Ислами негізде ерлі-зайыптының төсек қатынасы

Шариғат бойынша ерлі-зайыптылардың төсек қатынасындағы міндет пен парыздары қандай? Имамнан сұралған ақиқат
- Төсек қатынасының нәтижелі болуы үшін қандай алғы шарттар бар?
- Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады.

- Әйел күйеуінің көңілін аулау үшін әдепті әйелге жараспайтын жұқа, қысқа киімдер киіп, түрлі сөздер айтып қылықтар көрсетсе бола ма?
- Әлбетте. Ерлі-зайыптылардың арасында мұндай нәрселердің бәріне жол беріледі. Мұсылман әйел түзде әдепті, үйде қылықты болу керек. Еркектің көңілін жай таптырар орны – шаңырағы. Сол шаңырақтың шаттығы......
Кеңестер
Толық

Қызғаныштан қалай арылуға болады?

Күйеуіңіз жұмыстан кешірек келіп, жаңа көмекші қыздың пайда болғанын айтып, онымен әңгімесі тез жарасып кеткенін сөз қыла ма?

Немесе, жігітіңіз сіздің құрбыңызбен жақсы достасып кетті ме?

Мұндай жағдайда белгісіздік пен шарасыздық бір уақытта алқымыңыздан алып, тыныштығыңызды кетіріп жатыр. Сүйіктіңізді біреу алып кетердей күйдесіз. Бұл – қызғаныш.

Қызғаныш көре алмаушылыққа кішкене ұқсайды. Бұл – біреуде бар нәрсе өзіңізде жоқ болғанда қинайтын ыза мен өне бойдағы олқылықтың қосындысы. Әдетте көре алмаушылық пен қызғаныш өз-өзін төмен бағалауға, өз-өзін жек көруге алып келеді. Бұл құбылыстардан ешкім сақтана алмайды. Күндердің күнінде сізден де әдемі, сізден де ақылды біреу табылады, сонда осы сезімді бастан кешуіңіз бек мүмкін. Ол үшін ұялудың да қажеті жоқ, бәріміз тірі жанбыз. Тек қана дер кезінде тоқтата білу керек.

Қызғаныштан қалай құтылуға болады?

Біз неге қызғанамыз осы? Жеке өмірді қызғаныштың ықпалынан ғана күл-талқан етіп жататындар қаншама. Сондықтан, өзіңізді «қызғаншақпын» деп ойласаңыз, біз ұсынатын бірнеше кеңеске құлақ асыңыз.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Ұлттық дәстүрлі тәрбиелеу әдістері

Халық өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесін дұрыс түсінген, оның қиындықтарын, қуанышын және ниеті мен мақсаттарын бағалаған. Халық айтқандай: «Тәрбие – құнды байлық», түркмендер бұл ойды былай айтқан: «Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі». Бұл өте дұрыс, себебі жас ұрпақтың тәрбиесі халықтың ең қымбат байлығы.

Тәрбие адамдардың пайда болуымен бірге туындаған. Тәрбие – мәңгілік категория. Ол адами қоғамның дамуымен бірге дамып және өмір сүреді. Халық баланың мінез-құлық кемшіліктері – бұл тәрбиені дұрыс........
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес

Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені.

Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық.

Сырт келбеті өзгереді. Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам.......
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ата - анаға кеңес

Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады:
1. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа, ұқып-
тылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру.
2. 5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай дамытыла түседі. Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз бала мен ер бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық