Түйеқұсқа: - Жүк артамын, ­ десе, – Мен құспын, ­ дептi. – Ұш, ­ десе, – Мен түйемiн, ­ дептi

Түйеқұстың тіл қатып сөйлей алмайтынын бәріміз білеміз. Мұндағы айтылмақ ой біздерге, адамдарға қатысты. Мойны еш жұмысқа жар
бермейтін, жалқау адамның сөзі де, сылтауы да көп болады емес пе? Кейде өзіміздің бойымыздан да жалқаулықты көреміз. Егер сол жалқаулық болмаса, біз қаншама істерді атқарар едік, талай биіктерге де көтеріліп қалар едік...
Келісесіз бе?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Түйе, нар

Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде...
Шығармалар
Толық

Төрт түлік мал (Жылқы, Түйе, Қой, Сиыр)

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.

Мал – баланың шашуы.

Мақал-мәтелдер
Толық

Ұлттық ойын: Түйе жарыс

Түйе жарыс
Түйе жарыс — халықтың ертеден келе жатқан спорт ойындарының бір түрі. Жарысқа қосылатын түйелері іріктеліп алынып, күн ілгері жаратылып, бапталады. Түйе жарысы да ат жарысына ұқсас ерекше бір спорт түрі. Түйе жарыс ат жарысына қарағанда неғұрлым қысқа қашықтықта өткізіледі. Дегенмен бабына келіп, әбден жараған түйелер кейбір, анау-мынау аттарға жеткізбейтін болған. Ондай түйелерді ертеде «желмая» деп те атаған. Түйе жарысқа негізінен жігіттер қатынасады. Жарысатын жердің қашықтығын жарысты ұйымдастырушылар, төрешілер белгілейді. Жарыс болатын жерге күн ілгері белгі қойылады, сол жерге дейін бір төреші ере барады. Жарыс төрешінің берген белгісі бойынша басталады. Озып келген түйешіге күн ілгері белгіленген сыйлық беріледі .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық