Экономика | Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары

Қаржылық жағдай мен қаржылық тұрақтылықтың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдай мен қаржылық тұрақтылықтың түсінігі
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттағанда “қаржылық жағдай” дегеніміз немесе “қаржылық жай-күй” дегеніміз не деген сұрақтарға жауап береміз.
Соңғы жылдары шығарылған әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет “Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады” деп жазған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттағанда “қаржылық жағдай” дегеніміз немесе “қаржылық жай-күй” дегеніміз не деген сұрақтарға жауап береміз.
Соңғы жылдары шығарылған әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет “Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады” деп жазған.
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: “Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді”.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы “қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі” деп жазса, кәсіпорынның қаржы ресурстарының тұрақтылық жағдайы ақша қаражаттарын еркін айналымға салуының, үздіксіз жұмыс істеуі мен өнім шығаруының, өнім көлемін ұлғайтудың және жаңалап отыруының негізгі көрсеткіші болып табылады деп есептейді.
Профессор В.М. Родионованың есептеуі бойынша, кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық тұрақтылық дәрежесімен, жеке айналым қорымен, олардың сақталуымен, жеке және сырттан тартылған қорлардың қатынасымен, бағалы қағаздар шығару арқылы қосымша қаржылық ресурстар арқылы анықталады.
М.Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: “Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы”. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын талдау

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептер-ді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-мастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өз-геше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере ал-майды.Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорлар-ды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету

Мемлекеттік органдардың өз функцияларын орындау үшін басқарудың барлық деңгейлеріне тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Демек, әр елде мемлекеттің қоғам алдындағы міндеттері мен функцияларын орындауын қаржыландыру үшін ақша қаражат қорларын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттердің сыныптамалық желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру үрдісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы бюджет жүйесін құрудың қажеттілігіне әкеледі. Бюджет құрылымында басты орынды – бюджет жүйесі иеленеді. Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылымы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және мемлекеттің басқа да айрықша белгілеріне байланысты анықталады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағалау | Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау

Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастарға көшу барысында, кәсіпорындардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі өсуде. Шарушылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні тез ұлғаюда. Бұның барлығы олардың қаржылық жағдайын талдаудың, ақша қаражаттарын қолдану және орналастыру ролін елеулі жоғарлатып отыр. Бұндай талдаудың нәтижесі ең алдымен меншік иелеріне, сондай – ақ кредиторларға, инвесторларға, менеджерлерге және салық органдарына қажет.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жақсару жолында» Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы жыл сайынғы жолдауында “шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек” делінген. Экономикамыздың тіреуі болып табылатын, орта және шағын бизнеске қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуіміз керек. Кәсіпорынның аяғында нық тұруы, оның дамуы республикамыздың экономикасының әл- аухатын жақсарту үшін маңызы зор.
Бұл жұмыстың басты мақсаты – «Алаугаз» АҚ қаржылық жағдайын зерттеу, қаржылық қызметінің негізгі проблемаларын анықтап, қаржылық жағдайын бағалау және басқару үшін ұсыныстар жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақстандағы ең сенімді банктер

Сарапшылардың сөзінше алда банк секторының тұрақтылығын тексеретін сынақ болуы мүмкін. Осыған байланысты олар ең сенімді банктердің үштігін жариялады, деп хабарлайды 7күн.кз сайты.
Жаңалықтар
Толық