Фейк

Әлеуметтік желінің құдіреті,
Қартайтады адамды жасартады.
Ғаламат дейсіңдер интернетті
Ол да бір дүние кереметі.!
Барлық адам бейім болған,
Бұл ғалам жалған болған.
Өмірдегі түрлеріне шүкір демей,
Фотошоп құрастырып масайтқан.!
Алдайды ол, расындада....
Өлеңдер
Толық

Экономика | Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнайы салық режимінің қолдану

Салық жүйесі мемлекет және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығының, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметінің жиынтығын құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерінің түсімдерінің негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта саяси - әлеуметтік шараларды толығымен іске асуға мүмкіндік жасайды.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 - желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін қүрудың ең алғашқы бастамасы больш табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердщ бірегейі екендігі айқын. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бүрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе -теңдігі; шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың қүқыктық негізде жүргізілуі т.б.
Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтық түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгелеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі. Салық - мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі болып табылады.
Президенттің нақты тапсырмаларының ішіндегі аса өткір әлеуметтік мәселе ретінде толық көлемде зейнетақы, жалақы және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді қамтамасыз ету қойылқатар салық жүйесіне де уақытгық өзі үлкен міндетгер жүктеліп отыр.
Саңғы жылдары салық жүйесін арқылы бюджет кірісін молайтуда бірқатар жаңа үлгілер тәжірибеге енді, кадрлармен жұмыс сапасы жақсарды. Сонымен қатар жергілікті ауылдық аймақтардағы төлеушілердің есебщ толық, уақгылы алу. Олардың белгіленген тәртіпте мәлімдеме тапсыруы, оңайтылған салық салу жолына көшу жайлары емулі нәтиже беруде.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Циклді емес қозғалыстағы спорт түрлеріне физиологиялық сипаттама

Тақырыптың өзектілігі. Адамның дене белсенділігінің маңыздылығы оның денесінің жетілуіне, денсаулығының жақсаруына, дамуына бағытталған, үйлесімді қызметінің жүйесін құрайды. Оның ең негізгі компаненті болып мақсатқа сай бағытталған қозғалыстарының негізі ретінде дене жаттығуларымен шұғылдануы болып табылады.
Қозғалыс ағзаның функционалдық және морфологиялық қамтамасыз етілуінің, сонымен қатар физиологиялық механизмін басқаратын негіз екенін ұмытпаған жөн.
Дене жаттығуларын орындау мақсаты - кез-келген дене сапаларын, қабілеттіліктерді дамытуға негізделген. Сонымен қоса ол адамның қозғалыс қабілетінің, денсаулығының жақсаруына, қозғалыс дағдыларын дұрыс орындауына, еңбек сүйгіштікке үйретуге және т.б. ең басты жеке және жалпы өнегелі сапаларын жетілдіруге бағытталған.
Кез-келген тіршілік иесі сияқты адам да қозғалысқа деген туа бітті қажеттілік бар. Қозғалыс белсенділігінің арқасында адамның жалпы көңіл-күйі, еңбекке деген қабілеті артады, онда өмірдің кез-келген қиындықтары мен ауру сырқауды оңай жеңу мүмкіндігі пайда болады. Адамның дене белсенділігі қаншалықты қарқынды болған сайын, оның денсаулығы соншалықты жақсара түседі. Адамның дене белсенділігі кардио-респераторлы жүйені нығайтып, жүрек қантамырлары мен тыныс алу мүшелерінің бейімделу мүмкіндігін жоғарлатады, ағзаның дене жүктемесіне қарсы тұруын қамтамасыз етеді, қан айналымы жақсарып, қоректік заттардың аэробты, анаэробты тотығуы жылдамдайды, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен бірге вегетативті жүйке жүйесінің тонусы көтеріледі, эндокринді жүйенің қызметтері жақсарады, гормондардың бөлінуі қалыпқа түседі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау

Зерттеудің өзектілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.
Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және Халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кезде Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс, спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері

Зерттеудің өзектілігі. Соңғы онжылдықта оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерi мен әдiстерi қарқынды түрде зерттелуде. Бұл бiр бiрiншi кезекте бiлiм дамуындағы объективтi үрдiспен байланысты оқитындардың санын үздiксiз көбейту және ғылыми-техникалық ақпарат көлемiнiң тез өсуi‚ сол сияқты оқу мерзiмдерiн қысқартумен байланысты. Айтылғандардың бәрi белгiлi мөлшерде дене шынықтыру жаттығуларын үйрету процесiне қатысты.
Спорттық шеберлiк деңгейi өскен көпшiлiк спорттың дамуын, дене шынықтыру жаттығуларын үйрету процесiнiң жаңа әдiстерi мен тәсiлдерiн iздеудi талап етедi. Жалпы және кәсiптiк бiлiм беру процесiн жетiлдiрудiң көп тараған бағыттарының бiрi бағдарламалық оқыту әдiсi болып табылады.
Оқытудың тиiмдiлiгi бағдарламаның сапасымен ғана емес‚ сонымен бiрге оның реализацияның әдiстерiмен де анықталатыны көпшiлiкке белгiлi.
Диплом жұмысы спортпен айналысушылардың жаттығуларды өз бетiнше жасауын жеңiлдететiн басқару жүйесi бар жеңiл атлетикалық жаттығуларды алғашқы оқыту әдiстемесiне тәрбиелеуге тұңғыш рет әрекет жасап отыр.
Диплом жұмысын талдағанда спортпен айналысуды ендi бастаған спортшылармен сабақ процесiнде тексерiлген педагогиканың‚ физиологияның‚ спорттық медицинаның қазiргi кездегi мәлiметтерi ескерiлдi. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық