Си тіліндегі бағдарламалау- мәліметтер құрылымын анықтау, тұтынушылар құрылымын қамтамасыз етеді. Ол бір атпен жинақталған топпен жұмыс істеуге ыңғайлы және бір немесе бірнеше обьектілердің жиынтығы болып табылады. Құрылым жұмыс бағдарламасының принциптерін түсінуді және жазуды жеңілдетеді, сонымен қатар қандай да бір жалпы түсінікпен біріктірілетін мәліметтерді жинақтауға көмектеседі ( мысалы, мәліметтер: аты/ фамилиясы/ туған жылы/ емтихан бағалары бойынша студент туралы мәліметтер құрылымын орналастыруға болады). Құрылым бір-бірімен өзара ауыспалы байланысқан көп жеке элементтер, сонымен қатар бір толық қолданылады. Массив тәріді, құрылым өзімен бірге мәліметтер жиынтығын ұсынады, бірақ одан айырмашылығы оның элементтерінің аты бойынша әр типті болуында. Құрылым қай жерде бір обьектіге қатысты түрлі мәліметтерді біріктіру үшін қолдану қажетті болып табылады. ....
Соның ішінде мезгіл пысықтауышқа берілетін анықтама әр оқулықта әр түрлі. Көбіне бұл анықтамаларды жинақтап берсек, оның негізгі мазмұны мынаған саяды. «Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? т.б. сұрауларға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздерден және тіркестерден негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болған пысықтауыштың бір түрін мезгіл пысықтауыш деп атаймыз», - дейді С. Исаев [16.42]. Сондықтан біз осы күнге дейін қалыптасып, әбден тұжырымдалған қағидалардан басқа грамматикалық заңдылықтар болмайтындай ыңғайда түсінер болсақ, онда тілдің тарихи-диалектикалық дамуын жасанды түрде мойындамаған болар едік. Жоғарыда тұжырымдалған ереже негізінен мезгіл пысықтауыштың мәні, атқаратын қызметі жан-жақты ашуға талпынған. Мезгіл пысықтауыш қимылдың, яғни белгінің мезгілін білдіреді. Бұл мезгіл қимыл болатын (ертең), болып жатқан (бүгін), болып кеткен (кеше) уақыттарға байланысты болады және қимылдың басталғанын білдіретін (қашаннан бері), созылатын уақыты түрінде (қашанға дейін) көрсетіледі дәл немесе болжалды (ертеңдері, 30-жылдары), қатысты, белгісіз (бір күндері), болымсыз түрінде көрсетіледі. Бұл мағыналық топтарына жеке-жеке тоқталамыз.
2. Мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары мен тұлғалары
Мезгіл пысықтауыштардың жасалу жолдары мыналар: 1. Мезгіл үстеулерден жасалады. Мысалы: Бай Жиреншенің бұрын атын естіп, бір көруге құмар болып жүр екен. (Ш.С.) Мал жазғытұры бір жұма, күзге қарай бір жұма ащылайды екен. (Ш.С.) Ертеде ол қыдырған саудагерлер қазақтан үш түйе алыпты. (Ш.С.) 2. Барыс және шығыс, жатыс септіктеріндегі зат есім мен заттанған басқа сөз таптарынан мезгіл пысықтауыш жасалады. Олар қашан? қашанға дейін? қашанға шейін? деген сұрауларға жауап береді. Мысалы: Биылғы жарыста бұл команда белестер биігінен көрінді. Кешегі әңгімеде ол ерекше мінез-құлқымен сезіктендірді. Кеңшілікте еркін отырып сөйлесерміз. Ол кеткеннен оралған жоқ. Кешеден үйде жоқ. Қараңғыда жолды әрең таптық. Көргеннен таныды. Барғасын келді. 3. Есімшелер жатыс септікте келіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Кейін ауылға қайтарда тап осындай сөнбейтін шам алып қайтуға серт еттім. Осы ренжумен айна қасынан кете алмай тұрғанда ту сыртымнан бақташының бишігі сарт ете түскендей болды. Келерінде Шегенді ерте кел. Кетерде сен маған ескерт. (Ғ.М.) 4. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт, мезет, шақ, күн т. б.) атау немесе жатыс септік формасында келіп, әрі алдына анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Сол кезде тұра келіп, біраз жер жүгіріп аласың. Бір кезде екі гранатаны құшақтай көтеріп алып, Семен қарғып сыртқа шықты. Мұндай уақыттарда кім өжет қимылдаса сол күшті. (Ғ.М.) 5. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер есімшелерден кейін, соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Күн бойы жол жүріп, шаршап келіп қатты ұйқыдан қатып қалыппын. Менің олақтығымнан үш күннен кейін қолға түсіп қалдық. Осы күнге дейін бағында жүретін қашанғы бала бола бересің? Ол сен келген соң кетті. (Ғ.М.) 6. Зат есім мен –а, -е, -й тұлғалы көсемшелер бастауыштық-баяндауыштық қатынаста келіп, үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы:Базаршылар ел орынға отыра қалаға кірді. Әрі артынан айқай, әрі ит қабырлаған ат құйрықты көтеріп елірген бойы оның ішіне қақпанына тұмсығы тірелгенше шапты. 7. –ғалы, -гелі формалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы: Мында келгелі тек қана осы жұмыспен айналыстым. Кеткелі хабарласқан жоқ. Бұдан бұрынғы, айлар бойы созылған соғыс бейнеті ұмытылып, бүгін майданға жаңа кіргелі жатқандаймыз. (Ғ.М.) ....
