Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстарында жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері

Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстарында жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері
Сөйлеу тілі бұзылыстарының бірнеше түрлері бар. Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түзете қалыптастыру аспектісі балабақшаның арнайы топтарындағы тәрбиелеу оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Логопедиялық түзету педагогикалық әсер ету - балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге және де мектепте оқығандағы кездесетін қиындықтардың (сауат ашуға дайындық дисграфияның алдын алу, танымдық процестерін жетілдіру және мектепте оқуға тұлғаның дайындығын қамтамасыз ету) алдын алуға бағытталған.
Тіл кемістігі – балалар арасындағы кең тараған патологияның бірі болып саналады. Сондықтанда оларға кешенді көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік – сауықтыру шараларын ұйымдастырумен қатар арнайы педагогтар тарапынан біріккен түрде болғаны дұрыс. Қолданылатын әдіс - тәсілдер өте көп. Дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлері күнделікті жұмыста олар ретімен қолдануда. Бірақ заман үрдісіне сай жаңа технологияны қолдану бала зейінін шоғырландыруға, танымдық қабілетін арттыруға, тіпті ақыл – ойының дамуына тежеулік бар бала үшін де өте ыңғайлы, яғни жаңа компьютерлік технологияны қолдану жаңа заманның жаңа үлгідегі әдіс – тәсілдері деп айтуға болады. Қазіргі таңда логопедиялық тренажерлар «Дельфа – 142, 1» кеңінен қолдануда. Логопедиялық тренажер дыбыстан басталып, мәтінге дейін толықтырылған. Бұл тренажерларды қолдану арқылы төмендегі логопедиялық міндетттерді жүзеге асыруға болады:
• Тыныс алуды реттеу;
• Дауыс күшін жетілдіру;
• Дыбыстың мұрын асты айтылуын түзету;
• Дауысты, дауыссыз дыбыстарды түзету;
• Дыбыстық анализ және синтез;
• Лексико – грамматикалық құрылымын қалыптастыру;
• Байланыстырып сөйлеуін дамыту;
• Сөздік қорын жетілдіру .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Мінезімді түзеймін десеңіз

Қолыңызға қағаз бен қалам алып, тізім жазуға кірісіңіз. Бір жағына өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңізді, екінші жағына өзіңізге қажетті қасиеттерді тізіп жазыңыз.

Сіздің қандай негативті жақтарыңыз бар екен жақындарыңыз айтып бере алады. Бұл жолмен сіз өзіңізге сырт көзбен қарай аласыз. Жақындарыңыз сізге бар шындықты айтсын десеңіз, оларға ренжімей, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.

Тізіміңіз дайын болған соң, жағымсыз қасиеттеріңізді түзейтін амалдарды жазуға кірісіңіз. Мысалы, жалқаулықты қандай да бір белсенді әрекетпен, пессимизмді позитивті ойлармен, ашу-ызаны мейірімділік, ізгілікпен, батылсыздықты ойдағы нәрселерді іске асыруға әрекет жасаумен түзеу секілді тәсілдерді тізіп жазыңыз.

Мінезіңіздің өзгеруі өміріңізге қандай өзгерістер алып келетінін елестетіп көріңіз. Алайда, бұл әрекет оңай емес екенін ұмытпаңыз.

Кейде сырт келбетіңізді өзгерту мінезіңіздің өзгеруіне де септігін тигізеді, әсіресе, әйелдер қауымында.

Мінезіңізді түзеу үшін, ең алдымен, ішкі жан дүниеңіздегі, түйсігіңіздегі тұрақталып қалған қағидаларды өзгерту керек, себебі, онсыз мінезіңіз өзгерсе де қысқа мерзімге ғана жетеді.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Ел болам десең экраныңды түзе


Күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке болсын жеңілдеу мақсатында көпшілігіміз көк жәшіктің көріне қамалып қалатынымыз бар.Түрлі қызықты бағдарламалар мен телесериалдарды көргенде уақыттың қалай зымырап өткенін де аңғармай қаласың.Құдды есірткіге тәуелді адам құсап,теледидарға қалай тәуелді болып қалғанымызды өзімізде білмей жатамыз.Иә,қызығы қызық шығар.Әйтсе де,теледидар жаңалықтың жаршысы екендігін естен шығармағандығымыз абзал.Дүкеннен өзімізге керек затты алған секілді,көк жәшіктің тек пайдалы жағын ғана алуымыз қажет.Әйтпесе,қайдағы жоқ жарнамалар мен пайдасынан зияны көп бағдарламалар зығырданыңды қайнатады.Бүгінде теледидар бүкіл әлемнің,бүкіл адамзаттың күнделікті бір бөлігіне айналды.Кішкентай балақайлардан,еңкейген қартқа дейін теледидардан көз алмай қажетін тауып,тамашалайды.Әрбір үйдің төрінен ойып тұрып орын алатын көгілдір экранның бейнесі жарқ-жұрқ еткен сәулелерімен дүйім жұртты қызықтырары анық.Бірақ,сол қызыққа (құмар ойынға құмартқан ағаларымыз секілді) әйтеуір алып-ұшып құмартамызда тұрамыз.Ол не пәлекет десеңші!?

.....
Әңгімелер
Толық

Жақсы әйел жаман еркекті түзейді

Бұрынғы заманда Тәкір деген бір хан өзінің сүйікті уәзірін шақырып алып:

— Бүгін төбемнен бес қаз өтті, қаздың алдындағы біреуі артқы төртеуіне бір сөз айтты, сол сөзді тауып бер, егер таба алмасаң, өлтіремін! – дейді. Табуына үш күн кеңшілік беріпті. Үш күнде уәзір үлкен-кіші халайықтан сұраған екен, ешкім таба алмапты. Оны Тәкір ханның қызы біледі екен. Уәзір өзінің қызын жіберіп сұратады.

Ханның қызы айтады:

— Айтуға мен өзім де қорқамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың яғни ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері

Шығармашылық жаңа мүмкіндіктерді ашу, өз бетінше жұмыс жүргізу, өте жоғары психикалық белсенділік. Шығармашылыққа деген сұраныс кез келген бағытта дамиды. Шығармашылықтың деңгейі әр түрлі болады. Бірақ барлығы да жаңа нәрсенің тууына ашуылуына тікелей байланысты.
Шығармашылық арқылы ғылым мен өнер тіпті адам өмірінің негізі қалыптсақан. Дамыту шығармашылық бұл кездейсоқтық емес. Ол шынайы толыққанды адами.......
Баяндамалар
Толық

Президенттің конституцияға түзету енгізу жайлы бастамасы елімізде қызу талқылануда

Президенттің конституцияға түзету енгізу жайлы бастамасы елімізде қызу талқыланып жатыр. Біраз билігін парламент пен үкіметке теңдей бөлгісі келіп отырған Нұрсұлтан Назарбаев халықтың ұсыныстарын тыңдауға 30 күн уақыт бөлді деп хабарлайды КТК арнасы.
Жаңалықтар
Толық