Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады. Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйсіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. ....
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi. 2006 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру басталады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiптiк кешен салаларының өнiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн өсiру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелiк артықшылықтарын дамыту болады. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын тиiмдi iске асыру үшiн 2006 - 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы әзiрленедi, мұнда өңiрлiк мамандануды күшейту, пайдалылығы жоғары өндiрiстi дамыту, әрi iшкi және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жолымен тиiмдi аграрлық бизнестi дамытуды және ауыл шаруашылығы өнiмдерi нарығын кеңейтудi мемлекеттiк ынталандыру шаралары көзделедi ....
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ. Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? ''Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?....
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейтестілігі: Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады. Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған. Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар. Аномальды балалар тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіреді. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы мен өсуінің бұзылуы оның организмі жаңадан қалыптаса бастаған кезде пайда болады. Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болатындықтан, аномальды балаларды зерттеу қиындай түседі. Бұзылудың қандай түрі болмасын баланың өсіп-дамуына өз тарапынан ерекше әсер етеді. Дефектология курсының мақсаты әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру. Осы курстың міндеттері: дефектология ғылыми білімінің саласы ретіндегі ұғымы туралы, оның тарихы, қазіргі кездегі жағдайы және оның дамуының бағыттары жайлы білімдерді беру; мүмкіндіктері шектелген балалардың негізгі топтарына психологиялық сипаттама беру; арнайы мекемелердің әр түрлі типіндегі білім беру жүйесін, яғни білім беру мазмұнын, принциптерін, оқу тәсілдері мен формаларын ашу; мүмкіндіктері шектелген балалардың әлеуметтік еңбекке бейімделуінің жолдарын көрсету; дамуында ауытқуы бар балаларды интерактивті тұрғыда оқытудың үлгісін ашу; балалардың бойында кәсіби және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру; балалардың физикалық дамуын, ақыл-ойын терең және жан-жақты зерттелуінің объективті заңдылықтарын жүзеге асыру; аномальды балалардың кемістігін жою, түзету және орнын толтыру мүмкіндіктерін іске асыру; аномальды балалардың қоғамдық ортадағы өмірі мен белсенділік ерекшеліктерін зерттеу; аномальды балаларды тәрбиелеу жүйесінің даму принциптерін, білім алуын жақсартуды жолға қою; арнаулы мектептердегі оқушыларды практикалық белсенділікке даярлау. Баланың дұрыс қалыптасуына негіз болатын басты жағдайлар: 1. Баланың бас миының дұрыс қызмет жасауы; 2. Баланың физикалық жағынан дұрыс дамуы; 3. Сезім мүшелерінің сақталып, дұрыс қызмет атқаруы; 4.Балалардың бала-бақшаларда, жанұяда, мектепте жүйе бойынша оқытылуы.....
КІРІСПЕ Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады. Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді. Негізінен қандай да бір ұлттың тіліндегі түр-түс атаулары сол ұлттың тіл байлығы ретінде қарастырылады. Себебі, басқа тілдер сияқты, қазақ тілінде түстердің барлығы тек өзінің негізгі мағынасында ғана қолданылмай, қосалқы бір жасырын мағынасында да жұмсалуы мүмкін. Бұлар қандай да бір халықтың материалдық-рухани мәдениеті, әдет-ғұрпы, тарихы, наным-сенімдері жайлы ақпарат бере алады. «Қара» түс, керісінше. қара қоңыр, қара қошқыл, қара торы, шойын қара т.б. осы сияқты қараңғылықпен тұмшаланған түстердің өзіндік ұйытқысы тәрізді. Басқаша айтқанда, «ақ» және «қара» түстері бір тәулікті екіге бөліп тұратын күн мен түннің символы іспеттес құбылыс.Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді.Түр-түс әлеміне қатысты тілдегі атаулар мен олардан туындаған жай және тұрақты (фразеологизм, салыстырмалы тіркес, жұмбақ, мақал–мәтел) тіркестерінің баршасының табиғатына терең үңіліп, бір зерттеудің ауқымында тәптіштеп қарастырып шығу әрине, мүмкін емес. Сондықтан да біз «түр-түс әлеміне» байланысты зерттеу нысанымызды тек «ақ» және «қара» түстерге ғана бөліп алып, осы екеуін бағыштап, танымдық табиғатын мүмкіндігінше кең де терең, әрі жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.Тақырыпты осылай анықтап, зерттеу мақсатымызды нақты осы мәселеге арнауымыздың себебі мыналар: біріншіден «ақ» және «қара» түстері жалпы түр-түс жүйесіндегі, жалпы таным жүйесіндегі (ұлттық ұғым-түсінік бойынша) ең негізгілері, олар қүрылымы тұрғысынан түр-түс гаммасын екіге бөліп тұратын қарама-қарсы (конрастивті) түстер. Екіншіден, осы екі түске қатысты табиғи-қоғамдық ортада түр-түс әлемі атауларының тілдік және тілден тыс атқарылатын қызметін, қолданысын, оларға қатысты нысандардың түрін, ерекшеліктерін түгел аңғаруға болады. Үшіншіден, зерттеу объектісіне байланысты «ақ» және «қара» атаулары бойынша мол жинақталған материал теориялық ой-пікірімізді кеңірек айтуға мүмкіндік береді.....