Аударма мәселелері шет тілдерден ана тіліне аудару, әсіресе егемендігімізді алғаннан кейінгі аз уақыт ішінде бірден бір маңызды салалардың бірі болып келе жатқаны рас. Шет тілдерден қазақ тіліне немесе керсінше, қазақ тілінен ағылшын тіліне тікелей аудару жөнінде жеткілікті мағлұматтар, құнды аудармалар жоқтың қасы. Қазіргі уақытта бұл мәселені теориялық және практикалық тұрғыда талдау өте қажетті болып отыр. Қай тілдің болмасын дүниетанымы мен мәдениеті тікелей байланысты. Мәдениет аралық қатынас мәселелері бірден-бір мәдениетіміз бен тіліміздің жедел қарқынмен дамуының арқасында аударма мәселесі негізі болып, бұл мәселелердің шешімін талап етеді. Жоғарыда атап көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады: 1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі эпитеттердің тіл білімінде зерттеген еңбектерге сараптама жасау. 2. Екі тілдегі эпиттердің стилистикалық құрылымдарын зерттеу. 3. Эпитетттің басқа стилистикалық тәсілдерін, әсіресе метафорадан айырмашылығын ашып көрсету. 4. Ағылшын және қазақ тілдаріндегі эпитеттердің жасалу жолдарын анықтау. 5. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің лингвомәдени аспектілерін ашу және аударма барысында аудармашыға жүктелетін міндеттерге талдау жасау. Ғылыми жұмыстың дәйектілігі ағылшын, қазақ эпитеттерінің лингвистикалық табиғатын анықтау, ағылшын, қазақ эпитеттерінің ұлттық және тілдік ерекшеліктерін зерттеу, екі тілдегі эпитеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра зерттеу осы жұмыстың дәйектілігін көрсетеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Екі тілде де эпитет бұрыннан қалыптасқан лингвистикалық құбылыс екеніне қарамастан, олардың ашылмаған қырлары, әсіресе лингвомәдени тұрғдан зерттелмеген. Мұның бір себебі лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық, мәдениет аралық байланыс лингвистиканың жаңа салалары болып есептелгендіктен ағылшын, қазақ эпитеттрін бірлікте қарастыру, әсіресе салғастырмалы жолмен талдау, сол кезде орын алатын қиыншылықтарды айқындау және олардың алдын алуға байланысты алғашқы жұмыс екендігінде. Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы - қортындылары бұрын соңды зерттеу нысаны болмаған, осыған орай, туыс емес екі тілдегі эпиттерден граматикалық құрылымдағы ұқсастықтар мен ерекшеліктері, эпитеттің жасалу негіздерінің лингвомәдени мәселелері жалпы тіл білімі, салғастырмалы және типологиялық зерттеудің теория негіздерін толықтыра түседі, сондай-ақ аударманы оқыту барысында жеке-дара бір аспект немесе аударма мәселелері төңірегінде жасалған қомақты еңбек болып табылады. Зерттеу жұмысының барысында тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер қамтылады. Олардың арасында лингвистикалық зерттеу жұмыстары, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттану 1 тұрғысында әдебиеттер мен ғылыми зерттеулер, тарихи зерттеулер, қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сөздікткр, әдеби шығармалар қарастырылады. Курстық жұмыстың І тарауында ағылшын тіліндегі эпитеттің жалпы стилистикада алатын орны, оның тілдік табиғаты, эпитеттердің басқа тәсілдерден ерекшелігі, жасалу жолдары мен классификациясына терең тоқталамыз. ІІ тарауында, керсінше қазақ тіліндегі эпитеттің қазақ стилистикасында алатын орны, тілдік табиғаты мен жасалу жолдарына, эпитеттердің классификациясына шолу жасаймыз. Ал бұл курстық жұмыстың ІІІ тарауында лингвомәдениеттану ғылымы, оның ерекшеліктері мен лиингвистикадағы рөліне, содан соң ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің салғастырмалы түрде зерттелуі мен олардың лингвомәдени мәселелеріне талдау жасаймыз. Сондай-ақ осы тараудың 3 бөлімінде эпитеттердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу тәсілдері және аударма барысында байқалатын негізгі тұстарға жеке-жеке тоқтала сипаттама жасаймыз.....
Бүгінде қала көшелеріндегі қате жарнамалардан көз сүрінеді. Мағынасыз аудармалар, әріптік қателер мен оңды-солды қойылған тыныс белгілері. Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып, дабыл қаққанымен, жарнамадағы қателер азаяр емес. Алматы қаласының тұрғыны ретінде ономастика туралы заңның талаптарына сай келмейтін, орфографиялық қателіктер жіберген түрлі жарнама билбордтарын күніне бірнешеуін көремін. Басым көпшілігінде жарнаманың қазақ тіліндегі нұсқасында қателіктер жиі кетіп жатады. Ономастика бойынша жаңа заңға жүгінсек, жарнамадағы....
Кіріспе «Аударма» деген түсініктің ауқымы өте кең. Бір тілден екінші тілге өлең, әр түрлі мазмұндағы көркем проза, ғылыми- көпшілік кітаптар, дипломатиялық құжаттар, іс- қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен сөздері, газет материалдары, әр тілде сөйлейтіндіктен аудармашыға жүгінуге мәжбүр болатын адамдардың сөздері т.б. аударылады. Аударманың мақсаты- түпнұсқа тілін білмейтін оқушыны немесе тыңдаушыны берілген текспен немесе ауызша айтылған сөздің мазмұнымен неұрлым жақынырақ таныстыру: бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. Сонымен қатар осы іс- әрекет арқылы алынған нәтиже, мәтін, туынды «аударма» деп аталады. Аударма тарихында түпнұсқаның бұрмалануы, ондағы ойдың көмескіленуі сияқты жағдайлар өте көп болған. Бұл әсіресе, көркем әдебиет пен қоғамдық- саяси еңбектерге қатысты. Көркем әдебиет стилінің әдебиеттің тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде көркем өнері: туындының эстетикалық функция, прагматикалық сипаты- баршасы тілді иеленуші халықтың рухани- мәдени ұлттық танымның мүддесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады. Көркем аудармаға екі түрлі талап қойылады; біріншіден, аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншіден, шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы.....
1 – тарау Перифраза туралы жалпы түсінік 1. 1 Перифраза туралы түсінік 1. 2 Перифразаның зерттелуі 1. 3 Перифраза фразеологизмнің қомақты салаларының бірі 2 - тарау Перифразаның құрылымдық типтері Есім перифразалар 2. 1 Ақын – жазушылар тіліндегі есім перифразалар 2. 2. Халық ауыз әдебиетіндегі есім перифразалар Етістікті перифразалар 2. 3 Ақын – жазушылар тіліндегі етістікті перифразалар 2. 4 Халық ауыз әдебиетіндегі етістікті перифразалар Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Анотация Зерттеу жұмысымның тақырыбы: Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты
Зерттеу жұмысымның мақсаты: Қазақ тіліндегі перифразалардың пайда болуы мен қалыптасуына барлау жасап оның құрамы мен басқа да тілдік құндылықтармен байланысын анықтау.
