Әдебиет | Ахмет Иассауи іліміндегі рухани құндылықтар және қазақ таңымындағы маңызы

Адамзат баласына рух берген Құдай азар беруден алшақ тұрса, адамзат баласы қалайша адамға азар берсін. Мұны адамзат игілігін көздеген барша руханият қолдап, уағыздап келеді. Соның ішінде сопылық қауымдастықтар бұған үлкен мән береді. Сопылық жолындағы тақуаларды ізгі ниеттілікпен жаратылған адамзат жанының азапталуы ресми түрде ойландырды. Адамзаттың есен-амандығын тілеген тақуалар Аллахтан өзіне азар беруді сұранады. Сондықтан да жетілу жолындағы муридтерде азап беруден гөрі азап тарту басымырақ. Аллахтың жүзіне ғашық болған муридтерге азап тарту ғашықтық өтеуіне айналған сынақ тәрізді. Ахмет Иассауи де пайғамбар хадистеріне сүйене отырып, бұл тұрғыда:

Жалған атақтан арылып сәби болдым,
Алла атын айта-айта ашық болдым.
Аллаға бар жаныммен адал болдым,
“Фанафи Алла” мақамына салдым, міне.

Сүндет емес кәпірге де берсе азар,
Көңілі қатты, діл азардан құдай безер.
Ондай құлға Алланың азабы даяр,
Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне [1.20].

Мутасаууфтардың “Қайырымды ісіңе жоғары қайырымдылық аласың, зұлымдық істесең жазырын тартарсың”-деп тереңнен толғаған сөздерінен аңғаратынымыз да адам баласына азар бермеу. Ахмет Иассауи де бұл дәстүрден алшақ кетпеген. Хикметтерінде көңілі қатты, тоң мінезді жандардан Алла да безініп, оларға қахарын төгумен қатар азап та бергендігі айтылады.
Жетілу жолындағы муридтер жан тазалығын сақтаған. Оның жүрегінде мұндай дертке орын жоқ. Ахмет Иассауи муридтерінің әрбір істеген ісі мен сөйлеген сөзінен ақиқаттық сарын байқалып, ол оның мәртебесін асқақтатқан. Бірақ ол өзінің беделінің өскенін, халықтың құрмет тұтып қарағанын еш уақыт елемей, өз бойындағы қасиеттердің барлығын Алладан берілген деп санайды. Халқының қамын ойлап, солар үшін Аллаға басын исе, Алланың назарын өзіне аударғандай хәл кешкен.....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ

Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі.
Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты.
Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімізді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан.
Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қазақ тілі басымдыққа ие бола алмай отыр. Мынау ақпарат заманында тілдік қолданыстың зор кеңістігі ақпаратпен байланысты екендігін білесіздер. Телехабарлар, газет-журналдар орыс тілінде болған соң, үлкен де, кіші де сол тілде сөйлеуді дағдыға айналдырған. Өз тілін біле тұрып, өзге тілге үйір болудың үлкен бір сыры да осында. Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деген еді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АЛФАВИТ РУХАНИ БІРЛІК НЕГІЗІ

Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. «Барар жерді мақтай бер, қалар жерді таптай бер» дегендей латын алфавитінің ерекшелігін айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр. Түркілік қауымдастықтан бөлініп қалмас үшін бізде латын графикасына көшуіміз керек. Онан қалса бұл алфавит экономикалық жақтан тиімді, техникалық жақтан артықшылықтарға ие. Озық ғылыми техникаға жеткізетін жол. Көз алдағы жағдайларды ескергенде және мәселеге бір ғана экономикалық тұрғыдан қарағанда, бұл пікірлердің орынды жағы да жоқ емес. Дегенмен, біз қандай алфавитті таңдаймыз, оның болашақ үшін қандай тиімділігі бар деген сауалдың төңірегінде әлі де асықпай ойланып келелі шешім қабылдауымыз қажет әрі оған мүмкінідігіміз бар.
Бірінші алфавит халықтың рухани болмысын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, ол бір топтың, жекелеген қайраткерлердің еркімен немесе басқалардың ықпалымен шешілетін мәселе емес.
Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ.
Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт.
Тарихи шарт – қабылданатын алфавит руханияттың тарихи тамырын тануға қызмет ететін, төлтума алфавит болу керек. Сол алфавитті қолдану халықтың тарихи жадын сақтауға негіз болуы лазым.
Ғылыми шарт – қабылданатын алфавит сол ұлттың дыбыс жүйесіне сәйкес келетін және дыбыстың даму мүмкіндігіне кедергі болмайтын алфавит болу керек. ....
Рефераттар
Толық

Психология | АДАМНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІ

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым – қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөз бен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір – бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде – ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың ``Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде`` деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс - әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.....
Рефераттар
Толық

Отбасы Емхана Дәріхана Әмбебап Шаштараз

Мақсаты: Балаларды желілі ойындардың жаңа түрлерімен таныстырып, ойнатып және өзіндік ойын барысында өз қатарластарының ойымен келісулеріне, ойын кезінде бір рөлден екінші рөлге ауыса білуді жетілдіру. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, диалогтік тілді дамыту. Бір ойын бірнеше түрге бөлініп, өрбитінін балаларға көрсету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: дәрігер, әмбебап, шаштараз, жүргізуші, отбасы, ұялы телефондар, жанармай бекеті ойындарына қажетті құрал жабдықтар.

