Менің сүйікті жазушым

Бердібек Соқпақбаев-белгілі балалар əдебиетінің көрнекті жазушысы.Оның шығармалары бүкіл елге əйгілі,көп тілдерге аударылған.Ол біздің жақсы көретін "Балдырған" журналында қызмет атқарған.Оның балалар өміріне арналған қызықты шығармаларын оқи отырып, əр кезде өзімнің таңданысымды жасыра алмаймын. Жазушының балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. Ата-анасынан ерте айырылып, кісілердің қолында жүрген. Сондықтан болар,ол шығармаларында өзі сезіне алмаған балалықтың бал дəмін өте шебер бейнелейді.

Ол Отан соғысы жылдарында Ф30 мектебінде оқыған, Кеңес армиясы қатарында еңбек еткен,содан кейін ауылда мұғалім болған, Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген.Жазушының "Балалық шаққа саяхат" деген повесі - өмірбаяндық туынды.Ол балалық шақта басынан кешкендерін Бектас бейнесі арқылы елестетеді.

Шығарманың кейіпкерлері жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп көрсе де, онысына мойымайтын, қажырлы да өжет. .....
Эсселер
Толық

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған ел.... Туған жер... Осы екі сөзде ғана қаншама ой,мағына жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін әркім әрқалай түсінетін шығар. Туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңді,өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасыңда бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген сүйіспеншілікке айналады. Ақындар жырға қосып жырлағандай,туған жер маған күш-қуат беріп,өз өлкемнің жанашыры болуына шақырады.

Мен өз балалық шағымды өткізген аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен,шын жүрегіммен сүйемін. Мен үшін туған жер дүниедегі ең ұлы деген нәрселермен пара-пар.Себебі-мені жылытып әлпештеп өсірген анам,аялап өсірген әкем,аға-әпкелерім,туған-туыстарым,достарым,маған білім беріп,білім жолына жетелеген ұстаздарым,дүниеге келген жерім. Менің отаным-аса үлкен болмаса да,мен үшін аса қымбат,әрі киелі жер-Орал қаласы.

Осы мекенде мен өзімнің бейкүнә,көңілді де шаттыққа толы,уайымсыз балалық шағымды өткіздім. Туған өлкем-Оралымның ауасы,алғаш балабақшаға келген күндерім,мектеп табалдырығын алғаш қадам басқан сәттерім,сыныптастарым мен достарыммен өткізген әр уақытым,таныстығым.. Бәрі де әлі есімде. Туған жердің ауасы да,суы,жайлаған жасыл желегі,күні мен түні,даласы ыстық болып келеді. Туған жерімізден жыраққа,алысқа кетсең туған жерімізді,үйімізді сағынып отырамыз......
Эсселер
Толық

Еліміздің тағдырына бұйырған бақыт

Еліміздің тағдырына бұйырған бақыт - ЭКСПО – 2017. Бұл шараны өткізуге ынталы елдер көп еді. Қазақ жұрты алапауыт елдермен аламанда жеңімпаз атанды. ЭКСПО – көрмесі олимпиада ойындарымен пара-пар көрме,бүкіл дүниежүзіне өнерімізді, білімімізді, өмірімізді көрсету және дүние жүзі елдерінің өмірімен танысу.Астана көрмесінің ұраны – «Болашақ энергиясы». Ғалымдар еліміздің қуат көзі етіп,желіккен желді, қуырған күнді, селдеткен суды алды. Еліміз тағы бір биіктікті бағындырды. Дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып табылатын халықаралық «ЭКСПО -2017» көрмесі өткен орталық болды. Жүзге жуық мемлекет өз жетістіктерін паш еткен бұл жахандық көрме Орталық Азия тарихында тұңғыш рет өткізілді. Бұл Астана қаласының экономикалық ахуалы дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттер санатына қосылғанымыздың белгісі.Ғылымда да , білімде де ілгерушілік бар. Ғалымдар 15 жыл бойы жанып тұратын лампочка ойлап тапқан. Шикізат түрі жеткілікті болғандықтан биотехнология, жасыл технологиялар ойластырылды. Тіпті адам денесін жылытып тұратын батарея жасау мүмкіндігі де қарастырылды. Осындай жұмыстар еліміздің зертханасында қайнап пісіп «ЭКСПО-17» көрмесінде әлемді таң қалдырды. Ал Астана қаласында көрме - қалашығы бой көтеріп, көркімен оқшауланып тұр. Сәні мен сымбаты келіскен павильондар нысандарының ең үздіктері бұзылмай, Астана меншігіне айналды......
Эсселер
Толық

Оқу бағдарламасына, білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер турасындағы менің пікірім

