Жошы хан — Шыңғыс ханның үлкен үлы, моңғол крлбасшысы. Алтын Орданың негізін салушы. Шешесі — коңырат тайпасының қызы Бөрте. Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте түтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан өйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен түтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның үлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды. ....
Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі. Қасым әуелгі кезінде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп әкетер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған қалтқысыз бағынады. Сол кездің куәгері, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол (Қасым) әкесінің үлгісі бойынша барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды» деп жазады. Бірақ Қасымның тәуелділігі Бұрындықтың ел басқарудағы қабілетсіздігіне араша түсе алмайды. Ақыры ол хандығын тастап, Самарқандағы қызына кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым билікті өз қолына алады. ....
Әлихан Б. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата-тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен. Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық стауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамндығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт – Петербургтегі Орман институтының эканомика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XI ғ. Бсағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда эканомикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Ә.Бөкейхонов Ресей жандармирия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары – ақ ілігіп, «Саяси – сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барады. Онда Орман ш. Училищесіне математика пәнінен оқтушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді. 1896 – 1903ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойы бойынша, экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде қазақ халқы үшін ең зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңінен түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Әлихан Б. экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқайы. Қалай болғанда да, Әлиханның көзқарасының Щербина Экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне 1-ші орыс революциясы ерекше ықпал етті. Студенттік және Омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде Маркстік бағытта тұрған Бөкейхановтың саяси көз қарасы өзгерді. Ол қазақ даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өкіметімен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси крестерге сүйенуді алға тартты. Әлихан 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. ....
Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан тұсында қаланды деуге толық негіз бар. Ұлттық тарихымызда ол Жәнібек хан деп жай аталмайды, Әз Жәнібек хан дегендей ерекше марапатқа ие болған. Біз 2002 жылдың алғашқы сандарынан бері қарай «Қазақ хандығының құрылуы» деген тақырыппен Қазақ мемлекетіне аса зор еңбек сіңірген Керей, Әз Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке және т.б. хандар туралы өмірбаяндық әрі тарихи деректерді үзбей жариялап келеміз. Қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы 1801 жылы бұрынғы Бөкей ордасында дүниеге келді. Сол Бөкей ордасы қалай құрылып еді? Осы орайда, Еділ-Жайық бойының арғы бергі тарихын айтпай кету және орынсыз. Жеті жұрт мекен еткен бұл атырапты біздің жыл санауымыздан бұрынғы VIII – III ғасырлар аралығында иран тілдес скиф-сарматтар мен аландар қоныстаныпты. Кейіннен Угоро-фин тайпасы мен венгрлер, біздің дәуіріміздің IV – XIII ғасырында түркі тілдес ғұндар мен аварлар, хазар, оғыз, печенек, қыпшақтар, XIII – XV ғасырда монғол хандары орда тікті. Олардың өкшесін баса кеп ноғай мырзалары мен қазақ хандары қанат жайды. ....
Мұсылман адам әжетханаға кірерде мына дұғаны айтады: «Бисмилләһи, Аллаһумма, иний аъузубикә минәл хубсй уәл-хәбәийс». Яғни, «Аллаһым, ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын» деген. Өйткені, әжетхана жын-шайтандар мекені болғандықтан, бұл жоғарыдағы дұғаны оқып кірсек, еш зияны тимес. Ал әжетханадан сыртқа шыққанда: «Ғуфранәкә» делінеді. Ол «Кешір» деген мағына, өйткені, әжетхана, моншада Аллаһты зікір етуге тыйым салынған. Мұсылман кісі әжетхана ережелерін білген дұрыс: 1. Сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу; 2. Жоғарыда аталған дұғаларды оқу;....
Әз-Тәуке хан немесе Мұхамед Батырхан деп те аталады, Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа билігі жүргенінен де көреміз. Оны Тәке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы болғанынан да көріге болады. Қысқы Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына орналастырды. Жазғы Ордасы қазіргі Астана қаласына таяу жерде, қазіргі Астанадан 10 шақырым жерде болған. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген алтын ғасыр ретінде қалды. Тәуке ханның билік құру кезеңі 1780-1718 жылдар. Яғни, қазақ даласында отыз жылға жуық хандық билік құрған.
Тәуке ханның басты еңбегі – Қазақ хандығының ішкі саяси ахуалын оңалту жолындағы еңбегі. Ол өзіне дейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған әдет ғұрып нормаларына сүйене отырып, «Тәукенің Жеті Жарғысы» аталған заңдар жинағын қабылдаған. Ал хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүйежі, яғни бұрынғыдай Төрелер мен Қожалардың шекіз билігінің орнына қазақтың өзінен шыққан данагөй ақсақалдарға арқа сүйеді. Соның ішінде «Әз-Тәукенің бес биі» атанған бес данышпанның атақ-даңқы бізге жетті: Ұлы жүзде – Үйсін Төле би, Орта Жүзде – Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүзде Алшын Әйтеке би және Қарақалпақта – Сасық би мен Қырғыздағы Қоқым билер ел басқару ісіне араласып, халықтың сөзін жеткізіп отырды. Тарих дерегі де сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады.
