Әселхан Қалыбекова (22 сәуір, 1950 жылы)

Әселхан Қалыбекова (22 сәуір, 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған) — от ауызды орақ тілді, қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы. Қазақ КСРнің Халық ақыны (1990). Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының Құрметті азаматы.
Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.
Әселхан Қалыбекова белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы.
1966 жылы Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген.
1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті.
1971-91 жылдары аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған. *1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық