Өмірдің сыры махаббатпенен астасып, Қосылды жастар, бойдақ күн қалды қоштасып. Осынау күнге куә боп отыр ағайын, Мінеки, бүгін бақытын тапты қос ғашық!
Үйлену тойы, өмірде әлі сының бар, Осынау жолда біріңді....
Қазақ халқы мерейлі мерекені атап өтуді жөн санаған халық. Үлкенге ізетпен қарайтын дана халық ізгі-тілегін өлең жырлармен, әдемі сөздермен жеткізе білген. Дүбірлі той жасап, қонағын сыйлаған. Сондай мерейлі мерекеге арналған құттықтау-тілектерімізді ұсынамыз.
Егерде көп жыл бас қосқан (ағаш той-5 жыл, раушан той-10 жыл, хрусталь той-15 жыл, фарфор той-20 жыл, күміс той-25 жыл, інжу той-30 жыл, маржан той-35 жыл, лағыл той-40 жыл, алтын той-50 жыл,гаухар той-60 жыл, темір той-65 жыл, тас той-67,5 жыл, игілік той-70 жыл, тәж той-75 жыл) тойларына барып қалсаңыз, пайдасы тиер деген үміттеміз.
Әулетіміздің кішкентайын мектеп табалдырығын аттаған қуанышты күнімен құттықтаймыз. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабағың «4» пен «5»-ке оқуын тілейміз.
Ата-анаңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүрсін. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматы болып өсе берсін.