Балаларға айтылатын бата
Барыс-келіс көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын,
Қыдыр дарып, бақ қонып, дастарқаның мол болсын!
Барыс-келіс көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын,
Қыдыр дарып, бақ қонып, дастарқаның мол болсын!
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!
Бата берерде әркім «Иә, құдайым», «Иә, Алла», «Иә, жаратқан» секілді бағыштау сөздерін әр батаның алдынан қосып айтуға ерікті.
Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!
Құрметті сайтымыздың оқырмандары!
Жаңа жылдық көтеріңкі көңіл-күйді сезіну үшін отандық эстрада өкілдерінің Жаңа жыл туралы ең үздік әндерін ұсынамыз.
Алихан есімінің мағынасы – араб тілінен енген "ғали" мен хан сөздерінің қосындысынан туған ат. Ғали – "әлидің" синонимі, яғни, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді.
Азамат болып, ат жалын тартып мінер шаққа жеткеннен соң осы сұрақ әрбіріміздің көкейімізде жүруі шарт. Жаһандық дәуірде жан-жағын жұлып жейтін алыптардың арасында тұрған егемен мелекетіміз үшін қызмет қылу – бұлжымайтын міндет. Ширек ғасырлық тәуелсіз тарихымыздың төңірегіне байыппен жіті назар салсаңыз, қарбалас қарекетті, тоқтаусыз тіршілікті, сәт сайынғы дамуды байқайсыз. Және жалғыз сала емес. Экономикалық өрлеу....
Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады:
- Мен немерем ұл болсын деп едім ғой. Сонша ақшаны сізге не үшін бердім?
- Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз...
Ілияс Жансүгіров - қазақ ақыны, қазақ әдебиетінің классигі. Қазақстан Жазушылар одағының бірінші төрағасы. Ресей Коммунистік партиясының (большевиктер) мүшесі, коммунист.
Мыңжылдық шежіресін шерткен өңір,
Тарихы мен танылған әрбір жерің.
Әр ауданы әдемі тау-тасымен
Мақтан етер біртуар бар ерлерің.
Ұлы Жамбыл, облысым атын алған,
Он аудан мекенінен....