Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы.....
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер... Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел, Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер, Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер, Ерте есейген ару қызды.....
"Сүйер ұлың болса, Сен де сүй. Сүйінерге жарар ол" (Абай)
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.
Дастарханға бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Сіздерге тәрбиелік мәні жоғары халқымыздың асыл қазынасының бірі бата туралы мәлімет беріп, үздік баталар топтамасын ұсынамыз. Қонаққа бәріміз барамыз, бірақ бәріміз дастархан басында жақсы батаайта алмай жатамыз. Не істеу керек? Әрине дастарханға арналған баталарды жаттау қажет!
Тәуелсіз Мемлекетер Достастығының стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық Кеңес – Тәуелсіз Мемлекетер Достастығының үкіметаралық ұйымы құру мен ұйымдасқан саясаттың өткізілуі стандарттау, метрология және сертификаттау.
Мемлекетаралық Кеңес «стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ұйымдасқан саясаттың өткізілуі туралы Келісім» 13 наурыз 1992 жылдан (кейінде Келісім) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды реттеу үшін, келтірілген салалар қызметіндегі басты стандарттау, метрология және аккредитациялау бағыттарын анықтау.
Мемлекетаралық Кеңестің жиналысы Мемлекетаралық Кеңестің негізін құрайды. Жиналыс жылына екі рет тізбектей өткізілуі және осы жиналысқа Келісім құраушылары алмасып қатысады. ....
ХІV-XV ғасырларда Қазақстан территориясын мекендеген халықтарға байланысты «Қазақ» атауымен қатар кейбір деректерде «өзбек», «өзбек-қазақ», «моғол», «ноғай» сөздері қолданыста болды. Бұл терминдер сол кезде Қазақстан территориясында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекет-терінің халықтарына, олардың этносаяси қоғамдастығына байланыс-ты айтылып жүрді. Көшпелі қоғам жағдайында мемлекеттердің шекаралары сол рудың, тайпаның этникалық топтардың шекаралары-мен сәйкес келе бермеді. Этникалық топтардың бірігуіне бірлесіп шаруашылық жүргізуіне, мәдениетінің дамуына бірде құрылып, бірде жойылып жатқан мемлекеттердің шекараларының өзгеруі әсіресе, қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңінде әсерін тигізбей қоймады. Қазақстан территориясындағы этносаяси бірлестіктер бүкіл қазақ халқының қалыптасуына тұтастай әсер ете алмады. Тек оның бір бөлігіне әсері болған. ....