Сонымен қатар ол сыртқы жағдайды да тұрақты ұстай білді. 1678 жылы ол Бұхар хандығынан елшілерді қабылдаса, 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке Ресейге бес рет елшілік аттандырып, көршілік, достық қарым қатынасты сақтау туралы бітімдер жасасқан. Соның ішінде оның 1994 жылғы Қазан айында жаздырған хаты бізге дейін сақталған. Бұл кезде Қазақ хандығының көршілерімен терезесі тең мемлеет болғанын көре аламыз. ....
Тәуке - қазақ ханы. Жәңгір ханның баласы. Тәуке хандық өкіметті жақтады, билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектер - сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Тәуке бас билермен кеңесе отырып, «Жеті жарғы» әдет заңдарын шығарды. «Жеті жарғы» орыс тарихында «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенімен, жинақ феодалдық құрылыстық үшейтуге бағытталды. Тәукенің хандық өкіметті нығайту әрекетінен нәтиже шықпады, қазақ хандықтары бытырыңқы күйінде қалды. Тәуке енді сыртқы саясатында Россиямен дипломатиялық және сауда байланыстарын орната бастады. 1716 жылы Тәуке жоңғарларға қарсы шығу үшін Росиядан әскери көмек сұрады. Өйткені, 1698 жылдан бастап ойрат және қазақ феодалдары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Жоңғар ханы Севан Рабдан билік құрған кезде мұндай соғыстар үздіксіз болып тұрды. Әкесі Жәңгір ханнан соң қырық жыл уақыт хандық құрған әз-Тәуке Қазақ мемлекетінің күш-қуатын нығайтып, халық тұрмысын көтерді, сыртқы елдермен байланыс күшейді, басқарудың неғұрлым демократиялық жолдары қолданысқа енді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді көсем тілді, көреген ойлы данагөй шешендермен бірге құрастырған «Жеті жарғыда» атақты Қасым хан мен Есім хан тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң қағидаларына жаңа толықтырулар енгізіліп, бір жүйеге түсірілді.....
Әбілқайыр хан (Әбілқайыр Мұхамбет Ғази Баһадүр хан; 1693—1748) — 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірден тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы. 1710 ж. Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды. 18 ғ. қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 ж. үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 ж. оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 ж. қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 ж. көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады. Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 ж. күзінде елші жібереді. ....
Қазақ халқы көптеген қиыншылықтарды басынан кешірді. Осы кезде азын-аулақ болса да халық жағдайын ойлаған азаматтарымыз бұл тығырықтан шығуға тырысты. Сол азаматтарымыздың бәрі тарихта өте маңызды орынға ие болған. Әлихан Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай секілді қайраткерлерді атап өтуге болады. Ұлттық мемлекет құру Бөкейханов және басқа буржуазиялық – демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Бұл интелегенция өкілдері конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия алып беруді меңзеді. Тарих сахнасына Алашорда – Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелегенция тұрды. 70 жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей. Қазақ қоғам қайраткерлері туелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ. Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды. Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интелегенцияны біртұтас саяси ұйым төңірегіне топтастыру болды. Тағы да бір мәселе халыққа болып жатқан саяси мәселелерді түсіндіру, бұқараның сауатын ашу, оларды жаңа мемлекет құруға жұмылдыру. Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері мен қатардағы мүшелері 1920-30 жылдары саяси қуғын – сүргіннің құрбандары болды. Осыған қарамастан Алаш қайраткерлерінің іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері мен тарихта хатталып қалды. Тарихтың қилы кезеңдерінде сан алуан оқиғалар болған. Олардың бір қатары уақыт өте келе ұмытылып, тарихтың ақтаңдақтарына айналды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі, әрине, Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында –ақ қолға алғандығы мәлім. Мұны Алаш қозғалысы тарихын алғаш зерттеушілер де дәл сезіп байқаған. Бірақ олар бұл мәселеге тар таптық, партиялық методология тұрғысынан келіп, ұлт зиялыларының осы бағыттағы қызметін «буржуазиялық ұлтшылдық көрінісі есебінде бағалаған. Енді осы алғашқы партия құру әрекеті неден басталды, немен аяқталды, соған тоқталайық. 1905 жылғы жаздағы революциялық өрлеу барысында патшалық билік, еңбекші бұқаралық таптық наразылығына шет аймақтардағы отарлық тәуелділіктерді елдегі өз бостандығы үшін қуаттық қозғалысын қосып алудан қаймықты. 1905 жылы 6 тамыздан мемлекеттік дума, жөніндегі патша манифесі басқа «бұратаналармен» бірге қазақ еліне депутат сайлау құқығын берді. Осы жылы қазақ зиялылары сайлау науқаны сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып, ірі мәселеге кезікті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық позияциядан үгіт насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне, осындай жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алады. Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осі кезектегі саяси әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде, Ресейдің радикалдық буржуазиялық партиясы – кадеттердің ұстанған бағыты ма тоғысқандығы тарихи факті. ....