Шығарманың жоспарын құру «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин
Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құрады.
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ат қояды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ұстаздарын ұлықтаған әр түлегін ұмытпаған білім ордасы


(Қазалы ауданы, Қожабақы ауылындағы №25 орта мектебі жайында жазылған)

№25 мектеп өзінің тарихындағы талай-талай тамаша ұстаздарымен мақтана алады. Олардың есімдері алдыңғы толқын шәкірттердің жадында көбірек сақталып қалуы - заңдылық. Себебі олар сол ұстаздардан дәріс алды, тәлімін көрді. Толқынды толқын қуады. Алдыңғы буын ұстаздардың біршамасының үлгісін көріп, күні кеше ғана №25 мектепте аға буын мұғалімдердің қатарын құрап жүрген бір топ ұстаздардың өздері де бұл күнде ардагер ұстаздардың сапын толықтырған еді. Бұл ұстаздардың қатарынан ең алғашқы болып сол кезде аға буын ұстаздардың алдында жүрген математика пәнінің мұғалімі, бір кезде өзі де осы мектепке басшылық жасаған Амангелді Есетовтің есімі аталады. Осы буын әрі қарай мына ұстаздармен жалғасқан еді: .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектептің түлегі елінің болашағы, мектебінің тарихы


"Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы-құрдастарым!
Мінеки, біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күрежолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт сапар тілеп қалар..."

Бұл - Қожабақы ауылындағы №25 мектептің бір кездегі 48-түлектерінің ауыл сахнасындағы өздерінің соңғы қоңырау салтанатында ұстаздары мен мектеп бітіруші құрбы-құрдастарына арнап сөйлеген сөзі еді. Сонан соң олар соңғы қоңырау жайлы өлең оқыды:

Ұғынды ма арлылығын, тәтті өмірдің нар жүгін,
Ақ бантикпен қоштасады қыз бала да дәл бүгін.
Бүр жарды ма кеудесінде асау сезім елім деп,
Адуындау ерке ұлдың да мұрты қапты тебіндеп... .....
Әңгімелер
Толық

Адамның жас кезеңдері

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте.
1 жастан 10 жасқа дейін – сәби.
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек.
1 жастан 3 жасқа дейін....
kz
Толық

Апелляциядан соң 125 балл алған түлек өз сырымен бөлісті (Видео)

Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназиясының түлегі Марат Әсия Жандосқызы апелляциядан кейін 125 балл нәтижемен шықты. Қазақ тіліне қатысты сұраққа байланысты орын алған түсініспеушілік туралы Массагет тілшісіне Әсияның өзі айтып берді.
kz
Толық