Қазақша түйіндеме үлгісі / Образец резюме на казахском языке

Негізі түйіндеменің басты мақсаты жұмысқа тұрушының  жұмысқа қабылдаушыға өзі жайлы мейілінше нақты және толық ақпарат беру. Төменде көрсетілген түйіндеме шағын ғана және өте қарапайым. Жұмыс түріне қарай түйіндеме де әркелкі болуы мүмкін. Әдетте, мемлекеттік мекемелерге белгілі бір стандарттарға сәйкес түйіндеме беру керек. Ол қысқа да нұсқа, маңызды деген ақпарат белгіленген, кейде сурет пен мақтау қағаздары, сертификаттар, ұсыным хаттарымен қоса жүреді.

Кеңестер
Толық

Үйшік / Теремок (орыс халық ертегісі)

Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте.......
Ертегілер
Толық

Мағжан Жұмабаев (Сүйемін)

Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр.
Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол анамды сүйемін!

Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз....
Өлеңдер
Толық

Балабақша | 1 Қыркүйек - Білім күні (Сыңғырла, күміс қоңырау)

Сценарий аты: 1 қыркүйек - Білім күніне арналған балабақшаға сценарий
Мақсаты:
1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру;
2. сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. мерекелік көңіл - күй сыйлау.

І.«Көңілді балалар»биі орындалады.
ІІ. Ән «Күмбірле, қоңырау»
Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні шығады.
Бала: Балабақша есігін
Үшке тола.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Күй құдіреті

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар....
Шығармалар
Толық

Қазақтың киелі өнері - күй

Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішігіңе
(Қ. Аманжолов)

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан.....
Шығармалар
Толық

Үй, баспана

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді.

Түтін шыққан үй жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жылқы, ат

Жылқының пірі - Қамбар ата.

Жылқы - малдың патшасы,
Түйе - малдың қасқасы.

Жылқы күнде мінілсе - есек,
Айына мінілсе - ат,
Жылына мінілсе - тұлпар.
Мақал-мәтелдер
Толық