Түс аян
Майлықожа ақынға түсінде бір ақ сәлделі адам келіпті де:
—Көген аласың ба, жоқ әлде өлең аласың ба?—депті. Ол кісі:
—Өлең, өлең!—деп оянып кеткен екен. «Егер де «көген ала- мын» дегенде мыңғырған бай болар еді»,—дейді ел қариялары.
Майлықожа ақынға түсінде бір ақ сәлделі адам келіпті де:
—Көген аласың ба, жоқ әлде өлең аласың ба?—депті. Ол кісі:
—Өлең, өлең!—деп оянып кеткен екен. «Егер де «көген ала- мын» дегенде мыңғырған бай болар еді»,—дейді ел қариялары.
Бір қатын келіп Мұхаммед пайғамбарға:
—Түсімде үйімнің мәткесі сынды,—деді. Пайғамбар айтты:
—Жолаушың келеді екен,—деді. Айтқандайын күйеуі келді
Екінші күйеуі тағы жолаушы кетті, қатыны....
Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ бо- лады.
—Бір жолы бәйгеге қырық ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. Отыз атқостым, біреуі де келмеді. Бесатқостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана аман жетті. Аман жеткені сол— келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенім- де, қасқыр шықты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда, қоян...
Байбақты руынан Омар дейтін кісі Кенесарыны қуған топ- тың ішінде болады. Қайтып келе жатып түс көріп, оны Қазыға (Сырымның баласы) жорытыпты. Сонда Қазы:
Түсіңде қаршыға ұстасаң, ер балалы боларсың....
Бірде Ибн Сиринге бір адам келіп:
—Маған бір түс кірді, онда бір кептер маржанды жұтты да, қайтадан шығарған кезде ол үлкейіп кетіпті. Сосын тағы бір басқа кептер де моншақты жұтқан кезде, одан жұтқанынан кішірек маржан қайта шықты. Ал үшінші кептер моншақты жұтқан кезде одан қандайын жұтты, сондайы қайта шықты,— дейді. Бұны тыңдап отырған Ибн Сирин былай деген екен:
—Бірінші кептер—ол Хасан әл-Басри. Ол қасиетті....
Құдықта, яғни зынданда жатқанда екі адам түс көріпті. Бірі айтты:
—Бір түс көрдім, ұмытып қалдым,—дейді.
Биқауыл деген адам еді. Жүсіп пайғамбар ұмытқан түсті һәм білер еді. Сонда Жүсіп пайғамбар айтты:
—Биқауыл, мен білермін де деді. Сен түсіңде көрдің, алды- ңа бір себет жүзім келді. Сол жүзімді адамдарға үлестіріп бер- дің,—деді. Әлгі Биқауыл:
—Осы түсім рас,—деді,—Енді бұл түсім қандай болады?— деді. Жүсіп пайғамбар айтты:
—Түсіңде көрген жүзім нығмет, уа...
Абылай хан Қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тар- тып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді:
—Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен жекпе- жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын, Абылай да өзіне қараған қазақтан (елінен) «осы сырттан-ау» деген біреуін таңдап шығарсын. Менің кісім Абылайдың шы- ғарған кісісін....
Баяғыда бір жүкті келіншек қайынсіңлісіне:
—Еркем, түсімде емшегіме қос қасқыр жармасып жатыр екен,—дейді. Сонда өмірден көрген, түйгені аз еркетотай қыз:
—Жеңеше, төркініңе бара жатқаныңда сені...
Әкесінің өлімінен соң, Досмұхаммед өгей шешесімен некелесіп, ар-ождан шынысына тас атты да, оны сындыр- ды. Қалыңдық күйеудің үйіне салтанатпен ұзатылған соң, Досмұхаммед хан түсінде қара атқа мініп келген әкесі Есенбұға ханды көреді. Оған (баласына) жақын келісімен, атынан түсіп, қолымен қазанның түп күйесін....
Бекет Атаның әулиелігі қалың елге кеңінен жайылған кез болса керек. Маңғыстауға аты танылып үлгірген дом- бырашы сері жігіт ел аралап жүріп, жұмаға қараған күні түс көреді. Түсінде астындағы аты омақаса құлап мертігіп, домбырасы ортасынан омырылып, өзі белінен шойырылып жүре алмай қалғанын сол...