Биыл мен 10 сынып оқушысымын. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, әр адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты дамыған, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, технологияны жетік меңгерген болуы тиіс.Осыған орай, заманға сай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біздің Елімізде, нақтырақ айтсақ білім жүйемізге көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа серпіліс толқыны бой көтерді. Бұрын соңды естімеген нәрселер оқу бағдарламасына енгізілді. Мен осы жаңа жүйемен оқып жүрген оқушы болғандықтан оның кейбір кемшіліктерін және пайдасыз тұстарын көріп жүрмін. Бұлай деуіме мысалдар келтіре аламын. Бұның барлығын ұлтымның болашағын ойлағандықтан айтып отырмын. Әйтпесе, көп оқушыларға керісінше сабақ өтпей алаңсыз жүрген ұнайды ғой...Бірақ мен бұған төзе алмаймын. Менің ойым алысқа, тереңге қарай тартады. Кейде өткенге, кейде болашаққа. Өзімнің емес, ұлтымның болашағына деген көбірек уайым мені мазалайды. Себебі, халқым жоғалса, елім жүдесе мен кіммін? Мен қазақ елінсіз ешкім де емеспін. Сол үшін, өзім еленуім үшін алдымен халқым асқақ болуы тиіс. Ал халықтың асқақтығы үшін мен де күресуім қажет.

Сонымен, мені толғандыратын ең бірінші мәселе-тіл мәселесі. Иә, ағылшын, орыс тілдерін білу заман талабы екені рас. Бірақ, таяқты әліп деп білмейтін 1 сынып оқушыларына ағылшын мен орыс тілдерін енгізу тым өрескел нәрсе. Ана тілімізді құрметтеу жайлы сөз қозғағанда ауыздан небір әсем сөздер төгіледі емес пе?! Ең алдымен өз тілімізді ардақтайық деп барлық жерде барлық жұрт айтады емес пе?! Енді ойлаңыз, әлі бойына патриоттық сезім дарымаған, ұлтын толық танымаған, ұлттық құндылықтарды меңгеріп үлгермеген, санасы толық жетілмеген мектеп табалдырығын тұңғыш аттап тұрған балаға ағылшын мен орыс тілін үйрете отырып, алғаш сауатын өзге мәдениеттің білімімен сусындатсаңыз ол баладан болашақта қандай ұлтжанды азамат күтесіз?! .....
Шығармалар
Толық

Үй керек

Үй – адамның басты баспанасы. Адамзат баласы жұмыр жер бетіндегі тіршілік атаулының биігі – адам болып жаралып, таспен тасты үйкеп от жаққаннан, қайла ұстап қайратын жұмсағаннан бері үй жасауға құмар. Бұл құмарлық ыстық пен суықтан, түрлі сыртқы күштерден қорғануға деген биологиялық, қала берсе, қарапайым тұрмыстық қажеттіліктен келіп шықты. Есте жоқ ескі заманда баспана үңгірден басталып, кейін ұра, одан беріректе лашық, жаппа, киіз үй болып жалғасып, келесі сатыда іргетасы қаланып, керегесі көтерілетін қазіргі тұраққа келіп табан тіреді.

Қазақ тілінде «үй» сөзі «шаңырақ», «отбасы», «түтін», «үй іші», «отау» және «баспана», «қоныс», «тұрақ», «жай», «там», «пана» деген сөздерге синоним ретінде қолданылады. Алғашқы синонимдік қатардағы ұйытқы сөздің «отбасы» екеніне қарап қазақ атамыз материалдық құндылықтардың бәрін отбасы құндылығының алдына әкеп басын идіріп, соған қызмет көрсеткізіп, қажетіне жаратқанын аңғарамыз.

Үй әрбір адамға керек. Өң мен түсі түрлі-түрлі, ниеті мен пейілі әр қилы адамзат баласының бір бөлігі басқа түскенге баспақшыл деп немесе тағдырына наласын жаудырып тулақтай болса да тұрақ-жайға жете алмай зар, бір бөлігі барына қанағат етушілер, қалғаны баспанасы бар болу деген бақытты баяғыда-ақ ұмытып кеткендер. Тіпті кейде жылдар бойы жабық тұрған үйлерінің кілтін қайда қойғанын әлдеқашан есінен шығарып алғандар «кілтсіздерді» де кездестіреміз.......
Эсселер
Толық

Менің сүйікті ертегі кейіпкерім

Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді-
Ертегіні тәуір көрем мен тегі...
Жүрсін Ерман

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялынан туындаған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады. Ертегілер бізді жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.

Қазақ ертегілері сан алуан, оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.......
Эсселер
Толық

Халқын сүйген Абай

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!