Ойын барысы: (Қонақтармен амандасу)
Мынау - менің жүрегім,
Барлығы осыдан басталған.
Мынау – менің басым, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Тарих | Абылай ханның әлеуметтік саяси билігі

Абылай- қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп өз хандығы кезінде елдің саяси- экономикалық дамуына бірқатар елеулі өзгерістер енгізген атақты мемлекеттік қайраткер.
Орта жүздің сұлтаны Уалидің баласы Абылай (Әбілмансұр) «1711 жылы дүниеге келген. Атасы- Түркістан қаласының билеушісі әскери жорықтармен ерекше көзге түсіп, алайда озбырлығынан «қанышер» деген жағымсыз атқа ие болған. Абылай он үш жасында әкесінен айрылып, әкесінің қызметшісінің көмегімен жауларынан қашып құтылып, Түркістан жеріне келген. Осы кезден-ақ Абылайдың ойынан ірі қайраткерге тән қасиеттер байқала бастады. Ақылы мен ержүректігімен табандылығымен ерекше көзге түскен. Қашып жүргенде аты-жөнін жасырып «Сабалақ» атанған. Абылай орта жүз ханы Әбілмәмбет сарайындағы ақсүйектерге келіп қосылады.
15 жасынан Жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене ат салысқан. Абылай қазақ батырлары, билері және сұландары арасында белгілі болды. Бұл кезде Абылай қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, жердің бірлігін қамтасыз етуді мақсат етіп қойған.
Қазақ халқының жадында тарихында Абылай ханның алатын орны ерекше. Абылай хан қазақ мемлекеттілігін орнатып,тәуелсіздігін сақтау жолында өзінің дипломатиялық, саяси-қоғамдық қызыметін жүргізді. Батыстан-Ресей, шығыстан-Жоңғар мен Қытай мемлекеттері қазақ даласының табиғи бойлығы мен ұлан ғұмыр әсеріне көз алартып, жаулап алу саясатын жүргізе бастаған кез болатын. Бұл кезеңді Шоқан Уалиханов «Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен табандылығы, ақылдылығы мен алғырлығын танытуға жағдай жасады» деп бағалады.
Абылайдың хандығы тұсында қазақ елінің әлеуметтік-саяси бейнесін Бұқар шығармашылығынан табуымыз анық.
Абылай ханның саяси көз қарасының негізгі түп-түйіні бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз, заңға негізделген мемлекет қалыптастыру болды. Ресей, Қытай сияқты ірі мемлекеттермен құқықты деңгейде тең қарым-қатынас жүргізіп, қазақ мемлекетінің ішкі саясатына араласпауды мойындатты. Абылай хан ішкі дүрдараз, алаусыздықты, сұлтандардың таққа таласу әрекеттерін тежеп, билер кеңесінің қызметін өз қолына шоғырландырды. Шоқан Уалиханов «Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде-бірі жоқ. Ол сөз өктемдігін асырып, ең алғаш өлім жазасын енгізді. Бұрын мұндай сұмдық шешім халық жиынының ұйғаруымен ғана жүзеге асыратын. Сөйтіп, ол ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру басылары мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйды»,-деп хан билігіне жоғары баға берді.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Абылай хан Әбілмансұр

Абылай хан Әбілмансұр (1711 [ Ресей деректерінде 1713] — 23.5.1781 , Оңтүстік Қазақстан Арыс жағасы) — ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз – Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан: Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайыр ханның қолында болады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе – жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркема Уәли туады. Оның Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек Онда Абылайдың 1710 жылы туған деугенегіз бар) Төле бидің Тәлім – тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріске ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. Ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарғанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 – 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Абылай ханның өмірбаяны

Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Ол «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | ХVІ-XVII ғ.ғ. Қазақ хандығының саяси-қоғамдық құрылысы және шаруашылығы мен мәдениеті

ХV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын.
Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған.
Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Ясы және басқа қалаларының базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін болған.
Малшылар бұл өнімдерімен айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай-ақ әр түрлі үйге қажетті заттар т.б. алатын. Көшпелілердің астық өнімдерінен – бидайға, тарыға, арпаға, жеміс-жидекке – сұранысы өте қатты болды.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер ХV-XVII ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерінде құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтарын өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. ....
Рефераттар
Толық