1 ТҮС КӨРУДІҢ ПРОЗАДАҒЫ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ 1.1. Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы “Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді. “Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”. Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту - өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі – көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі - өлім әлемі, екіншісі - өлім әлемі. Түсте өзеннің немесе теңіздің суына қарық болу, яғни суға кету – жамандықтың, қасіреттің нышаны. Халық нанымындағы бұл жору да оқиға барысынан көрініс береді. Анасының түсінде тасыған Бұқтырмадан өте шыққан Аққан соғыстан аман-есен оралады. Ақанның түсі: “Түнде кезегім бітіп, шаршапкеліп, ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет Ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей, шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында қалған мен айғайлап сондарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым-жырт. Бұл түс арқылы еңбек армиясында жүрген Ақан майдандағы ағасы Ақтайлақ пен інісі Бағдаттың оралмайтынын біледі. “Екеуінен де мәңгілікке айрылғанымды жүрегім сезіп еді. Бұқтырмадан аман-есен өткен Ақан ауылға оралады, ал сол Бұқтырманың толқыны жұтып қойған Ақтайлақ пен Бағдат майданда қаза болады. О.Бөкеев кейіпкерлерінің түсінде Бұқтырма - өмір мен өлім межесі. Және ол түске тасыған қалпымен енеді.....
Кіріспе. Зерттеудің көкейкестілігі. Баланың мектептік жағдайға жемісті кіру мен оқу ісін тез меңгеру , оны мектепке дұрыс дайындалуына байланысты. Аксенова, Өмірбекова, Бектаева, Самсонова Қ.А. т.б. Арнайы мектептің басты мақсаты, әрбір баланың мектепке дайындығының, келесі сатыда мектептік бағдарламаны жемісті игеріп кетуінде. Жазу мен оқудың психофизиологиялық негізі болып бірнеше талдау жүйелерінің бірігіп жұмыс атқаруда екені белгілі. Көптеген авторлардың зерттеулерінде, көрсетілгенг топтардың аталған жайттарды жүзеге асыру үшін сақтау қажеттілігі аталады. Мысалы: А.Н.Гнецеренов, В.В. Воронкова басқалар сауат ашу қажеттілігі үшін фонематикалық талдау мен ситезді сапалы ақыл-ес әрекеттері ретінде сақтауды көрсетеді. М.В.Гнездилов, В.В.Воронкованың зерттеулері дыбыстарды артикуляциялық кинестетиклық талдаудың маңыздылығы мен қажеттілін сақтауды атап көрсете отырып, екінші жағынан әр дыбыстың әр сөзінде алатын орнын дұрыс қоюды негіздейді. Фонетика – фонематика жетіспеушілігі бар балаларды мектепке дайындау, сауат ашу кезінде жоғарыда көрсетілген жайттар білінеді. Бұндай балаларды мектепке дайындау жемісті толыққанды болады деп айта аламыз. Мектепке дайындық кезінде көптеген балалар мектепке барар алдында зиятында ауытқуы бар олқылықтарды толық жеңе алмайды. В.В.Воронкованың пікірі бойынша дифференциалдық ыңғайдың (әдіс) мақсты әр баланың әр топтаь сөйлеу деңгейіне арналған мазмұны салмақты материалды қамтуында: - сөздердің барлық дыбыстарын анық беретін; - барлық дыбыстарды дұрыс айта алатын, әсіресе бір дыбысты өзге дыбыспен алмастыру; - 1 сынып балаларының сөз дыбыстарына талдай жасай алуын игеру қажет. Осы мақсаттың әдістемелік пәні баланың мектеп бағдарламасын сенімді меңгеріп, өз сауатын жемісті ашуына себепкер болуында екенін баса айту керек. өкінішке орай қазіргі таңда зиятында ауытқуы бар мәселесі және ғылыми толыққан дифференциалдық әдіс баланы дайындауда сауат ашуында ғылыми негіздерге сүйенген бағытты қамти алмай отыр. Мектепке дайындық топтарын және 1 сынып бағдарламаларының жетілмегендігі, оны тәжірибиеде дұрыс қолдана алмауы, мектептегі бағдарламаны баланың игеріп кетуіне айтарлықтай қындықтар туғызады. Сонымен бұл проблема (қиындықтар) зерттеу мақсатын анықтауға негіз болады. Зерттеудің мақсаты: Әртүрлі ақыл-кем балалардың олқылықтары бар балардың сауатын ашуда дұрыс астары кең, мәні зор әдісті тәжірибиеде қолдануында. Мақсатқа сәйкес зерттеудің кеесі міндеттерін атай кетуіміз керек: - «Сауат ашуға дайындық», « фонематикалық ойын», «дифференциялдық әдіс» ұғымдарының түсінігін ашу. - Ақыл-ойы кем балаларының а)фонематикалық ойындарының қалпын меңгеру: Олардың жиынтығын, дәрежесін анықтау; б) олардың жиынтығының дәрежесін анықтау; в) мектептегі 1 сыныптағы дифференциалды әдісті дәйектеу және осы әдісті жетілдіру.....
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын тарихта болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды. Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен азаматтарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалыптастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мемлекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терминінің семантикасын да береді.....
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады. Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан. Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады. Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.....
Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына жатады. Оны зерттеуге марксизм классиктерінің еңбектері, қазақстандық және шетелдік экономистердің көптеген еңбектері арналған. Бұл тақырып өзекті, себебі қазіргі жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары дамуына жетті. Бүгінгі таңда сөз қарызға берілетін ақшалай капитал көлемдерін әрдайым арттыру жөнінде емес, сонымен қатар қаржылық катынастар субъектілерін кеңейту және операциялардың өзінің көп түрлілігінің өсуі жайлы болып тұр. Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздіксіз айналым жасауы қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына түсіп, қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал салымдарының қажеттілігі бар экономика салаларында орналастырылып, іске тиімді қосылуы қажет. Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы, аймақтардың түрақгылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен инфляция деңгейі көптеген аймақтардың қызметіне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында карастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: ''Аймақтардың қаржы саясатының'' мәселелері Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады ....