Информатика | Автоматтандырылған жұмыс орны

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.
Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Абонемент тақырыбы деретер қорымен құру

МББЖ – дегеніміз бағдарламалық қамтама. Бұның арқасында қолданушылар деректер базасын (ДБ) анықтай, құрай және қолдай алады, сонымен қатар оған қатынасты бақылай алады.

Аппараттық қамтама. МББЖ мен жұмыс істеу үшін кейбір аппараттық қамтама керек. Ол өте кең шектрде вариациялана алады – дара дербес компьютерден және көп компьютерлерден тұратын желілерге дейін. Қолданылып жатқан аппараттық қамтама қолданылып жатқан МББЖ-ға және организацияның талаптарына тәуелді. Кейбір МББЖ-лер тек қана нақты аппараттық қамтамаға немесе құралға орналған, ал басқалары кең ауқымды аппараттық қамтамалармен және ОЖ-мен жұмыс істей алады. МББЖ мен жұмыс істеу үшін әдетте минимум оперативтік және дискілік жады жеткілікті болады (бірақ ол жүйенің керекті өнімділігіне жеткізе алмайды).
Бағдарламалық қамтама. Бұл компонент МББЖ-ң өзінің бағдарламалық қамтамасын және қолданбалы программаларды қамтиды. Әдетте қосымшалар С, COBOL, Fortran, Ada немесе Pascal деген сияқты үшінші буынды тілдерде немесе SQL сияқты 4-ші буынды тілдерде құрылады. Дегенмен, МББЖ өзі 4-ші буынды құрал-саймандарға ие бола алады. Олардың арқасында ол өзі қосымшаларды тез жасай алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Автобекет автобустарының жүру кестесіне мәліметтер базасын құру

Өндірістік қызметте қазіргі заманның маманы негізгі және нәтижелі шешімдерді ала білу үшін, экономика мен саясатты басқара алу үшін, компьтерлер арқылы және байланыс құралдры арқылы деректерді қабылдап, жинастырып, сақтап және оны өңдеп, нәтижесін көрнекті құжаттар түрінде ұсына білуі қажет.
Деректердің электрондық сақтаушысын мәліметтер базасы деп атайды. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлердің көмегімен іске асырыладыды. Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Деректер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Мәліметтер базасындағы ақпарат қайшылықсыз, артықсыз және тұтас болуы керек. Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) өзінен тілдік және программалық құралдар жиынтығын ұсынады, олар деректер базасын құруға және онымен жұмыс істеуге арналған. МББЖ қолданылуына байланысты оны дербес және көп қолданбалы етіп екіге бөлеміз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Автоматты өлшеу режимі

Стандартталмаған өлшеу құралдары бұл – белгілі бір бағытты (бағыттың қандай болуы тікелей өндіріс орнына байланысты) өндірісте, өнеркәсіпке қажетті операциялар үшін арналған құралдар
Стандартталмаған өлшеу құралдары өнеркәсіпте жүздеп – мыңдап шығарыла бермейді. Олар пайдалану ауқымына, қолдану саласына байланысты болады. Өлшеу құралының күрделілігі қолданылатын үрдіске, өндірісінің көрсететін, атқаратын қызметіне және қоғамдағы пайдалану қажеттілігіне тікелей байланысты.Стандартталмаған өлшеу құралдары қолдану кәдуілгі стандартталған өлшеу құралдарын қолдану үрдістер жиынына өте қатты ұқсас болып келеді. Дегенмен әр іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктермен оңашаланып тұрады. ”Стандартталған” ұғымы адамның сана сезіміне сапалы, мықты, тиімді, өте пайдалы және басқа да жағымды ойлар, жағымды ассоциациялы сөздер басқа келеді. Стандартталған өлшеу құралдары стандартталмаған өлшеу құралдарынан “атақтылығымен” өзгешеленеді. Басқа сөзбен түсіндіруге бет алғанда, стандарталған өлщеу құралдарының атауларын стандартталмаған өлшеу құралдарынан көбірек кездестіріп тұруы мумкін немесе стандарталған өлщеу құралдары стандартталмаған өлшеу құралдарынан пайдалану жағынан ауқымды орын алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Автопрокат жұмысын автоматтандыру

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. \1\
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Автосалон

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Администратор қызметіне мәліметтер базасын құру

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді ....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Азот-фосфор тыңайтқыштарының топырақта азот қоректік элементінің жинақталуына әсері

Ауыл шаруашылығының негізі неолит дәуірінде пайда болды. Осы кезден бастап адамның табиғатқа әсері айқын сезіле бастады. Үй жануарларын өсіру үшін адам жайылымдық жерлерді игеріп, бұл жерлерде бұрын тіршілік еткен жабайы жануарларды қуып, аулап, олардың санының азаюына себеп болды.
Табиғатқа тигізетін зиянды әсерлердің негізгі себебі табиғи экожүйелер мен биоценоздардың мәдени ауыл шаруашылық жүйелеріне айналуы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы табиғи экожүйелердің өте үлкен масштабта жойылуына әкелді. Мұндай деградацияға ең алдымен тропиктік экожүйелер ұшырады. Ормандарды кең масштабтарда кесу, жерді тиімсіз, жүйесіз пайдалану бүкіл эволюция нәтижесінде қалыптасқан экожүйелердің қалпына келмейтіндей болып бұзылуына әкеліп соқты.
Бір кездердегі құнарлы топырақтар мен ландшафттар азғантай уақыт ішінде шөл далаларға айналады. Ауыл шаруашылығы бұдан он мыңдаған жылдар бұрын Палестина мен Сирияның солтүстік аудандарында пайда болды. Қазір бұл үлкен, бір кездегі гүлденген территория құмды далаға айналған. Құнарлы топырақтарды жүйесіз, қалай болса солай пайдалану, алдымен біртіндеп ормандарды азайтты, одан кейін топырақтардың екінші қабатын, ең соңында бүкіл топырақты жойды деуге болады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Ақпарат жүйелерін жобалаудың әдістемелік негізін жүйелік қарастыру

Ақпарат жүйелерін жобалаудың әдістемелік негізін жүйелік қарастыру құрайды. Сондықтан осы қарастыруға сәйкес кез – келген жүйе, сонымен қатар ақпарат жүйесі ортақ мақсатқа жетуде бірегей әрекеттесетін өзара байланысқан объектілерден тұрады.
Жүйелерге олардың объектілерінің күйінің өзгеруі тән, жүйе күйінің өзгеруі белгілі мерзімде түрлі үрдістерде және сыртқы ортада өзара әрекеттесуі нәтижесінде жүзеге асырылады. Жүйенің мұндай іс қимылдары негізінде келесі қағидаларды ұстанған жөн:
- эмердженттік, яғни жүйенің жалпы құрлымы негізіндегі бүтіндігі,мұнда жеке объектілердің іс-қимылдары бүкіл жүйенің әрекеттесіуіпозициясынан қарастырылады.
- Гомеотазис, яғни жүйенің тұрақты әрекет етуін және ортақ мақсатқа жетуін қамтамасыз ету.
- Сыртқы орта бейімділігі және жүйе элементтеріне әсер ету арқылы басқарылу мүмкіндігі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Ақпарат жүйесін құруды негіздеу

Қазіргі кезеннің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелінетін “ақпараттық экономикаға” ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика парламентінің “Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Заңын ” қабылданғанын жатқызуға болады.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрі себеп болады. Мысалы, біз ақпараттық жүйе ұғымын былай айта аламыз: Ақпарат- латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай – күйі немесе біреудің іс- әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды. Ақпарат жүйесі (АЖ)- қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әр бір ақпарат жүйесі (АЖ) ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпаратты кеңістікке бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.....
Курстық жұмыстар
Толық