, оның құрылымы мен инфраструктурасын қайта жаңғырту; конверсияны, салалардың реструктуризациясын және модернизациясын жүзеге асырып, жемдік шаруашылыққа шығу қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы мен Қазақстан мемлекетінің, мақсаттары қысқа және орта мерзімді даму бағыттарында сәйкес келмейді. Мемлекет пен ұлттық экономиканың мақсатына жету құралының қайнар қоры біреу. Бұл кәсіпорындардың және олардың жұмысшыларының кірісі. Ал бұдан мынандай қорытыңды жасауға болады. Ұлттық экономика мен мемлекет ұлттық кірісті қолдану бөлігінде бәсекелестер болып табылады.
Бұл жағдайлар мемлекетпен бәсекелестік күрес кезінде кәсіпорындардың өзінің позицияларын күшейту үшін әр түрлі әдістерді қолдану мүмкіндігін анықтайды.Әлемдік тәжирібе бұл күрестің тиімді әдісі бұл жеңілдіктерді аймақтарға,бұл аймақтардағы жеңілдіктері бар оффшорлық компаниялары бар халықаралық салықтық жоспарлауды қолдану болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ұлттық ойын: Хан талапай

Хан талапай - қазақтың ұлттық ойындарының бірі.

Ойнаушылар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан ерекшені хан деп тандап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық қандай жағымен құлағаны маңызды, өйткені асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Егер ойнаушы тигізбесе немесе басқа жақпен тигізіп қақса, онда жүріс келесіге беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтын жоғарғы бөлігімен жасалынады. Хан кімде болады, сол жеңімпаз аталады. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Хан ату

Хан ату- Қазақтың ұлттық ойындарының бірі.

Ойынға көп асықтары бар 2 немесе 4 ұл бала қатыса алады. Үстел алдында отырып, бүкіл асықтарын шығарады (мысалы, 3 адам 10 асықтан). “Хан” түрінде белгі бір асықты тандайды және бір немесе бірнеше асықтарды ортаға қояды, сосың оларды қолға алып, кезекпен едеңге лақтырады. Егер осы уақытта “хан” алшы қалпында болса, онда осы қалпында тұрған асықпен оны соғу керек. Дәл осылай “хан”, бүк немесе ішік қалпында болса. Соққан асықты қалтасына салып, қатысушы ойынды жалғастырады. Егер ойнаушы”ханға” көздегенде басқа асыққа тигізсе немесе мүлдем тигізбесе, онда ол ойыннан шығады. Асықтарды келесі жинайды және лақтырады. Ойын асықтары біткенше дейін жалғаса береді.

Бір ережені ескертуі жөн: асықты лақтырғанда, “хан” асықтардын астында қалуы мүмкін және асықтардан тазаланбайды. Сонда лақтырған: “хан талапай” деп бақырады. Ойнаушылардың бәрі, асықтарға жауылып көбірек алуға таласады......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Тарих | Монғол мемлекетінің құрылуы Шынгыс хан

Кіріспе
Монғолдардың әлем тарихында алатын орны зор. Монғол шапқыншылығы қазақ халқының орта ғасырлық мәдениетін қалаларының дамуын тежейді. Бұл жорықтар нәтижесінде қазақ халқының дамуы ІІІ ғасырға дейін тоқтады. Орта Азияда Монғолдарға қарсы қарсылық көрсеткендердің ішінде Отырардың билеушісі Қайырханды атап көрсетуімізге болады. Ол Отырар қаласын Монғолдардан алты ай қорғады.
Монғол әскерінің күшті болуына Шыңғыс ханның «Яссы» атты заңдар жинағы және оған қоса жауынгерлерінің құдіретті болуы әсер етті. Олардың атты әскері күшті болды. Олар Солтүстік Қытайды жаулап алған кездегі өздеріне қажетті қарулар алуы да көмектесті.
Монғолдардың билеушісі Шыңғыс хан өзінің алдына қойған мақсатында әлемді билеу болатын. Шыңғыс хан өзі Орта Азия мен Солтүстік Қытайға жорықтар жасады. Монғолдардың Батысқа жорығын Шыңғысханның немересі (Үлкен ұлы Жошының баласы) Бату басқарды. Солтүстік Русь жеріндегі жорықтары Новгородқа дейін жетті. Новгородты неліктен жаулап алмағаны әлі де белгісіз. ....
Курстық жұмыстар
Толық