Гипотеза: Қазақ тілі ұлт болмысын танытатын бейнелі тіркестерге бай. Ұлттың ментальдық өрісінің ауқымы мен көркемдік ойлау қабаттарын және қазақ тілінің есепсіз тіл қуатының молдығын білу үшін ұлт тіліндегі көркем сөздерге жүгінген жөн. Халықпен бірге жасап келе жатқан эмоциялық мазмұны жоғары образды тіркестердің өміршеңдігін оның қолданысынан байқауға болады. Осындай образды көркем сөздердің қатарына перифразаларды да енгізуімізге әбден болады. Бірақ перифразалар жазба әдеби тілдің қатталған беттерінде қалып бара жатыр, ал бүгінгі ұрпақтың ауызекі сөйлеу тілінен жиі ұшырату қиын. Қазіргі қазақ ұлтының ой терең болғанымен тілі жұтаң. Ал жастар тілі қасаң тартып, қысқа қайрылатын сөздер мен тіркестерге ауысуда. Осындай қоладаныстан шығып бара жатқан құндылықтарымыз келешек ұрпақтарымызға жетпей қалуы мүмкін......
Қазіргі қазақ тіліндегі арабизмдердің күнделікті өмірде қолданылуы, сингорманизм заңына бағынбауы. Қазіргі қазақ әдеби тілінің қалыптасуы тереңнен бастау алғанымен, сөздік жасау тәжірибесінің жарты ғасырдан аса ғана тарихы бары белгілі. Сол тарихтың бойында түрлі ғылыми - практикалық мақсаттарға орай үлкенді – кішілі сөздіктер басылып шықты. Араб тілінен енген кірме сөздер негізінен есім сөздер болып келеді. Оларды бір - бірінен ажырата білу үшін сол тілдердің ерекшеліктерін айыра тани білу керек. Араб тілдерінің кейбір грамматикалық тұлғалары сөз жасаудың өнімді тәсілі ретінде қолданылады: араб тіліндегі и (- иййун) аффиксі тек араб тілінен енген кірме сөздердің құрамында ғана кездеспей, қазақ тілінің төл сөздеріне де жалғанған. Араб әліпбиі 28 әріптен, қазақ әліпбиі 42 әріптен тұрады. Араб әліпбиінде бас әріп жоқ және оларда сөз оңнан солға қарай жазылады (22 әріп төрт түрлі көріністе алты әріп екі көріністе жазылады). Араб тілінде әр әріптің үстіне немесе астына қойылған нүктелер оқу үшін үлкен рөл атқарады, себебі жазылу графикасы бірдей әріптер бір - бірінен тек нүктелерінің саны мен қойылуы орнына қарай ажыратылады. .....
Бәрі де «Шығанақтан» басталды... 9 сыныпта оқып жүрген кезде, біз қазақ әдебиетінде Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Оқулықта берілген «Шығанақтың» үзіндісін оқыдық. Шығарманы оқи отырып, автордың еңбек жолымен, шығармашылығымен жақынырақ таныссақ деген ой туды. Ғабиден Мұстафиннің шығармаларымен 11 сыныпта әлі де танысамыз, сол себепті шығармада кездесетін қазақ халқының халық ауыз әдебиетіне байланысты материал жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізсек деген ой туды. Жұмысты бастамас бұрын алдымызға мақсат қойдық: жазушының шығармашылығымен танысып, шығармадағы суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін зерттеу, таразылау. Жобамыздан күтілетін нәтиже: осы жобадағы материал сөздік қорының алтын қазына екенін нақты дәлелдей отырып, мектеп мұғалімдері сабақ барысында қосымша материал ретінде пайдалануы. .....
Қазіргі қазақ жастарының арасында қолданыста пайда болған жаргон сөздер мен компьютерлік терминдердің ана тіліндегі балама ұғымдағы сөздер Копировать ету – көшірмесін жасау Печатьтау – басып шығару Поискті қолдану – іздеу батырмасын қолдану Проводникті қолдану – бағыттаушыны қолдану Документ ашу – құжатты ашу Новая папка ашу – жаңа қапшық ашу Ярлыкты жою – таңбашаны жою Сохранить ету – сақтау Калькулятормен есептеу – Есептеуішпен есептеу Назадты басу – кері қайту Вставитьті басу – кірістіру Компьютерлік терминдер .....
Кіріспе Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері» Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту. Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды. Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.....