Сәлеметсіздер ме? Құрметті мұсылман қауым! Сіздерге, яғни әйелдерге арналған бес уақыт намазының оқу үлгісін мәтін және видео нұсқа ретінде Имам Әбу Ханифа мазһабы бойынша ұсынамыз. Оқыған намазыңыз қабыл болсын! Қандай да бір сұрақтарыңыз пайда болса, астына жазыңыз...
Құрметті оқырмандар! Алғашқы қоңырауға балабақшада мектепте балалар айтатын тақпақтар мен өлеідер жарияланды. 1 қыркүйекте білім күнінен арналған тақпақтарды айтып ата-аналарыңызды қуанта аласыз!
БҚО,Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, «Айгөлек» МДҰ МКҚК Дене шынықтыру нұсқаушысы: Султанова Сания Жаксылыковна Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы «Ақерке» ортаңғы тобы Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»,«Шығармашылық» Бөлімі: Дене шынықтыру,Тіл дамыту,Музыка. Тақырыбы: «Мен және менің денсаулығым» Мақсаты: 1. Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.
Білім беру саласы: Денсаулық Бөлімдері: Шымырбектің денсаулық сатылары. Мақсаты: Денсаулық – адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірдің тірегі екеніне көз жеткізу. Денсаулыққа тек дене шынықтырумен айналысу арқылы жетуге болатынына бағдар беру. Емдік денешынықтырудың пайдасын түсіндіру. Карта арқылы жүрер сапарын бағдарлай білуге үйрету. Ойын саяхат арқылы шапшаңдыққа, ептілікке және денсаулыққа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Билингвалды компонент: денсаулық – здоровье, саяхат – путеществие, экскурсия, тіс щеткасы – зубная щетка, сабын – мыло, су – вода, рюкзак – жолдорба.
Бір күні бір жаққа барам деп, атқа мініп, ен далада жалғыз өзім келе жатыр едім, бір мезгілде бір нәрсе, «Бақ» еткендей дыбыс естілді. Жан-жағыма қарадым, еш нәрсе көрінбеді. Тағы жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Қарадым, дәнеме жоқ. Және жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Тоқтап тұрып, бұл немене, анықтап байқайын деп, жан-жағыма айнала қарадым. Еш нәрсе көрінбеді, сонан соң ойладым – құстың дауысы ма деп жоғары, аспанға қарасам, жүк артып, тізілген түйе көшкен ел, үй, Алла-ай, аспанмен ел көшеді екен-ау, – деп ойлап, ауған жүкті әлді өңкей бозбалалар түзетем деп, басқанына «Бақ» еткен түйенің дауысы екен. Сонда білдім – тағы ойладым: әкем айтып отырушы еді-ау, әуеде өзіміздей ел болады деп. Сонда әкеме осы кәрі кісі не боса, соны айтады, басып жүретін жері жоқ, қалай жүре алады деп, нанбаушы едім. Ел болатыны шын екен ғой деп келемін.......
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және қонақтар!
Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын. Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып....
Ерте, ерте заманда бір қыстақта Айсұлу атты әйелдің сіңірі шыққан күйеуі мен жеті ұлы болыпты. Жеті баланы бағу үшін Айсұлудың күйеуі Құдайдың құтты күні атызға барып, еңбек етіп, түн жамыла оралса, Айсұлу әр күні табанынан тозып, өзеннен су тасып, тоғайдан отын әкеліп, тамақ жасау сияқты күні бойы үй жұмысын істеп, жанына әмір болмайды екен. Ал, олардың жеті ұлының жалқаулығына жаһан да жан жетпейді екен. Күйзелген күндерінде де әке-шешесіне олардан қайыр болмапты. Қасірет шеккен ана Құдайдан құлшылық қылып, құлдық ұрыпты: «Құдай-ау, бізге тағы бір бала бере гөр! Берген балаң қара жанымызға қайырымды болсын» деп тіленіпті. Күндердің бірінде Айсұлу жүкті болыпты. Бала көреді. Көрген баласы—бала емес, салақұлаш жылан болып шығыпты. Оның үстіне ол туыла салысымен жер бауырлап, үйден шығыпты да тоғайға еніп, ғайып болыпты. Ежелден сормаңдай Айсұлу өзінен туған баланың бала емес, жылан екенін, оның тағы кетіп қалғанын көріп, тіпті де қайғыға батыпты. Сөйтіп, өзінің бақытсыздығына бола, бірнеше күн көзінің жасы құрғамапты. Бір күні Айсұлу түс көріпті. Түсінде жылан баласы өзінің қойнында жатқан екен: «Шеше, мен үшін мұнша қайрат шеккеніңіз не? Мені қарғыс атқан. Сондықтан жыланға айналып, туылып отырмын» депті баласы. «Қандай қарғысқа қалып едің?»—деп сұрапты Айсұлу. «Мен бұрын байлығым басымнан асқан адам едім. Сол дүниеден ешқашан да жан пендеге, тіпті ақ сүтін емізген анама да соқыр жармақ ұстатпадым. Байлығым басымнан асып, төгіліп жатса да шешем аштықтан өлді. Менің бұл күнәмді қара жер көтермейді ғой. Сондықтан менің аруағым жыланға айналып, бұл дүниеге қайта келіп, бармағымды тістеп отырмын.....
Ертеде бір қойшы қойын жайып келе жатып қу медиен даладан қай мезгіл екені белгісіз қуарып қалған адам бас сүйегін тауып алады. Бұл бас сүйектің әдеттегі адамның басынан әрі үлкен, әрі өзгеше екенін байқап, қолындағы құрығымен ары-бері аунатып қарайды да онда ғажайып жазулардың бар екенін көреді.
Бастың сол шекесіне «Ауызбен татсаң ауыздан туыламын», маңдайына «Ұлы жоққа ұл боламын», оң шекесіне «Қырық екі адамның басын алып хан боламын» деп жазылыпты. Қойшыға ой түсіп, мұның үш түрлі әулиелігін көрейін дейді де қуарған басты өртеп, күлін беліндегі кісесіне орап салып алады. Ешкімге білдірмейді. Бір күні қойшы күл салынған кісесін алдына қойып «Аузымен татқанға аузымен туылғаның қане? Ұлы жоққа ұл болғаның қане? Тәжі киіп, таққа отырып, хан болғаның қане?» деп өзіне-өзі сөйлеп отырады. Мұны қасына келген он бес жасар қызы естіп:
—Әке, өзіңіз жалғыздан-жалғыз күбірлеп отырсыз ғой, кісеңіздегі бұл не зат?—деп сұрайды.
—Балам, бұл бір улы зат. Дәмін татып көруші болма!—дейді әкесі. Ертеңінде қыз: «мен әкемнің жалғызы болсам да сырын менен жасырады, мұның қандай құпиялығы бар екен, не болсам да кісесіндегі күлден ауыз тиіп көрейін»,—деген оймен түйіншектеулі күлді шешіп, сұқ саусағын батырып, дәмін татып көреді. Осы кезде қыздың өне бойы шымырлап, жүйе-жүйесі босап, қайта-қайта түшкіріп, рухында ләззат сезім пайда болып, тұңғыш рет махаббаттың жан рахатына кенеледі. Аз уақыттан кейін көкірек шөлі басылғандай жан дүниесі тоят табады. Көп өтпей қыздың денесі ауырлап, дел-сал күйге түседі де жүкті болғандығының бейнесі байқалады. Қыздың шешесі мұны сезіп, «бұл қалай болғаны?» деп бір оңашада бұл сырын еріне айтады. Қыздың әкесі ойланып отырып әйеліне :....