7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: 7- сабақ. Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.1.1 жоспарда сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:
• жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;
• мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
• тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін анықтай алады;
Оқушылардың көбі:
• жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;
• мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
• тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
Оқушылардың кейбірі:
• жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады;
• мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
• сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

№5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: №5 -сабақ. Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.1.1 жоспарда сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
• тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, сипаттау мәтінін, пайымдау мәтінін анықтай алады;
• үлгі негізінде сызба/кестені, тірек сөздер қолдана отырып сипаттау мәтінін құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың көбі:
• тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• сызба/кестені қолдана отырып, бірлесе белгілеген тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
• әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• сызба/кестені қолдана отырып, тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мәтіннің түрлері (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: Менің мектебім. Мәтіннің түрлері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.2.5.1* сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау, азат жолдың рөлін білу
2.4.1.3* «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары: Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтап үйренеміз. Мәтіннің бөлімдерін және негізгі ойды анықтаймыз......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мен дизайнермін Дауыссыз дыбыс түрлері (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Мен дизайнермін. Дауыссыз дыбыс түрлері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.4.1.2 дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, ұяң, үнді) ажырату
2.3.8.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Сабақ мақсаттары: Мазмұн бойынша сұраққа жауап бере алады;
Дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратады.
Каллиграфиялық нормаларды сақтап, әріптерді жазады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Баспана түрлері (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Баспана түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы
на сілтеме) 1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.
11.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
Таныс дыбыстарды қолданып әріп жаза алады, сөз, сөйлем сызбасын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын жаза алады. Буындап оқиды, сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын, сөздерді еркін жаза алады. Сюжетті сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құрайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сәлемдесу түрлері (1 сынып, 1 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы:Сәлемдесу түрлері №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1 Зейін қойып тыңдау.
1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды.
1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну.
1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
2.4 Диалогке қатысу.
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды.
Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
Кейбірі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Диалогқа қатыса алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Киім түрлері (1 сынып, 1 бөлім )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы:Киім түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану.
1.1.1. Баяу және анық айтылған сөзді тыңдап оған сәйкес әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау), хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын ажырату.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған сөзді тыңдайды, оған сәйкес әрекет етеді, хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын ажыратады.
Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған сөзді тыңдайды, оған сәйкес әрекет етеді, хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын ажыратады, өздері сұрақ құрастырады.
Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған сөзді тыңдайды, оған сәйкес әрекет етеді, хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын ажыратады, өздері сұрақ құрастырады, жауап береді....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экономикалық жұйелері және оның түрлері

Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық даму өндірістің және экономикалық игіліктердің дамуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді.
Курстық жұмыста экономикалық даму теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе дамуы үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы мен экономиканы тұрақтандыру саясаты статистикалық немесе қысқа мерзімді факторларға негізделген. Теорияға жүгінсек, толық жұмысбастылық пен ресурстың тұрақты көлемі бар кезде экономика өзін қажетті жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) қамтамасыз ете алады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық даму кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық дамуне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық даму тақырыбы өте актуалды болып келеді. Оның актуалдығы келесідей себептермен түсіндіріледі: Мемлекеттің экономикасының дамуіне талдау, болжау және жоспарлау жұмыстарын жасау арқылы оның себеп салдарын анықтауға болады. Экономика циклдық сипатта дамиды, яғни экономиканың құлдырауынан кейін әрқашанда даму немесе өркендеу процесі орын алады. Сондықтан экономика үшін экономикалық дамудың мазмұны мен себептерін түсіну өте маңызды болып табылады.
Менің курс жұмысымның негізгі мақсаты экономикалық дамуды зерттеу және оның қарқындары мен факторларына талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында мен келесідей мәселелерді бөліп көрсеттім:
• Экономикалық даму және оның даму қарқынын анықтау;
• Экономикалық дамудың факторларына сандық баға беру;
• Экономикалық дамудың түрлеріне сипаттама беру;
• Экономикалық дамуды ынталандыру үшін қолданылатын шараларға қысқаша шолу жасау;
Курстық жұмысты жазу барысында жоғарыда көрсетілген мәселелерге қоса экономикалық дамуды тежейтін факторлар, экономикалық дамудың фазаларына, экономикалық дамудың теориясына, экономикалық дамуды мемлекет тарапынан реттеу мәселелеріне де жалпы шолу жасап шықтым. ....
Рефераттар
Толық

Холдингтер құрастыру қажеттілігі маңызы және түрлері

Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады. Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.
Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш жігерін белгіленген бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады.
Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты корпоративтік басқаруды жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.
Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.
Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.
Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекет мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Нарықтың мәні атқаратын қызметі түрлері мен құрылымдары

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдык өнімнің нақтылы қозғалысы сан мындаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардын, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылыгғның экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы козғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршендігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалык әдебиеттер мен зерттеулерде "рынок" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі рыноктық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет "күш" деп те дәріптеуде.
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістін үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдык қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы кұрылымдары, өнімнің түрлері және баска да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен рынокта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, рынок белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнін оған жұмсалған енбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Рыноктың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін олбағаның қоғамдық кажетті еңбек шығындарын накты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар рыноктық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек. ....
Рефераттар
Толық