Шынында да Абай ақын қазақ үшін жаратылған ерекше тұлға. Ол өз заманының талай надан, бәлеқор, пайдақор адамдарымен жалғыз өзі күресті, қарсы тұра білді.Оларға өмірдің қайнар көзі – білімде, өнерде екенін ұқтырды және де болашақ ұрпақтары біздерге өшпес мәңгі мол мұралар: өлеңдері, қара сөздері, поэмалары,түрлі тақырыптағы шығармаларын қалдырып кетті. Абай- мәңгі ғасырлық тарихи тұлға. Ұлы Абай өз қоғамындағы адамдармен күресіп жүріп, ішкі ой-толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп жүрді. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы болып қалды. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дарып, әр балаға рухани азық сыйлап келеді.......
Эсселер
Толық

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған жерін сүйе алмауы дегеніміз, меніңше адам баласы дүниеге шыр етіп түскен жерінен бастап, өсіп- өнген, жүрген ортасын ұмытып, туған елін, өзі жетіліп толғандай болған адами қасиеттен жұрдай адамдарды айтуымызға болады. Нақтырақ айтсақ, өз елін ұмытып қана қоймай, тілін, дінін, салт- дәстүрімен әдет- ғұрпын, халықтық дәстүрге сай ырым- жоралғыларын білмейді.Сондай адамдардан өз Отанына жаны ашымай, ұлтараздықты қоздырып , іріткі салатын ойларды айту –адамдық іс емес екенін айта аламыз. «Елінен безіп, елсізде өлгеннің, екі көзін қарға шұқиды» - демекші, белгісіз бір себептермен адасып, елін сатқан адамдар өзге елдерде де өмір сүре алмай ,өз қателіктерінен опық жеп жатқандар қаншама? Екі көзін қарға шұқуы , қарғаның қара ниеті құс екені, опасыз адамдарды бірден білетіні байқалады. Сонымен адамгершілік қасиеттен ада, яки өзінің ұлтын айтуға ұялатын, тіпті өзі туған ата- анасынан жеріп, тани алмауы, адамды есалаң, мәңгүрт етеді.

Әрбір адам баласы, туған жерін, туған ауылдың ауасын, туған өлке табиғатын, туған тілін сағынбайтын адам кемде- кем шығар. Мен туған жер, ақ төбенің баурайында орналасқан Ақтөбе қаласында тудым. Ақтөбе қаласы өзге өңірлерден өзгешелігі Елек өзенінің үстінде орналасқан. Қысы ақ түтек боран болса, күзі ақ жауынды нөсерелете жауатын, көктемі күн ылғалды, жазы қоңыр салқын болатын қала, мен үшін ең ыстық, ең қымбат атамекен болып келеді.Осы қалада мектеп қабырғасында болып, кейін өзім қалаған тілдің шебері болуы арманыммен оқу бітіріп, қазіргі балаларға жылылық мейірім төгетін ұстаздық қызметімді жалғастырудамын. Ең алдымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тақырыптағы Жолдауында көрсетілген «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді» айтқандай, қазақ тілінің мәртебесін арттыруына кішкене болса да ықпал етіп, іскерлік кездесу тілі ретінде қолданылуына болашақ өскелең ұрпақты үйретуге атсалысудамын......
Шығармалар
Толық

Түрік тайпалары және қазақ үйсіндері (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жазуға түрік нәсілі алдым қолға,
Жәрдем ет, Жаратушы, өзің оңла.
Патшасы патшалардың бір өзіңсің
Сала гөр, қате кетсем, тура жолға.
Барша әлем қолыңызда жанды-жансыз,
Күнбатыс әм күншығыс, оң мен сол да.
Бір зат жоқ әміріңе бағынбайтын
Хан менен ханзадалар, алтын орда.
Жараттың жоқтан жасап барша әлемді,
Адамзат хайуан, малды баққан қолда.
Әр заттың өзіне лайық нәсіп бердің
Мақұлық әм жәндік, тірі жанға.
Шашылған несібесін теріп жеп жүр,
Бірі ойдан, сахарадан, бірі қырда.
Лайық бағзыларын жазалайсың,
Батырып құтылмастай қалың сорға.
Келмейтін сенің күшің ешбір зат жоқ,....
Өлеңдер
Толық

Дүйсенбайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өртенді күнім бесінде,
Белімнен белбеу шешілді.
Жайнап та жүрген боздағым,
Құбылаға қарай көсілді.
Құбылаға қарай бас қойған,
Өлімге мойнын бос қойған.
Өлімі құрсын өрт екен, ойбай!
Өзекке салған дерт екен.
Өзегіңді өрт алды,
Буыныңды құрт алды.
Ойлап бір санап отырсам, ойбай!
Қағынды деген дерт алды.
Қағынды келген қаралап,
Қалың бір жұртты аралап.
Қалың бір жұрттың ішінде
Жалғызды алды-ау саралап.
Саралап алды-ау салдайын,
Салмақтап алды-ау бұлдайын.....
Өлеңдер
Толық