Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда. Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. Қазіргі білім беру саясатының ерекшеліктерінің қатарында төмендегі жайттарды атап өтуге болады: бүгінгі деңгейімізді сақтау және білім берудің ұлттық үлгісін одан әрі дамыту, білім беру саласының барлық деңгейлерінің мазмұны мен сапасын жаңарту, білім беру саласында информациялық және телекоммуникациялық технологияларды кең түрде енгізу. ....
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда. Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. ....
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды,оның құқықтары мен бостандықтарын,қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдыққатынастарды реттейі.Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Біріншіден қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады.Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған Адам мен мемлекет арасында пайда болады. Екіншіден қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі . ....
Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін: Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.....
1.Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам-жеке адам болып сипатталады. «Жеке тұлға» түсінігімен қатар біздің қолданымымызда «тұлға», «дара тұлға» терминдері бірге жүр.Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшіліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, оғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік- тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде- дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесіне бөлектенбейді. ....
1.Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам-жеке адам болып сипатталады. «Жеке тұлға» түсінігімен қатар біздің қолданымымызда «тұлға», «дара тұлға» терминдері бірге жүр.Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшіліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, оғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік- тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде- дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесіне бөлектенбейді. Дара адам - «homo sapiens» тектілердің өкілі,адамдық даму нышандарының иесі-нақты адам ....
XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ ішіндегі күрес тартыстардың басында болған қайраткерлер халқын орыс езгісінен азат етуді көздеді. Олар елін отарлаудан құтқарып, ашық түрде күреске бастады. «Олардың алға қойған мақсаттарының бірі – жер мәселесі еді. Бұл қазақ қоғамында отарлық кезеңнен бері шиеленісіп келе жатқан өзекті мәселе. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты» [1,4]. Қазақ тіршілігінің негізі болған жер мәселесі ертеден ақ өзекті болған. Өздерінің отарлау саясатының басты нысаны ретінде қазақтың ұлан байтақ жеріне иелік етуді көздеген патша үкіметіне қарсылық жасап, жер жерде өрістеген қарсылық көтерілістердің басы қасында болған қазақ зиялылары бұл мәселені жоғары органдар деңгейіне көтереді. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Ә.Бөкейхан «Государственная Думада», «Төртінші Дума һәм қазақ» мақалаларында осы мәселені түбегейлі көтеріп, жер бөлуде қалыптасқан көзқарас пікірлердегі қайшы тұстарды саралайды. Қазақ жұртына тиімсіз болып тұрған мәселелерді ашып, көрер көзге әділетсіз шешімдерге наразылық айтады. Алдымен жергілікті жұртты орналастырып алып, содан кейін переселендерге кірісу керектігін, қазаққа мал жайылымы үшін қалдырылған жерді енді жаңа заң бойынша орысқа ұзақ жылға жалға берілмектігін айтып, өз жеріне өзі жат болған қазақ тірлігіне ара түседі [2,300 301]. Ұлт қайраткері Әлиханның халқының тағдырына түбегейлі кірісуі сан тарапты қызметінен көрінді. Ол қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын ғылыми тұрғыда зерттеп, пайымдау үстінде, экспедиция құрамында қазақ жерінің біраз өлкелерін аралап, зерттеу жүргізеді. Мұның ар жағында қазақтың шежіре тарихына терең бойлап, ондағы әрбір рудың, жүздердің орналасу жүйесін анықтайды. Ә.Бөкейхан осындай белгілі бір мақсатты нысан еткен жұмыстарды тындырған соң, елге келіп қоныстанып жатқан переселендердің жай күйін зерделеп, олардың шаруашылық жағдайларының тиімді, тиімсіз жақтарына экономикалық тұрғыда сараптау жасайды. Яғни Әлихан қазақтың тарихындағы мәнді тұстарды әбден саралап, өз дәлел, тұжырымдарын ғылыми айғақтармен бекіте алған. Қазақтың жер мәселесіне байланысты белсенді қызмет еткен тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Өзінің саналы ғұмырын халқының жоғын түгендеуге арнаған Мұстафа Петербор университетінің студенті болып жүргенде ақ, жерлестерінің арыз шағымдарына араласып, мұқтаж істеріне қол ұшын беріп отырған. Халқының ұлттық мүддесін жоғары қойған М.Шоқай елінің бостандыққа жетуін аңсады. Баспасөз өркендеп, сөз пәрмені күшейген кезде, басылым беттерінде қоғамдық саяси өмірде жасалған, жасалып жатқан өзгерістер мен іс әрекеттерге жан жақты пайымдаулар жасалып, көзқарастар қалыптаса бастады. ....
«Отан, оттан да ыстық» - дегендей, әр адамға ,әр халыққа өзінің Отаны ыстық . Осы ыстық сезімді бойымызда ұстап, Отанға адал қызмет жасауымыз керек. Бәріміз бірлік пен ынтымақтастық сақтай отырып, еліміз «мәңгілік ел» болуына ат салысуымыз керек. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпындағы құндылықтарды бағалап, соны өнеге тұтуымыз - Отан алдындағы басты парызымыз. Сондықтан біз өзіміздің тарихымызды зерттеп, ұлан-байтақ жерді, мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бойындағы асыл қасиеттерді, жан дүниесін, рухынын биік екенін басқаларға дәріптеп, білмейтіндерге білгізу жолын көрсету - басты міндетіміз деп ойлаймын. Отан үшін , халқын үшін игі іс істеу нағыз патриоттықтың сезімнің шыңдалуы......
Адам – ерекше жаратылыс . Дүние есігін ашқаннан бастап, ол дараланады, яғни өзіне ғана тән қасиеттер ала бастайды. Басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы ақыл- есінің жоғалары және бір- бірімен түсіне, сөйлесе алатындығында . Әр адам – бөлек бір әлем. Олардың ешқайсысы бір- біріне ұқсамайды. Біреуі түр – келбетімен, енді біреуі мінезімен дараланып жатады. Тіпті біз ұқсас деп қарастыратын егіздердің өзін ата - анасы, достары олардың ерекшеліктеріне қарап оңай ажыратады. «Мал аласы сыртында , адам аласы ішінде » -......