Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география Сабақтың тақырыбы: Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.1.1 табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды Сабақтың мақсаты: Оқушылар : • Қазақстан территориясындағы табиғи ресурс түріне экономикалық және экологиялық тұрғыдан баға беру.....
Пән: География Бөлім: Экономикалық география Сабақ тақырыбы: Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.1.1 табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды Сабақ мақсаттары: Табиғат ресурстарын еске түсіреді. Табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалайды Табиғат ресурстарын экологиялық тұрғыдан бағалайды......
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таңыды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұңы жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілгенжүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс. 1 кесте Жылдар Желі Контингент 2000 1144 135287 2001 1167 146375 2002 1162 153965 2003 1156 160708
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педакогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғарғы педагогикалық білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2%-ының санаты жоқ. ....
КІРІСПЕ Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық. Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.....
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді. Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи, ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін, заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған принциптер қамтылуын тиіс. Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру мүмкіндіктерін қарастырады.....
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіру талаптарының басты міндеттерінің бірі- жасөспірімдерге адамгершілік тәрбие беру болып саналады. Адамгершілік тәрбие міндеттіріне, профессор Н. И. Болдырев айтқандай, адамгершілік сананы қалыптастыру, моральдық сезімдерді жетілдіру және мінез – құлық дағдылары мен әдет – қылықтарын бойға сіңдіру өнеді.Мұның бәрі сыйып келгенде өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына қажетті моральдық қасиеттерді сіңдіріп, орнықтыруды, оларды қоғамдық және жеке өмірге даярлауды қамтамасыз етеді. Адамгершілік тәрбиесін әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдардан бөліп алып, жеке сала ретінде қарастыру мүмкін емес. Адамгершілік тәрбиесі әр уақытта да табиғаттың, қоғамның және жеке адамның дамуы туралы педагогика, психология және физиология ғылымдарының озық жетістіктеріне сүйенеді.Ал адамдардың адамгершілік қатынастарын, моральдық санасы мен қызметі формаларының жалпы заңдылықтарын талдайтың этникалық ілім адамгершілік тәрбиесі мен практикасының методологиялық негізі болып саналады. Себебі, этика ілімі адамдардың әлеуметтік- тарихи қажеттіліктерін бейнелейтің адамгершілік принциптерін ғылыми тұрғыдан талдап, негіздейді.Жеке тұлға өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат- мүддесіне сай өскелең ұрпақтың бойында қандай адамгершілік сапалық қасиеттерді қалыптастыруға болады деген сұраққа ғылыми тұрғыдан жан- жақты негізделген жауап іздейді.Сондықтаң, өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру этика ғылымының жетістіктеріне сүйенбей табысқа жету мүмкін емес ....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде әлемдік экономикалық интеграция барлық елдерді қамтып отырғанда аймақтағы елдер арасындағы өзара байланысты дамыту барынша маңызды болып саналады. Еліміз ашық нарықтық ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында, ТМД елдері арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Жұмыста аталмыш әлеуеттері жан жақтылы ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне құр сөзбен емес нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер негізінде талдау жасалып дәлелденеді. Еліміз болашағының тіпті де баянды боларына, өркениетті елдер санатына, Ел басы айтқан дамыған елу елдің қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар екендігі бүгінгі және таяу болашақта қолға алынуға жоспарланған келелі жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыда тиянақталады. Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу. Жұмыстың міндеті: Көздеген мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының шаруашылығының дамуына қажетті мүмкіндіктеріне экономикалық географиялық тұрғыда сипаттама берілді, Қазақстанның нарықтық экономикасының даму барысы мен даму мәселелеріне талдау жасалды, болашақтағы даму мүмкіндіктері ең басты салалар болып табылатын ғылым білім саласы, денсаулық сақтау саласы, ғарыштық өнеркәсіп саласы және бүгінгі экономиканың тірегі саналған мұнай өнеркәсібі саласы бойынша қарастырылды.....
Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады. Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады: 1. Банктің меншікті капиталы 2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі. Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы. Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп ....
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда. Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері. ....
Сыни тұрғыдан ойлау курсы батыстың білім жүйесінде ХХ ғасырдың 70 – жылдарында осы жүйеде туған дағдарысты жеңуге байланысты талаптан туған. Білім беру қызметін көрсету үшін күрес басталады. Бірте – бірте бұл күресте сыни тұрғыдан ойлау мен бейресми қисынға бағытталған жаңа білім беру парадигмасы алдыңғы орынға шықты. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы.......