Қыз балаға қамқорлық танытсаңыз...

Қыз баласын тәрбиелеп отырсыз ба? Ендеше, сіз ең бақытты жансыз!

Әз елшінің ﷺ қыз балаға қамқорлық таныту жайлы сөз қылған хадистері көңілге қанат бітіреді әрі естіген жан қыз балаға қамқор болуға асығады. Құдай Тағала қыз баланы үлкен сауапқа толы қазына әрі береке бастауы етіп жібереді. Егер сіз өзіңіздің қызыңызға мейірімділік, қамқорлық танытып, үнемі аялап әрі пайдалы білім берген....
Кеңестер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Ғасыр қасіреті Тірідей тозақ отына қақталғандар

Кешкі түгендеуден кейін рота командирі: «Ертең, яғни жексенбі күні театрға барамыз», –дей келіп рота старшинасына театрға баратын әр жауынгерден билетке қанша ақша алатынын айтып пысықтаған. Қойылым атауы «Куба, любовь моя!» екендігі оны сахналайтын Одаққа, тіпті әлемге белгілі Ленинградтың Опера және балет театры екенін еске салуды ұмытпаған.

Таңғы астан кейін театрға баруға әзірлік басталып кеткен еді. Әр жауынгер каптеркадағы парадтық киімдерін алып үтіктеп, түйме тағып, ақ жағасын ауыстырып, қарбалас үстінде. Қалтамдағы азғантай тиын- тебенім театрға билет алуға жетпейтінін байқаған мен кереуетімнің қасындағы тумбочканың жанында кітап оқып отырдым. Кенет аты-жөнімді атаған рота командирінің дауысын естіп, орнымнан апалақтап атып тұрдым. Ол маған: .....
Әңгімелер
Толық

Эдгар По | Тірідей жерленгендер

Жұрттың бәрін ынтықтыратын, әйтсе де әдебиеттің заңды игілігіне айналу үшін аса үрейлі тақырыптар бар. Егер оқушыларды жәбірлеп әлде шошытқысы келмесе, романшының әдетте одан аулақ жүргені абзал. Айдай ақиқаттығы алғаусыз болған жағдайда ғана бұл тақырыпқа қалам тартуға болады. Мәселен, Березинадан өту туралы, Лиссабондағы жер сілкіну жөнінде, Лондондағы оба жайында, Варфолемей түні немесе Калькуттаның Қара Апанында жүз жиырма үш тұтқынның қалай тұншығып өлгені жайлы оқығанда «қайғылы қасіреттен» жанымыз өксіді. Әйтсе де бұл жазылғандардың ақиқаттығы ғана, растығы ғана, шындығы ғана бізді толғандырады. Егер олар ойдан шығарылса, әрине біз жиіркеніштен басқа ештеңе сезінбеген болар едік.

Мен әлемге әйгілі, аса қайғылы оқиғалардың бірсыпырасын ғана атадым; олардың қисапсыз көптігі жан дүниеңді қасіретті мәнінен кем күйзелтпейді, адамдардың бақытсыздығы жөніндегі бұл ұзақ қаралы тізімнен көпке ортақ осы апаттың қай-қайсысынан болса да, әлдеқайда асып түсетін жан түршігер не сан қайғы-қасіретті оқиғаларды таба алатынымды оқушыларға айтып жатуымның қажеті бола қоймас. Шын қасіреттің, ауыр қайғының әмәнда жалқы болатыны, әсте қайталанбайтыны ақиқат. Ал қасіреттің уын басу адамзаттың емес, адам пешенесіне жазылған болса, ол үшін рақымы күшті жаратушы жаппар иеме ризалық білдіруіміз керек! .....
Әңгімелер
Толық

Ғасыр қасіреті. Тірідей тозақ отына қақталғандар...

Кешкі түгендеуден кейін рота командирі: «Ертең, яғни жексенбі күні театрға барамыз», –дей келіп рота старшинасына театрға баратын әр жауынгерден билетке қанша ақша алатынын айтып пысықтаған. Қойылым атауы «Куба, любовь моя!» екендігі оны сахналайтын Одаққа, тіпті әлемге белгілі Ленинградтың Опера және балет театры екенін еске салуды ұмытпаған.......
Шығармалар
Толық