file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тілдер күні (Қазақстан тілімен егіз)

Мен бақыттымын... Себебі мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан! Туған елім – тірлігімнің айғағы.Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі.......
Шығармалар
Толық

Тілдер күні (Туған тілім - тірлігімнің айғағы)

Тілім менің тұрағым, мекен - жайым, тірлігім,
Тіл арқылы танытам туған елдің ірілігін.
Тілім менің паш етер, қайта оралған шағында,
Қазағымның Елдігін, Тұтастығын, Бірлігін.
Ілияс Құрмаш

Туған тілім - асыл анамның әсем үнімен бойыма сіңген ана тілім. Әр адам өз анасын қалай қадірлеп сыйласа, туған тілін де солай құрметтеп, сүйе білуі керек деп ойлаймын.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп.....
Шығармалар
Толық

Тілдер күні (Ана тілің – арың бұл)

I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Қазақ тілін 40 жыл зерттеген профессор шала қазақтарды сынамауға шақырды

АҚШ-тағы Индиана университеті Орталық Еуразияны зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман 40 жыл бойы қазақ және өзбек тілдерін зерттей келе «шала қазақтарды» сынауға болмайды деген тұжырым жасады.

Бұл туралы «Мой городқа» сілтеме жасап, NUR.KZ хабарлады.

«Мен «шала қазақтар» деген ұғымнан хабардармын. Менің бірнеше «шала қазақ» достарым бар. Олар өз тілінде сөйлеуге тырысқан сайын, айналасындағылар саусағын шошайтып, сынға ала бастайды. Олар тығырыққа тірелген. Бір шетінен өз тілдерін үйренгісі келеді, екінші шетінен сол үшін көпшіліктің мазағына қалады. Ал мен, Америкадан келген профессор, қазақша қате сөйлеп бастасам, шала қазақ емес, керісінше, қазақша сайраған адам болып шығамын. Олай болмауы керек», — деп ағынан жарылды Фиерман сұхбатында.

Уильямның ойынша, мұндай «шала қазақтардың» қалыптасуына КСРО кезіндегі саяси қуғын-сүргін мен қазақ тілінің үш рет жазу емлесін ауыстыруы себеп болған.

«Репрессия — орыстандыру саясатының бір бөлігі болды. Бұдан бірінші кезекте....
Жаңалықтар
Толық

Google Translate машинасын қазақша сөйлетуге әрбір қазақ үлес қоса алады

Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі брифингі Google Translate+Kazakh жобасына арналды.


Google Translate – бұл Google компаниясына тиесілі ең танымал тегін машина-аудармашы. Бұл аударма құралын күніне 200 млн. адам пайдаланып, 1 миллиардтан астам аударма жасайды.


Аталмыш сервис 2001 жылы іске қосылды. Осы уақыт аралығында бұл бағдарлама 81 тілді қамтыды, соның ішінде екеуі түркі тілдері: әзірбайжан және түрік тілдері. 2 жыл бұрын Google Translate-ке қазақ тілін қосу жұмыстары басталып.....

kz
Толық