Әдебиет | А.Байтұрсыновтың “Сөз өнері” туралы ойлары

Үлкен ағартушы, ірі ғалым-лингвист, қоғам қайраткері. Сарытүбек деген жерде, қазіргі Торғай облысы, Жанкелдин ауданында туылған. Тоғыз жасынан бастап ауыл мектебінде кейіннен екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. Одан соң Орынбордағы мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. 1895-1909 ж.ж. Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі мектептерде, орыс-қазақ училищелерінде мұғалім болып қызмет атқарады.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күресті тым ерте бастаған Ахмет Байтұрмынұлы осы үшін 1909 жылы Семей түрмесіне қамалады. Кейін қазақ жерінен тысқары жерлерге жер аударуға үкім шығарылып, ұзақ жылдар бойы "саяси сенімсіз" адам ретінде патшалық күзет қызметінің бақылауында болды.
1913 жылдан бастап "Қазақ" атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы қызметін атқарып келді. Ол қазақ мемлекетін қалпына келтіру үшін күрескен "Алаш" партиясы көсемдерінің бірі ретінде де белгілі. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін Ахмет Байтұрсынұлы біраз уақыт алашордашылар қатарында қалды, ал 1919 жылы бірқатар ғалым-зиялылармен бірге Кеңес өкіметі жағына өтуге мәжбүр болды. Осы жылдың маусым айында Ахмет Байтұрсынұлы қазақ өлкесін басқару жөніндегі эскери революциялық комитеттің (ВРК) мүшесі болып сайланады. 1922-1925 жылдары Халық ағарту комиссариатына қарасты ғылыми-әдеби комиссиясының төрағасы болды, Халық ағарту комиссары болып сайланды, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Қазақ Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді, одан соң Түркістан Компартиясының Орталық Комитетінің газеті "Ақ жолда" еңбек етті. 1925-1929 жылдары Қазақ халық ағарту институтында дәріс оқыды, сабақ берді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті мен сөз өнерінің дамуына айрықша еңбек сіңірді.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | А.Байтұрсыновтың аудармашылық шеберлігі

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы жинағын «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ғалым ағартушы тілші Ахмет Байтұрсынов

ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсынұлы халықтың әлеуметтік мәселелерін көтерген қоғам қайраткері

Ерте кезден бері өскелең ұрпаққа тәрбие беріп, олардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамыту мен жетілдіру - әрбір ұлт пен халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен жан дүниесінің сырын айқын білдіретін әлеуметтік құбылыс. Ал әлеуметтік құбылыс сол халықтың тіршілік бейнесімен, жан дүниесінің сан қырлы сырларымен тығыз байланысты сипатта дамып отыратындығы тарихи шындық.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобы материалдық тұрмыс жағдайларының, аймағы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиядағы сол ұлттқа тән кейбір этикалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады. Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны белгілі. Егеменді Қазақстан мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық дәстүрдің ғибраты мол. Ол-ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Бала отбасында, балабақшада, мектепте өз шыққан тегін, ата-бабасын біліп өсуі керек. Әдетте жеті ата межеге алынады. Ал одан да арғыларын білсе, тіпті жақсы. Тегін білмегенді тексіз, көргенсіз деп сөгеді үлкендер. Бұл тұрғыда халқымыздың шежіресін, тарихын жастардың санасына ұялатудың елеулі маңызы бар. Ұрпақтарымыздың тарихқа деген ынта-ықыласын үздіксіз арттыра түсу қажет. «Өзіңнің ұлтыңды тану деген сөз өзіңді тануды білдіреді. Ұлтыңды тану дегенің-ұлттық сезім тудыру.»
Ұлттық тәрбиені асқақтатар алғашқы белгі тіл болса,екінші белгі-дін. «Дінде ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн беруші күш бар... Оның ұлттық дүниетанымдық психологияға, санаға, тәртіп пен тәрбиеге үлкен әсері тиеді». Діннің қуатты, күшті жері-адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу. Діннің арқасында мынау кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталған.
Діннен безушілерге айтылған қарғыс, жастардың жартыкеш, дүбәрә күй кешуіне итермелеген отаршыларға басылған айып таңбасы. Абай айтқан, «артына сөз қалдырып, мәңгілік жасайды дегеннің өзінде терең сыр жатыр. Мұнда философиялық, психологиялық, моральдық, дүниетанымдық, ең қажеттісі-тәрбиелеушілік күш жатыр.»Діннің имандылығы да осында. Жастар тәрбиесінде діннің алатын ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсыновтың поэзиясы

Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы.Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін- болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов педагог ағартушы

Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістеме жүйесіне негізделеді. Әдістеме жан - жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне көңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында , ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерін де пайдаланатын болады. Бұлардың сайып келгенімен, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.
Қазақ тілін оқытудағы әдістеменің қайнар бұлақ көзі Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады.(1) Бұл әсіресе оның «Баяншы» (1940) және «Тіл жұмсар» (1928) деп аталатын таңдамаларында жақсы көрініс тапқан. Әрине бұлар әліпбиді қалай оқыту мен үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» оқулықтарын қалай таныта білуге арналған. Осы жайында автордың өзі кезінде былай деп жазған болатын: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін таныту үшін түрлі бөлшектерін тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін тетіктерін балаға шағындай бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап соларды танытып, соларды жұмсару арқылы барып үлкен құралды танытады».(2)
Оқыту жүйсіне байланысты біздің методика деп қолданып келген ұғымымызды кезінде А.Байтұрсынов әдіс сөзімен берген. Ол әдістің екі түрін көрсетеді: талқылау (айырыңқы) әдіс және жалпылау әдіс. Ол бұл әдістердің әр қайсысына анықтама береді. «Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы іріден ұсақтау».(3) Сөз жоқ, бұл аталған әдістемелер қазақ тілін мектеп ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.
Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы хал-қымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.
Қазақ халқының көрнекті тұлғаларының, соның ішінде тоталитарлық режим тұсында жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ойшыл ғалымдар, қоғам қайраткерлері әрі жазушы-педагогтары А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедовтың педагогикалық ой-пікірлерін зерттеу ғылыми-практикалық маңыздылықты арттырады, педагогика тарихы курсының ауқымын кеңейтіп, мазмұнын байытады.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі" атты халыққа Жолдауында "Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар "Алаштың" ардақты азаматтары еді", - деп, олардың тарихта алатын орнына өте әділ баға берді.
Сол заманның тегеурінді күш иелері жаңсақ, әділетсіз пікірлер салдарынан "Алаштың" ардақты ұлдарының шығармалары ұзақ уақыт бойы халық назарынан тыс қалды. Дегенмен де, кейінгі кездері еліміздің әр түрлі ғылым саласындағы ізденімпаз ғалымдарының табанды еңбектерінің арқасында аталған жазушы-педагогтардың мұраларын танып-білуге көптеген зерттеулер дүниеге келеді.
Жұмысты терендете мазмұндап, құнды ғылыми деректермен дәлелдеуде республикамызға белгілі тарихшыларының (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, М.Мүқанов, Т.Омарбеков, т.б.), саясаттанушыларының (М.Тәжин, К.Нұрпейісов, К.Көшербаев, М.Тәтімов, т.б.), философтарының (Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Н.Сәрсенбаев, А.Қасымжанов, О.Сегізбаев, Қ.Бейсенов, А.Қасабеков, Ғ.Есімов, т.б.), әдебиеттанушыларының (М.Әуезов, М.Ғабдуллин,
Ә.Қоңыратбаев, М.Тілеужанов, Н.Келімбетов, М.Әлімбаев, т.б.) зерттеу еңбектерінің көмегі зор болды ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашуға байланысты еңбектерінің маңызы

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің Президенті Н.А.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа Жолдауында «ХХ ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халқты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар «Алаштың ардақы азаматтары еді» - деп А.Байтұрсынұлының М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың тарихта алатын орнына әділ баға берді. Сол азаматтар ұстаздық етуде және тәлім тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт - санасын үңіле зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар ата – бабаларының халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады, сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылар мен мұғалімдерне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.
Миллиондаған адамы бар халықтың рухани жетекшісі болатын адам белгілі бір идеяларды алдына мақсат мұрат етіп қойып, оларды сол халақтың әлеуметтік – мәдени өміріне жарататын іс -әрекеттерге баруы керек екені белгілі. Әрине ондай адам қайтсем осы бағаға ие болам деп, атақ - лаузым үшін әрекетт етпейді, халқы үшін, халықтың мәдени рухани дүниесін көтеру үшін қызмет етеді. А.Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алдыңғы он жылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстаған бір – қаруы ағартушылық идеясы болды. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл өмір жолында қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту, ол халықты жаппай сауаттандыру оқыту керек екенін айтып, насихаттайды.
Оқу ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азматтық борышының негізі, идеологиялық плтформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген – оның өз халқының тағдырын ойлаған қам - қарекеті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы – тәуелділік күн кешіп отырған, білім ғылымнан кенже қалаған, мал бағып, марғау жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көңілі ұйқылы», «еспесі жоқ қайығы қалтылдақ», болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Сол жұртқа «Оян қазақ!» деп, Міржақып Дулатов жар салса, «ұйықтап жатқан қазақты сары маса боп ызыңдап оятуға» Ахмет Байтұрсынұлы шықты. Демек, қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, адамзаттық мәдениетке жеткізетін, жалпақ тілмен айтқанда, ел қатарына қосатын амал - әрекеттің бастысы – «түгел қазақты» саутты етіп, көзін ашып надандықтан арылту болды. Ахңның тілімен айтқанда «Өрге басқан өзге жұртың қатарынан қалыспау үшін» оқу ағартуға құр шақырып қою, ұлттық намысына тию де енді жеткіліксіз болды. Енді оқу – ағартуды жүзеге асыратын нақты іс - әрекеттерге көшу саясаты басталды.
Демек, мектеп керек болды. Сол мектепте ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни алфавитін жасау қажеттігі туды. Ол таңбаларды қай жазудан алса да қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп өзіне тән ұлттық графика етіп ұсыну мақсаты тұрды. Міне, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеп, танып білуге қатысы осы тұстан басталады. Ахмет Байтұрсынұлыа еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің элементтері ұлттық жазу жүйесі, ұлттық негіздегі бағдарламалар оқу әдістемелік құралдар. Ахмет Байтұрсынұлы осы жүйенің барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық-патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда.
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында «мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғастығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүдесі мен бірлігінің тоғысуына негіздеулі керек. Мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс», деп өте орынды айтылған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.
Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған....
Курстық жұмыстар
Толық