Әділбек Ниязымбетов Сәбитұлы (19 мамыр 1989 жылы)

Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов (19 мамыр 1989 жылы Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) — боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Құрмет орденінің иегері (2012), Бакуде өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2012 жылғы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Өмірбаяны
Әділбек алғаш рет 2007 жылдың жазында Алматы қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатын ұтқан. 2008 жылы Тараз қаласында өткен ересектер арасындағы 69 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Ол кезде Әділбек бар болғаны 18 жаста болатын. Ал 2009 жылы Қостанай қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы жетістігін қайталап, екі дүркін ел чемпионы атанды. Бірақ ҚР құрамасы сапында 2009 жылдың жазында Вьетнамда өткен Азия чемпионатында алғашқы кездесуде ұтылып, сәтсіздікке ұшырады. Сол себепті Әділбекті құраманың бас бапкері Дамир Буданбеков Миланда өткен әлем чемпионатына алмай тастап кетті.
Сол кезден бастап Әділбектің боксында тығырық кезеңі басталды. Ол 2010 жылы Астана қаласында өткен ҚР чемпионатында 1/4 финалда Данабек Сужановқа 2:3 есебімен есе жіберсе, 2011 жылы ақпан айында Алматыда өткен ҚРЧ 1/4 финалда Асхат Жақыпбековке 1:3 есебімен ұтылып қалды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық